Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнмәселелерi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 6 қараша N 1173

 


 

      Қазақстан Республикасы Президентiнің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) Қ
азақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) туралы ереже;
      2) Қ
азақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi;
      3) Қ
азақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнмемлекеттiк мекемелерi-аумақтық органдарының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi таратылсын.

      3. Министрлiктiң үш, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнмемлекеттiк мекемелерi-аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнмемлекеттік мекемелерi-аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын.
     
Министрлiк қаулының осы тармағын iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнкейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) "
Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):
     
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың тiзбесінде:
      "Қ
азақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгi" деген бөлiмнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қ
азақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi";
      91-3-
тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсіпорны";
      2) "
Штат санының лимиттерiн