Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасына жекелеген
тауарларды әкелуге арналған шектеулердi енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2001 жылғы 6 сәуiрдегi N 457 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 13, 159-қµжат) мынадай өзгерiстер
енгізiлсiн:
көрсетілген қаулыға
қосымшада:
"СЭҚ TH коды Тауардың
атауы
2001
жылға
арналған
квота
көлемі"
деген
жолдағы:
"2001" деген сан "2002" деген санмен
ауыстырылсын;
мына жол:
"2710 00
250
басқалары
1000 тонна"
мынадай редакцияда жазылсын:
"2710 00
250
басқалары
4000 тонна";
мына жол:
"2710 00
210
уайт-спирит
100 тонна"
алынып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
министрлігі Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз
Республикасының, Ресей Федерациясының және Тәжікстан Республикасының
Интеграциялық комитетін осы қаулының 1-тармағына сәйкес өзгерістер
енгізілетіндігі туралы белгіленген тәртіппен хабардар
етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке
жүктелсін.
5. Осы қаулы жарияланған күнінен
бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі