Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 17 ақпандағы N 249 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 3 шілде N 718.
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 21, 226-құжат.
Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан жастары" бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 2001 жылғы 17 ақпандағы N 249 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., N 7, 74-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
көрсетілген қаулымен бекiтiлген
"Қазақстан жастары" бағдарламасында:
"Қазақстан жастары" бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар
жоспарында:
"Жастармен әлеуметтiк жұмыс" деген 5-бөлімде:
"Жасөспiрімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу"
деген 5.1-тарауда:
реттiк нөмiрi 5.1.2-жолда:
2-бағанда "мекемелері туралы ереже жобасын" деген сөздер
"мекемелерінiң қызметiн ұйымдастыру туралы ереже жобасын" деген
сөздермен ауыстырылсын;
3-бағанда "Қазақстан Республикасы Yкiметінiң қаулысы" деген сөздер
"Бiрлескен бұйрық" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-бағанда "2001 жылдың маусымы" деген сөздер "2002 жылдың
маусымы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі