Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 10 желтоқсан N 1299

 


 

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 тамыздағы N 2765 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Санкт-Петербург қаласында Жамбыл Жабаевқа ескерткіш орнатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мүдделі тараптармен бірлесіп, Санкт-Петербург қаласында Жамбыл Жабаевқа ескерткішті жобалау, дайындау және қою, сондай-ақ  іргелес аумақты көркейту жөніндегі мәселелерді шешсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрі