Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 26 тамыздағы N 1251 қаулысына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 14 қараша N
1207
Акциздердiң бюджетке толық түсуiн қамтамасыз eту және акцизделетін тауарлардың
жекелеген түрлерiнiң заңсыз өндiрiсi мен айналымын жою мақсатында Қазақстан
Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. "Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен
таңбалаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы
26 тамыздағы N 1251 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N
42, 386-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiлсiн:
кiрiспедегi "Салық және бюджетке
төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 1995
жылғы 24 сәуiрдегі Заңының 76-бабына сәйкес" деген сөздер алынып
тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым маркаларымен
таңбалаудың тәртiбiнде:
1-тармақ алынып
тасталсын;
2-тармақтың екiншi абзацында "арақ,
ликер-арақ бұйымдары, күшейтiлген сусындар, күшейтiлген шырындар мен бальзамдар,
шараптар, коньяктар, шампан шараптары" деген сөздер "сыраны қоспағанда, спирттің
барлық түрлерi мен алкоголь өнiмдерi" деген сөздермен
ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы
абзацтармен толықтырылсын:
"Мыналарға акциздiк
алым маркаларының:
алкоголь өнiмдерiне - жетi
таңбалы баспаханалық нөмiрлеуi болады, түстерi бойынша ажыратылады және алты
түрге бөлiнедi: спирт, арақ, күштi алкогольдi iшiмдiктер, әлсiз алкогольдi
iшiмдiктер, шарап пен коньяк және пайдаланылатын сыйымдылығына (бұдан әрi -
сыйымдылық) қарай: 0-0,24 литр, 0,25 литр, 0,26 литр және одан көп болып
бөлiнедi;
темекi өнiмдерiне - екi таңбалы
сериясы және марканы шығарған жылы болады.
Алкоголь өнiмдерiн таңбалау мынадай түрде жүзеге
асырылады:
------------------------------------------------------------------
Марканың түрі
! Өнiмнiң
атауы
------------------------------------------------------------------
спирт
спирттің барлық түрлерi
арақ
арақ
және ерекше арақтар
күштi
алкогольді сусындар күшейтiлген
ликер-арақ
бұйымдары
және
этил спиртiнiң көлемдi
үлесi
30 % және одан көп өзге
күштi
алкогольді
iшiмдіктер
әлсiз
алкогольді сусындар шарап
сусындары, әлсiз
градусты
ликер-арақ
бұйымдары және
этил
спиртінiң
көлемдi үлесi 30
%-тен
аз
өзге әлсiз
алкогольдi
iшiмдiктер
шарап
шараптар,
шампан
коньяк
коньяк,
бренди
".
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі