Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандум жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 желтоқсан N 1301

 


 

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстік туралы меморандумның жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер бiрiншi вице-министрi Қайрат Қуатұлы Әбусейiтовке Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасында Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандум жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрі

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ YКIМЕТI МЕН АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ YКIМЕТI АРАСЫНДАҒ­Ы ЕСIРТКIНI БАҚЫЛАУ МЕН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТIПТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА
ТYСIНIСТIК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

      I. Жалпы бөлiм

      1. 1992 жылғы 10 мамырда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Үкiметiнарасындағы Көмек көрсету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнің ("Келiсiм 1992") 5 бабына сәйкес, бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi, осы Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды (бұдан әрі Өзара түсiнiстiк туралы Меморандум) жасасады. Өзара түсiнiстiк туралы Меморандумды орындау 1992 жылғы Келiсiмншарттарымен реттеледi.

      2. Тараптар, заңсыз есiрткi саудасы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте Қазақстанның құқық қорғау, соттық және прокуратура органдарының мүмкiндiктерiн арттыруға бағытталған жобаны ұйымдастырып және оған қолдау көрсетуге келiседi.

      3. Тараптар қабылдап, ұсынуға тиiс жобаны қолдауға бағытталған iсимылдар мен ресурстар, егер бiрлесiп келiскен өзге түзетулер болмаса, онда төменде көрсетiлгендей, Тараптардың мiндеттерi ретiнде қарастырылады.

      4. Өзара түсiнiстiк туралы меморандумның шарттарына сәйкес АҚШ-тың үкiметтiк