Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 қазан N 1133

 


 

      "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына сәйкес, сондай-ақ азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншікке сатып алуға, мүлiктік жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
         
Премьер-Министрі

    

Қазақстан Республикасы   
Y
кiметiнiң        
2002
жылғы 19 қазандағы  
N 1133 қ
аулысымен     
бекiтiлген     

Авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке
сатып алуға, мүліктік жалға, лизингке, сенiмгерлiк
басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру ережесi

      Осы Ереже "Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрленген және авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығына рұқсаттар беру тәртiбiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1)
уәкiлетті орган - өзiнің құзыретi шегiнде азаматтық авиация саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды, азаматтық және эксперименталдық авиация қызметiн және Қазақстан Республикасының әуе кеңiстігін пайдалануды мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды, үйлестіру мен pеттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы;
      2)
рұқсат - осы Ережеде белгiленген тәртiппен уәкiлеттi орган
беретiн, азаматтық авиация ұйымының авиация техникасын, әуеайлақтарды, әуежайларды меншiкке сатып алуға, мүлiктiк жалға, лизингке, сенiмгерлiк басқаруға, сондай-ақ өзге де пайдалану құқығын растайтын құжат;
      3) ө
тiнiм - рұқсат беру туралы азаматтық авиация ұйымының жазбаша нысанда ұсынған өтiнiшi;
      4) ө
тiніш берушi - рұқсат беру туралы өтінiмдi уәкiлеттi органға жiберген азаматтық авиацияның ұйымы;
      5)
тапсырыс берушi - авиациялық техникаға тапсырыс берудi жүзеге асыратын азаматтық авиация ұйымы;
      6)
комиссия - рұқсат алу үшiн ұсынылған құжаттарды қарастыру
мақсатында Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникацияла