Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмдi және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында Қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi келiсiмдi орындау жөнiнде Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасында өзара iс-қимыл қағидаттары мен тәртiбi туралы хаттама жасасу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 6 тамыз N 882
Қазақстан Республикасының Yкiметi
қаулы етеді:
1. қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы
шекара ауданында әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26
сәуiрдегi келiсiмдi және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы
шекара ауданындағы қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24
сәуiрдегi келiсiмдi орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз
Республикасының Yкiметі, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан
Республикасының Yкiметi арасындағы өзара iс-қимыл қағидаттары мен тәртібі
туралы хаттаманың жобасы (бұдан әрі - Хаттама) мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы - Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрi Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев келiссөздер жүргiзсiн және
уағдаластыққа қол жеткiзiлгеннен кейiн қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен
толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі
атынан Хаттаманы жасассын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 6 тамыздағы
N 882 қаyлысымен мақұлданған
ЖОБА
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмдi және Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi келiсiмдi орындау жөнiндегi Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Yкiметi, Ресей Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi арасындағы өзара iс-қимыл қағидаттары мен тәртібі туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын
Қазақстан Республикасының Yкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi, Ресей
Федерациясының Yкiметi және Тәжiкстан Республикасының Yкiметi, бұдан әрі 1996
жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiм деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз
Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық
Республикасы арасындағы шекара ауданындағы әскери саладағы сенiмдiлiктi нығайту
туралы 1996 жылғы 26 сәуiрдегi келiсiмдi және бұдан әрі 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
Келiсiм деп аталатын Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы
шекара ауданында қарулы күштердi өзара қысқарту туралы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
келiсiмдi орындау мақсатында төмендегiлер туралы келiстi:
1-бап
1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмдi және
1997 жылғы 24 сәуiрдегі Келiсiмдi орындауға жәрдемдесу үшін Тараптар 1996 жылғы
26 сәуiрдегi Келiсiмнiң және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң кiрiспелерiнде
аталған, 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң10-бабында қалыптастыру көзделген
Бiрлескен бақылау тобында Бiрлескен Тараптың делегациясын қалыптастырады.
2-бап
Бiрлескен Тарап делегациясын
қалыптастыру мен оның қызметi Бiрлескен бақылау тобындағы Бiрлескен Тарап
делегациясының қызметi мен ақпарат алмасу тәртібі туралы ережемен (осы
Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын 1-қосымша) айқындалады.
3-бап
1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнiң
және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру және сақтау
мақсатында Тараптар уәкiлеттi органдар арқылы Бiрлескен бақылау тобындағы
Бiрлескен Тарап делегациясының қызметi мен ақпарат алмасу тәртібі туралы
ережеге және инспекциялық қызметтi ұйымдастыру кезiнде Тараптардың өзара
iс-қимыл тәртібі туралы ережеге (осы Хаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын
2-қосымша) сәйкес ақпарат алмасуды, жоспарлауды, инспекциялық және қадағалау
қызметiн жүргiзудi ұйымдастыруда өзара iс-қимылын тәртіпке келтiредi және
жүзеге асырады.
4-бап
Ресей Тарабы Ресей Федерациясының
Ядролық қатердi азайту жөнiндегi ұлттық орталығы (ЯҚАҰО) арқылы 1996 жылғы 26
сәуiрдегi Келiсiммен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiммен айқындалған
Бiрлескен Тараптың ақпаратын даярлау және Қытай Халық Республикасына беру,
хабарламалар мен тиiстi мәлiметтердi беру жөнiндегi, сондай-ақ инспекциялық
қызметтi жоспарлау және ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi үйлестiредi.
5-бап
Бiрлескен Тарап делегациясының
қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi, сондай-ақ инспекциялық қызметтi жүзеге асыру
жөнiндегi шығыстар тәртібі 1 және 2-қосымшаларда айқындалады.
6-бап
Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiруге
қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара
консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
7-бап
Осы Хаттама 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
Келiсiмнiң қолданысы кезеңiне жасалды.
8-бап
Осы Хаттама Тараптардың оның күшіне
енуi үшін қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы депозитарийге
соңғы жазбаша хабарлама жiберген күнiнен бастап күшіне енедi.
Осы Хаттамаға Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлуi мүмкiн.
2002 ж. "___" "__________" __________ қаласында орыс
тiлiнде бiр түпнұсқа данада жасалды.
Түпнұсқа данасы Ресей Федерациясының Yкiметiнде сақталады, ол осы Хаттаманың
әрбiр Тарабына оның куәландырылған көшiрмесiн жiбередi.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
ТӘЖІКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI YШIН
Жоба
1-қосымша
Бiрлескен
бақылау тобындағы Бiрлескен Тарап делегациясының қызмет тәртібі мен ақпарат
алмасу туралы
ЕРЕЖЕ
Ережелерге сәйкес және Бiрлескен Тарапты құрайтын Қазақстан Республикасының,
Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжiкстан Республикасының
Yкiметтерi (бұдан әрі - Тараптар) 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмдi және 1997
жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмдi жүзеге асыру үшін 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
Келiсiмнiң 10-бабында көзделген Бiрлескен бақылау тобындағы (бұдан әрі - ББТ)
Бiрлескен Тарап делегациясының қызметiн реттейтiн ережелер туралы келiстi.
1-тарау. Бiрлескен Тарап делегациясының құрамы
1. ББТ-дағы Бiрлескен Тарап
делегациясының құрамына Тараптар уәкiлеттiк берген лауазымды тұлғалар
енгiзiледi.
2. Сессияларда әрбiр Тарап өз уәкiлеттi лауазымды тұлғаларымен, сондай-ақ
кеңесшiлерiмен және сарапшыларымен ұсынылуға құқығы бар.
3. Тараптардың арасындағы келiсiм бойынша Бiрлескен Тарап делегациясының
басшысы екi жылдық кезеңге тағайындалады.
2-тарау. ББТ-ның сессиясына дайындық
1. Бiрлескен Тарап делегациясы, егер
Тараптар өзге туралы уағдаласпаса, жылына төрт рет жұмыс мәжiлiсiн өткiзедi.
Мәжiлiстерде ББТ сессиясының күн тәртібі жөнiндегi Бiрлескен Тараптың
ұсыныстары, сондай-ақ қарауға енгiзiлетiн мәселелер бойынша ұстанымдар
келiсiледi. Қажет болған жағдайда, кейiннен Бiрлескен Тарап атынан ББТ-ның
сессиясына ұсынылатын құжаттар әзiрленедi.
2. Жұмыс мәжiлiстерiндегi барлық шешiмдер қатысушылар консенсусы негiзiнде
қабылданады. Осындай шешiмдер әрбiр жұмыс мәжiлiсiнiң қорытындысы бойынша
жасалатын хаттамалық жазбаларда тiркеледi.
Хаттамалық жазбаларға Тараптар уәкiлеттiк берген лауазымды тұлғалар қол қояды.
3. Тараптар алдын ала, бiрақ ББТ-ның кезектi сессиясы басталғанға дейiн 15
күннен кешiктiрмей және ББТ-ның кезектен тыс сессиясы басталғанға дейiн 10
күннен кешiктiрмей, Бiрлескен Тарап делегациясының басшысына Бiрлескен Тарап
делегациясындағы өз өкiлдерiнiң құрамын хабарлайды.
4. ББТ сессияларында Бірлескен Тарап делегациясы алдын ала келiсiлген ұстанымға
сәйкес әрекет етедi.
Егер қандай да бiр Тараптың уәкiлеттi лауазымды тұлғасы жеке өтiнiш жасау қажет
деп санаса, ол алдын ала ол туралы Бiрлескен Тарап басшысын хабардар етедi және
өтiнiште Бiрлескен Тараптың пiкiрiн емес, тек өз мемлекетiнiң көзқарасын
бiлдiретiнiн арнайы атап көрсетедi.
5. Мәжiлiстер Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттер аумағында кезек-кезек
өткiзiледi. Өз өкiлдерiн iссапарға жiберу жөнiндегi шығыстарды жiберушi Тарап
көтередi. Қабылдаушы Тарап мәжiлiс өткiзу үшін үй-жай бередi және оған
қатысушыларды көлiкпен қамтамасыз етедi. Мәжiлiсте қабылдаушы Тараптың өкiлi
төрағалық етедi.
6. Мәжiлiстiң жұмыс тiлi орыс тiлi болып табылады. Мәжiлiс жұмысының нысаны
пленарлық Мәжiлiстер, шағын құрамдағы кездесулер мен жұмыс топтарының
Мәжiлiстерi болып табылады.
7. Тараптардың әрқайсысы осындай ұсыныстың себептерiн көрсете отырып, кезектен
тыс Мәжiлiс шақыруды ұсынуы мүмкiн. Бұл жағдайда Мәжiлiс ұсыныс берушi Тарап
мемлекетiнiң аумағында сұрау салу түскеннен кейiн 15 күннен кешiктiрмей
өткiзiледi.
8. Тараптардың әрқайсысы Мәжiлiстiң күн тәртібіне осы Хаттаманың мақсатына
қатысты кез келген мөселенi енгiзе алады.
