Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау
бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі комиссия құру туралы



Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2002 жылғы 8 шілде N 738


Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар
әзірлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мына құрамда комиссия құрылсын:

Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, комиссияның төрағасы

 

 

Андрющенко Александр Иванович

- Қазақстан Республикасының Экономика және сауда бірінші вице-министрі

 

 

Ахметов Мизами Мұстахымұлы

- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің доценті

 

 

Дәукеев Серікбек Жүсіпбекұлы

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті

 

 

Жалыбин Сергей Михайлович

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

 

Жақыпбаев Қайрат Төлегенұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Заңнама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

 

 

Жұмабаев Ермек Жианшаұлы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

 

 

Жұмабеков Оңалсын Исламұлы

- Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

 

 

Ким Георгий Владимирович

- Қазақстан Республикасының
Әділет министрі;

 

 

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы

- Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі

 

 

Котлов Андрей Николаевич

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары

 

 

Котов Анатолий Константинович

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі (келісім бойынша)

 

 

Коржова Наталья Артемовна

- Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

 

 

Нұрғалиева Еңлік Нұрғалиқызы

- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты құқықтық сараптама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)

 

 

Сапарғалиев Ғайрат Сапарғалиұлы

- Қазақ академиялық университетінің кафедра меңгерушісі (келісім бойынша)

 

 

Ушуров Игорь Арлиевич

- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі

2. Комиссия Қазақстан Республикасы заңдарының жиынтығын жасау бойынша ұсыныстар әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне табыс етсін.

3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі комиссияның жұмыс органы болып белгіленсін.

4. Комиссияға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттік органдарының мамандарын белгіленген тәртіппен тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты сұратуға рұқсат етілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі