Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгінің мониторингiне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 5 тамыз N 872


"Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы жекешелендірілген ұйымдарды басқару тиiмдiлiгiнің мониторингi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 3 мамырдағы N 491 қаулысына сәйкес экономикалық қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын жекешелендiрiлген ұйымдардың тізбесi бекiтiлсiн.

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 5 тамыздағы
N 872 қаулысымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы экономикасының стратегиялық салаларындағы басқару тиiмдiлiгiнiң мониторингіне жататын жекешелендірілген ұйымдардың тізбесі

Р/с N

Кәсiпорындардың атауы

Аймақ, облыс

Мемлекеттік пакет, %

Кен-металлургия саласы

1.

"Қазақстан алюминий"ААҚ

Павлодар

31,76

2.

"Испат-Қармет"ААҚ

Қарағанды

-

3.

"Қазхром" ТҰК

Ақтөбе

31,37

4.

"Қазақмыс" корпорациясы

Қарағанды

24,66

5.

"Соколов-Сарыбай КБӨБ"ААҚ

Қостанай

39,5

6.

"Өскемен титан-магний комбинаты"ААҚ

Шығыс Қазақстан

15,5

7.

"Богатырь Аксесс Көмір" ЖШС

Павлодар

-

8.

"Шұбаркөл разрезі"ААҚ

Қарағанды

-

9.

"Қазмырыш"ААҚ

Шығыс Қазақстан

27,64

Мұнай-газ саласы

10.

"Маңғыстаумұнайгаз"ААҚ

Маңғыстау

-

11.

Харрикейн Құмкөл Мұнай ("Оңтүстікмұнайгаз" МАҚ)

Қызылорда

-

12.

"Шымкентмұнайоргсинтез"ААҚ

Оңтүстік Қазақстан

-

13.

"Қаражанбасмұнай"ААҚ

Маңғыстау

-

14.

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз"ААҚ

Ақтөбе

25,12

Энергетика саласы

15.

"AES Екібастұз" ЖШСМ (ГРЭС-1)

Павлодар

-

16.

"Еуразия энергетика корпорациясы"ААҚ

Павлодар

25,18

Көлік-коммуникация саласы

17.

"Қазақтелеком"ААҚ

Алматы қаласы

50

Машина жасау саласы

18.

"Алматы ауыр машина жасау зауыты"ААҚ

Алматы қаласы

31,9