9. Мәжiлiстерде Тараптардың өкiлдерi бiр-бiрiн 1996 жылғы 26 сәуiрдегi
Келiсiмдi және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмдi орындау барысы туралы,
өткiзiлген инспекциялар қорытындылары туралы және осы Хаттамаға қатысты басқа
да мәселелер жөнiнде хабардар етедi.
10. ББТ-ның сессиясында қабылданған нақты мәселелердi қарау үшін ББТ құруы
мүмкiн жұмыс топтарының құрамына Бiрлескен Тараптардың барлық қатысушы
мемлекеттерiнiң өкiлдерi енедi.
Жұмыс топтарының жетекшiлерi Бiрлескен Тарап делегациясының Мәжiлiсiнде
тағайындалады.
3-тарау. Ақпарат
1. Қазақстан Республикасының, Қырғыз
Республикасының және Тәжiкстан Республикасының уәкiлеттi органдары 1997 жылғы
24 сәуiрдегi Келiсiмге Ақпарат алмасу туралы хаттамада көзделген ақпаратты
жинайды және оны Ресей Федерациясының ЯҚАҰО-на беру үшін Ресей Федерациясының
Сыртқы iстер министрлiгiне жiбередi.
ЯҚАҰО Ресей Федерациясының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы Бiрлескен Тараптан
жинақталған ақпаратты Қытай Халық Республикасына жiбередi.
2. Ақпарат беру кестесi:
а) келесi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әр жылдың 15 қарашасына дейiн 1997
жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге ақпарат алмасу туралы хаттамаға сәйкес ақпарат
берiледi;
б) 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiммен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiммен
айқындалған ақпарат пен хабарламалар оларды Қытай Халық Республикасына беру
мерзiмiне 10 күн қалғанда ЯҚАҰО-ға берiледi.
3. Ресей Тарабы 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге аталған ақпарат алмасу туралы
хаттамада көзделген, Қытай Халық Республикасынан алынған ақпаратты жетi күн
мерзiмде Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжiкстан
Республикасының Сыртқы iстер министрлiктерiне жiбередi.
4-тарау. Құпиялылық
1. Тараптар 1996 жылғы 26 сәуiрдегi
Келiсiмге және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге сәйкес беретiн және осы
Ереженiң 2-тарауында көзделген Мәжiлiстер барысында, сондай-ақ ББТ-ның
сессиялары барысында алатын барлық ақпарат құпия болып табылады. Тараптардың
бiр де бipeyi осындай ақпаратты жария етпейдi.
2. Бұқаралық ақпарат құралдары үшін осындай хабарлардың мазмұны сияқты тең
хабарлар туралы шешiм, сондай-ақ 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмге және 1997
жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге қатысты Қытай Халық Республикасына немесе тағы
бiреуге ақпарат беру туралы шешiм консенсус негiзiнде қабылданады.
3. 1996 жылғы 26 сәуiрдегi Келiсiмнен және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнен
шыққан кез келген Тарап осы тараудың 1 және 2-тармақтары бойынша
мiндеттемелерiмен байланысты болып қала бередi. Бұл мiндеттемелер 1996 жылғы 26
сәуiрдегi Келiсiмнiң және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң қолданысы
тоқтатылған жағдайда да күшінде қалады.
ЖОБА
2-қосымша
Инспекциялық
қызметтi ұйымдастыру кезiндегi Тараптардың өзара iс-қимыл тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 1997 жылғы 24 сәуiрдегi
Келiсiмнiң (бұдан әрі - Келiсiм) ережелерiне сәйкес инспекциялық қызметтi
жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсаттары үшін жасалды.
2. Келiсімнiң орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін Тараптардың өкiлдерi
Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiндегi Шығыс және Батыс учаскелерiнде
өткiзiлетiн инспекцияға қатысуға құқығы бар.
3. Осындай инспекциялардың мақсаты: Шығыс және Батыс учаскелерi үшін
белгiленген сандық шектеулердiң сақталуын бақылау;
1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң қысқарту тәртібі туралы хаттамасына сәйкес
Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiндегi қысқарту орындарында қару-жарақ пен
әскери техниканы қысқарту процесiн бақылау болып табылады.
4. Бiрлескен инспекциялық қызметтi жоспарлауды, дайындығын ұйымдастыруды,
өткiзудi және қорытындыларын жинақтауды инспекция (бұдан әрі - инспекциялайтын
мемлекет) өткiзiлетiн Қытай Халық Республикасы аумағының учаскесiне шектес
Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттiң уөкiлеттi органы жүзеге асырады.
5. Қытай Халық Республикасының аумағында инспекцияны ұйымдастыруды мыналар:
Шығыс учаскесiнде - Ресей Федерациясының уәкiлеттi органы;
Батыс учаскесiнде - Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей
Федерациясы мен Тәжiкстан Республикасының уәкiлеттi органдары жүзеге асырады.
6. Квоталарды жоспарлау және бөлу жөнiндегi ұсыныстарды, өзара жұмыс iстеу
нәтижелерiн, инспекцияны дайындау және өткiзу кезiнде жұмыс тәжiрибесiмен
алмасуды талдау мен жинақтауды ЯҚАҰО жүзеге асырады.
2-тарау. Бiрлескен инспекциялық қызметтi жоспарлау
1. 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмнiң
орындалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін ЯҚАҰО ағымдағы жылы әрбiр учаскеде
жылына 2 инспекциядан асырмау есебiмен Бақылау және тексерулер туралы
хаттаманың ережелерiне сәйкес Келiсiмдi қолданудың географиялық шегiнде Қытай
Халық Республикасының аумағындағы Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметi
жоспарының жобасын әзiрлейдi.
2. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметi жоспарының жобасы Тараптардың
ұсыныстаpы негiзiнде жасалады және ББТ-ның сессиясында келiсiледi.
3. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметiнiң жоспары мыналарды қамтиды:
инспекциялайтын және инспекцияланатын мемлекеттердiң атауын;
өткiзiлетiн инспекциялардың түрiн;
инспекцияға жататын бақылау объектiлерiн;
инспекциялар өткiзу мерзiмдерiн;
инспекциялық топтар олар арқылы келетiн/кететiн, кiру/шығу пункттерiн.
3-тарау. Бiрлескен инспекция өткiзуге дайындау
1. Бiрлескен Тараптың инспекциялық
қызметiнiң жоспары негiзiнде Бiрлескен Тараптың инспекциясын өткiзу басталғанға
дейiнгi 40 күннен кешiктiрмей инспекциялық топ құрылады.
2. Бiрлескен Тараптың инспекциялық қызметiнiң жоспарына сәйкес инспекциялайтын
мемлекет инспекцияны өткiзу басталғанға дейiн 25 күннен кешiктiрмей ЯҚАҰО-ға
оны кейiннен Қытай Халық Республикасына беру үшін хабарлама ұсынады.
3. Инспекциялық топтың жетекшiсi мен оның орынбасары инспекциялайтын
мемлекеттiң өкiлдерi болып табылады.
4. Шығыс учаскесiндегі инспекциялық топтың құрамына мыналар кiредi:
инспекциялық топтың жетекшiсi - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Ресей
Федерациясының өкiлi);
инспекциялық топ жетекшiсiнiң орынбасары - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң-
Ресей Федерациясының өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Ресей Федерациясының өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Ресей Федерациясының өкiлi);
инспектор-аудармашы (инспекциялайтын мемлекеттiң- Ресей Федерациясының өкiлi).
5. Батыс учаскесiндегi инспекциялық топтың құрамына мыналар кiредi:
инспекциялық топтың жетекшiсi - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Қазақстан
Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының
өкiлi);
инспекциялық топ жетекшiсiнiң орынбасары - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң-
Қазақстан Республикасының немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан
Республикасының өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (шақырылған Тараптың өкiлi);
инспектор - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Қазақстан Республикасыныңнемесе
Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi);
инспектор-аудармашы - 1 (инспекциялайтын мемлекеттiң- Қазақстан Республикасының
немесе Қырғыз Республикасының немесе Тәжiкстан Республикасының өкiлi).
6. Инспекцияға шығу алдында инспекциялық топтың дайындығын инспекциялайтын
мемлекеттiң уәкiлеттi органы жүргiзедi.
Инспекциялық топтың құрамына енгiзiлген инспекторлармен сабаққа мынадай
мәселелер енгiзiледi:
Келiсiмнiң негiзгi ережелерi;
инспекторлар қызметiн регламенттейтiн 1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге Бақылау
және тексерулер туралы хаттаманың негiзгi ережелерi;
инспекция өткiзу жоспары, мақсаттары және мiндеттерi;
уақытша нормативтер, инспекция өткiзуге арналған есептi уақыт;
инспекция өткiзудiң ерекшелiктерi;
инспекциялық топ мүшелерiнiң мiндеттерiн бөлу, кiшi топтарды құру;
бақылау объектiлерiндегi және Келiсiмнiң қолданылу аясына кiретiн қару-жарақ
пен әскери техниканың ерекше белгiлерi;
инспекциялық аппаратура және онымен жұмыс iстеу ережесi;
инспекция өткiзу процесiнде инспекциялық топты көшiру үшін ықтимал көлiк
құралдары және топ мүшелерiн олар бойынша бөлу тәртібі;
қауiпсiздiк мәселелерi және Қытай Халық Республикасында инспекторлардың
жүрiп-тұру ережелерi;
Қытай Халық Республикасы, оның мәдениетi мен әдет-ғұрпы туралы мәлiметтер.
7. Инспекция алдындағы бiр аптаның iшiнде ұзақтығы 1-2 күнде инспекциялық топты
дайындауды ұйымдастырады.
8. Инспекцияларға қатысу үшін шақырылған Бірлескен Тараптың басқа қатысушы
мемлекеттерiнiң өкiлдерi сабақ өткiзу алдында келедi.
9. Шақырылған Тарап өз инспекторларының шақыруда көрсетiлген жиын пунктіне және
керi қайту жолына байланысты барлық шығыстарды, сондай-ақ шақырылған
инспекторлардың инспекциялайтын мемлекет және Қытай Халық Республикасы аумағына
келуiмен байланысты iссапар шығыстарын өзi көтередi.
Бiрлескен Тараптың шақырылған инспекторларының инспекция өткiзу үшін Қытай
Халық Республикасына бару алдындағы жиын пунктi: Алматы, Бiшкек, Мәскеу және
Душанбе қалалары болып табылады. Жиын пункттерi ББТ сессиясының шешiмiмен
анықталуы мүмкін.
10. Қытай Халық Республикасының аумағында инспекция өткiзу кезiнде инспекциялық
топ Келiсiмнiң ережелерiн және инспекциялық топ жетекшiсiнiң нұсқауларын
басшылыққа алады.
11. Инспекция аяқталғаннан кейiн инспекциялық топтың жетекшiсi инспекция туралы
есеп жасайды және қажет болған кезде барлық түсiнiксiз мәселелердi
түсiндiрмелерде көрсетедi.
12. Инспекциялық топтың жетекшiсi Бiрлескен Тараптың ресми тұлғасы болып
табылады және шешiм қабылдауға, Қытай Халық Республикасының өкiлдерiмен
байланыс жасауға құқығы бар және инспекция туралы есептерге қол қоюға құқылы.
Инспекцияланатын Тарап мемлекетiнiң аумағында барлық болу кезеңiнде жетекшi
инспекциялық топтың барлық мүшелерi үшін тiкелей бастық болып табылады.
13. Инспектор инспекция барысында мыналарға мiндеттi: Келiсiмнiң ережелерiн
бiлуге және практикада дұрыс қолдануға, инспекцияның мақсатын, мiндеттерi мен
өткiзу тәртібін нақты түсiнуге; бақылау объектiлерiндегi қару-жарақ пен әскери
техниканың1997 жылғы 24 сәуiрдегi Келiсiмге ақпарат алмасу туралы хаттамаға
сәйкес берiлген мәлiметтермен сәйкестiгiн тексеруге;
инспекциялық қызмет мәселелерiне қатысты алынған ақпаратты жария етпеуге;
аппаратураны, инспекция барысында жасалған материалдарды және жазбалар бар
құжаттарды қараусыз қалдырмауға;
Қытай Халық Республикасының заңдары мен ұлттық дәстүрлерiн сыйлауға;
инспекцияланатын мемлекеттiң iшкi iстерiне араласпауға, инспекция орындарында
белгiленген қауiпсiздiк шаралары мен ережелерiн сақтауға, объект жұмысындағы
кедергiлердi немесе кiдiрiстердi, сондай-ақ оның қауiпсiз жұмыс iстеуiн
қозғайтын iс-қимылдарды болдырмауға.
14. Инспекция өткiзу барысында мыналарға тыйым салынады: инспекциялық топтың
жетекшiсiмен келiсiлмеген iс-қимылдарды орындауға; өзiмен бiрге инспекциялық
қызметке қатысы жоқ қандай да бiр құжаттарды, аппаратураны және басқа да
мүлiктi алуға; белгiленген киiм нысанын бұзуға.
4-тарау. Инспекциялық қызметтiң қорытындылары
1. Қытай Халық Республикасының және
Бiрлескен Тарапқа қатысушы мемлекеттердiң аумағында өткiзiлген инспекциялар
(ерiп жүрулер) туралы есептердiң көшiрмелерi кейiннен Бiрлескен Тарапқа
қатысушы мемлекеттерге беру үшін ЯҚАҰО-ға жiберiледi.
2. Инспекциялық қызметтiң қорытындыларын жинақтау, даулы мәселелердi шешу
Бiрлескен Тарап делегацияларының жұмыс Мәжiлiстерiнде өткiзiледi.