Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы
N 326 қаулысына толықтырулар мен өзгерiстер енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2002 жылғы 14 қараша N 1206


Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын
шетелге емделуге жiберу процесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан
Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 29 ақпандағы N
326 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 9-10,
117-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:
1) тақырыбы және 1-тармақ "Республика азаматтарын" деген сөздердiң
алдынан "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен
толықтырылсын;
2) кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:
"Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын
жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы
етеді:";
3) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республика азаматтарын шетелге
емделуге жiберудiң ережесiнде:
тақырыбы "Республика азаматтарын" деген сөздердiң алдынан
" Республикалық бюджет қаражаты есебiнен" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақта:
"азаматтар" деген сөздiң алдынан "уәкілеттi орган бекіткен аурулар
тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi" деген сөздермен
толықтырылсын;
4-тармақта:
2) тармақшадағы "мамандандырылған" деген сөздiң алдынан
" республикалық" деген сөзбен толықтырылсын;
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiнде 4) тармақшадағы "қорытындысының" деген
сөзден кейiн ";" тыныс белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен
толықтырылсын:
"5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары
қорытындысының";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының
негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын
қарастырады.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi
орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер
көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.";
8, 9 және 10-тармақтар алынып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасын
қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген
тәртiппен мынадай құжаттар:
1) комиссияның қорытындысын;
2) шарттың көшiрмесiн ұсынады.";
13-тармақ алынып тасталсын;
14-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген
сөздер алынып тасталсын;
15-тармақ алынып тасталсын;
18-тармақтың бiрiншi абзацының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi мынадай
мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан
Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық
денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында
көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде
шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы
хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі