Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Тауарларды уақытша әкелу және уақытша
әкету кеден режимі қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 21 тамыздағы N 1092 қаулысына
(ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 387-құжат) мынадай өзгерістер
енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген
тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету кеден режимі қолданылатын лизинг
заттарының тізбесінде:
мына:
"8704
Жүк автомобильдері
(8704 10
119,
8704 10
190,
8704 10
900,
8704 21
390,
8704 21
990,
8704 23
990,
8704 31
390,
8704 31
990,
8704 32
990,
8704 90 000-ден
басқа)"
деген жолдағы "8704 23 990" деген
сандар алынып тасталсын;
мына:
"8704 10
Өзіаударғыштар
8704 23 Толық салмағы 20
тоннадан астам көлік құралының жүктерін тасымалдауға арналған моторлы көлік
қµралдары" деген жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі