Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 шілде N 793.

Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 242-құжат


      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 қаңтардағы N 131 қаулысы;
      2) "Қазақстан Республикасының Уақыт және эталондық жиiлiктер жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясы туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 7 тамыздағы N 1208 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 34, 412-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 қаңтардағы N 131 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 10 қарашадағы N 1434    қаулысы.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі