Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасында әскери тарих, әскери мұрағат, әскери мұражайтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 22 қараша N 1236

 


 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы әскери тарих, әскери мұрағат, әскери мұражайтану және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама жобасы мақұлдансын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрі

Жоба   

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгі мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы әскери тарих, әскери мұрағат, әскери мұражай және әскери жарияланым саласындағы ынтымақтастық туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы
     
достықты және өзара сыйластықты нығайту, екi жақты қарыматынасты жақсарту және Тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықылас білдiре отырып,
      Қ
азақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы 1993 жылғы 23 ақпандағы әскери бiлiм саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнережелерiн (бұдан әрi - Келiсiм) назарға ала отырып,
     
төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап. Мақсаты

      Осы Хаттаманың мақсаты Тараптар арасындағы әскери тарих, әскери мұрағаттар, әскери мұражайлар және әскери жарияланымдар саласындағы ынтымақтастықты құру болып табылады.

2-бап. Терминдер

      Осы Хаттамадағы келесi терминдер мыналарды білдiредi:
      1. "Ә
скери мұражайлар" - өткен және осы уақытта мемлекеттерi қарулы күштерiнтарихи және техникалық дамуын бейнелейтiн мұражайлар.
      2. "Ә
скери тарих" - Тараптар мемлекеттерi қарулы күштерiнiң әлеуметтiк, тарихи және техникалық дамуын зерделеу жөнiндегi үздiксiз ғылыми қызмет, сондай-ақ олардың жазбаша деректер, археологиялық және басқа да тарихи мұражай материалдары негiзiнде тарихи әскери операцияларды жүргiзуге қатысты мәселелер.
      3. "Ә
скери мұрағаттар" - әскери тарих және мұражай жөнiнде өңделген құжаттар.
      4. "Ә
скери жарияланымдар" - әскери тарих саласындағы жарияланған кiтаптар, журналдар, мақалалар және басқа да құжаттар.
     
Осы Хаттамада Келiсiмнiң өзге де терминдерi қолданылуы мүмкін.

3-бап. Уәкiлеттi органдар

      Осы Хаттаманың ережелерiн iске асыру жөнiндегi уәкілеттi органы қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi болып