Әскери қызметшiлердi азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз ету және әскери бөлiмдер ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың жекелеген мәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 30 қазан N 1152

 


 

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) ә
скери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегі әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудережесi;
      2) Қ
азақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитеті Шекара қызметiнiң әскери бөлiмдерi ұсынатын тауарлар мен көрсететiн қызметтерiн сатудан түскен қаражатты пайдаланудың ережесi бекітілсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 
2002
жылғы 30 қазандағы      
N 1152 қ
аулысымен         
бекiтiлген             

Әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы
қамтамасыз етуд
ЕРЕЖЕСI

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудережесi "әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнмәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының, 10-бабына сәйкес әзiрлендi.

      2. Осы Ереже шекара заставаларында, шалғай аудандарда орналасқан оқшау жабық гарнизондарда (бұдан әрi - әскери бөлiмдер) қызмет өткеретiн әскери қызметшiлер (мерзiмдiк қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) мен олардың отбасы мүшелерiн азық-түлiкпен ақылы қамтамасыз етудтәртiбi мен нормаларын белгілейдi.

2-тарау. Әскери қызметшiлердi азық-түлiкпен ақылы
қамтамасыз етудтәртiбi мен нормалары

      3. Әскери қызметшiлерге азық-түлiк беру әскери бөлiмдердазық-түлiк қоймаларында жүргiзiледi.

      4. Отбасы мүшелерiнсаны көрсетiлген әскери бөлiм командирiнбұйрығы әскери қызметшiлерге азық-түлiк беру үшiн негiз болып табылады.

      5. Азық-түлiк алу тiзiмiне енгiзiлуi үшiн әскери қызметшi өз еркiмен отбасы мүшелерiнсанын көрсетiп, әскери бөлiм командирiнатына рапорт бередi.

      6. Әскери қызметшiназық-түлiк үшiн ақы төлеуi әскери бөлiмнiң қаржы бөлiмiндеызметiнде) азық-түлiк берген