Халықты және өрт қауiпсiздiгі саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 19 желтоқсан N 1327

 


 

      "Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiлiп отырған Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
     
Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
2002
жылғы 19 желтоқсандағы    
N 1327 қ
аулысымен бекiтілген    

Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды
хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту
ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Ереже Халықты және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мамандарды хабарландыру, бiлiмдi насихаттау, оқыту тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Ұйымдар қызметiнiң өрттердалдын алу және оларды жою жөнiндегi қауiпсiздiкке, салдарларға, шараларға қажеттi өрт қаупiндәрежесi мен ықтимал дәрежесi туралы ақпарат ашық, жариялық болып табылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      3. Халыққа қауiп төндiретiн өрт туындаған кезде Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары 24 сағаттың iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын хабардар етедi, соңғысы болған оқиға туралы ресми хабарды жариялайды не эфирге шығарады.

      4. Өрт ошағына жақын аудандарға қауiп төнген жағдайда, Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары жергiлiктi атқарушы органдармен өзара iсимыл жасай отырып, өрт туралы ақпарат жинауды ұйымдастырады және бұл туралы 10 сағаттан кешiктiрмей халыққа хабардар етедi.

      5. Меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ұйымдар қызметкерлердi өртттуындау қаупi немесе туындағаны туралы хабарландырады, сондай-ақ өртттуындау қаупі немесе туындау сәтiнен бастап тез арада Мемлекеттiк өртке қарсы қызметтаумақтық бөлiмшелерiне фактi туралы белгiленген тәртiппен хабарлайды.

      6. Өрт қауiпсiздiгi саласындағы бiлiмдi насихаттауды Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы органы, оның аумақтық бөлiмшелерi, қоғамдық өрт бiрлестiктерi жүзеге асырады.

      7. Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен, тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша жыл сайын өрт қауіпсіздігі ережелерін насихаттау жөнінде