Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 21 қараша N 1235

 


 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 1 наурыздағы N 311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 9, 97-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1)
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ережеде:
      3-
тармақтың бірінші абзацындағы "жергілікті атқарушы органдардың" деген сөздерден кейін ", шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-
тармақтағыажеттілігіне қарай" деген сөздерден кейін "тоқсанына кемінде бір рет" деген сөздермен толықтырылсын;
     
мынадай мазмұндағы 5-1, 5-2, және 5-3-тармақтармен толықтырылсын:
      "5-1.
Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
      5-2.
Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
      5-3. Құ
рылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды";
      2)
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Мұхаметжанов               - Қазақстан Республикасы
Бауыржан Әлімұлы         Премьер-Министрінің орынбасары,
                                      
төраға

Жұмағұлов                      - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы     Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                      ә
леуметтік-мәдени даму
                                      
бөлімінің меңгерушісі

Аманшаев                       - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмірханұлы          ақпарат және қоғамдық келісім
                                      
министрлігі Мәдениет комитетінің
                                      
төрағасы, хатшы

Ерғалиева                       - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы          кафедра меңгерушісі, өнертану
                                        
докторы (келісім бойынша);

      мынадай жол:

"Есдәулет                         - Қазақстан Республикасы
Ұ
лықбек Оразбайұлы       Премьер-Министрінің Кеңсесі
                                        ә
леуметтік-мәдени даму
                                        
бөлімінің сектор меңгерушісі"

      мынадай редакцияда жазылсын:

"Есдәулет                         - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұ
лықбек Оразбайұлы        бас редакторы";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан: Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы, Тілеухан Бекболат Қанайұлы, Барманқұлова Баян Кәрібайқызы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрі