Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мүлкiн бepyдің
жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 12 тамыз
N 893
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайларда халыққа көмек көрсетудің тиiмдiлігін қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының өорғаныс
министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегi агенттiгi аумақтық органдарының теңгерiмiне қосымшаға сәйкес
12 (он екі) бiрлiк санда ЖБКМТ тартқыш техникасын (жеңiл брондалған көп мақсатты
тартқыш техникасын) ақысыз берсiн. 2.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттiгi белгiленген
тәртiппен: 1) аумақтық органдардың осы
қаулының 1-тармағында көрсетiлген тартқыш техниканы теңгерiмге қабылдауын;
2) осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген
тартқыш техниканы әкетуге, пайдалануға және жөндеуге байланысты iс-шараларды
тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң жергілiктi бюджетiнде Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнің аумақтық органын µстауға көзделген
қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада
белгiленген тәртіппен тартқыш техниканың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын
бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған
күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрі
Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 12
тамыздағы
N 893
қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Қорғаныс
министрлiгінен алынатын жеңiл брондалған
көп мақсатты тартқыш техниканы (ЖБКМТ) бөлу
тәртiбi
________________________________________________________________________
Техниканы
алушы
Саны ________________________________________________________________________ Ақмола
облысының мемлекеттік өртке қарсы
қызметi
1
Ақтөбе облысының мемлекеттік өртке қарсы
қызметi
1
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттiк өртке қарсы
қызметi
2
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттiк өртке қарсы
қызметi
1
Қарағанды облысының мемлекеттiк өртке қарсы
қызметi
3
Қостанай облысының мемлекеттiк өртке қарсы
қызметi
2
Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік өртке қарсы
қызметi
2 ________________________________________________________________________ Жиыны:
12 ________________________________________________________________________