Атырау қаласының бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметiнің қаулысы 2002 жылғы 6 тамыз N 880
"Қазақстан
Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Атырау қаласының кешендi
дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Атырау қаласының бас жоспары бекiтiлсiн.
2. "Гурьев қаласының түзетiлген бас жоспарын және оның негiзгi ережелерiн
бекiту туралы" Қазақ KCP Министрлер Кеңесiнiң 1974 жылғы 12 ақпандағы N 64
қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі