Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2002 жылғы 20 ақпандағы N
229 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 9 тамыз N
892
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы
етеді: 1. "2002 жылғы көктемгi егiс және егiн
жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi бюджеттердi несиелендiрудiң
кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 20
ақпандағы N 229 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары
"гербицидтер," деген сөзден кейiн "тұқымды улағыштар," деген сөздермен
толықтырылсын; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға жергiлiктi
бюджеттердi несиелендiру ережесiне: 2 және
6-тармақтарда "гербицидтер," деген сөзден кейiн "тұқымды улағыштар," деген
сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған
күнінен бастап күшiне енедi.