Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 16 шiлдедегi N 785 қаулысына өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 21 қарашадағы N 1163 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан Республикасының
1-тармақ мынадай редакцияда
жазылсын:
"1. Кеден аумағында тауарларды қайта
өңдеудiң, тауарлардың экспорты мен тауарлардың реэкспортының кеден режимдерiне
сәйкес қосымшаға орай ағаш материалдарын, кесiлген ағаш материалдарын және
сүректен жасалған жекелеген бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан
әкетуге тыйым салынсын.";
2-тармақтағы
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi" деген
сөздер "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi" деген
сөздермен ауыстырылсын;
көрсетiлген қаулыға
қосымшада:
мына:
"4401 10
000*-нан Бөренелер, шөркелер түрiндегi отындық
сүрек"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4401 10
000*-нан Бөренелер, шөркелер түрiндегi, оның
iшiнде
шөркелер, шөпшек байламдар түрiнде
немесе
осындай ұқсас түрлерде
сексеуiлден
дайындалған отындық сүрек";
мынадай мазмұндағы
жолмен толықтырылсын:
"4401
30-дан Сексеуiл
сүрегiнiң үгiндiсi мен қалдықтары;
4418 90
900-ден Өзге ағаш конструкциялары:
арқалықтар,
мәткелер, төбе жабындысының тiректерi";
мына:
"4418 40
000 Ағаш құрылыс
бұйымдары, бетон құюға
арналған
қалып;"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"4418 40
000 Бетон құюға
арналған қалып;".
Премьер-Министрі