Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдарында
оқитындардың жекелеген санаттарына мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен
төлеудің тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы N 1903 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 54, 538-құжат) мынадай толықтыру
енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген
Мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқитындардың жекелеген санаттарына
мемлекеттік стипендияларды тағайындау мен төлеудің тәртібі туралы
нұсқаулықта:
11-тармақ "дәрігердің" деген
сөзден кейін "мамандығы бойынша 3 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс стажымен" деген
сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі