Темiр
жол көлiгiнiң қауiптiлiгі жоғары аймақтарында жолаушылардың, азаматтардың болуы
және объектiлердi орналастыру, оларда жұмыс жүргізу, темiр жолдар арқылы жүру
және өту ережесiн бекіту туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 1248
қаулысы
"Темiр жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы
етеді:
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
мiндетiн
атқарушы
Үкiметiнің
2003 жылғы 9
желтоқсандағы
N 1248 қаулысымен
бекiтiлген
жолаушылардың, азаматтардың болуы және
объектiлердi
орналастыру, оларда
жұмыс жүргiзу, темiр жолдар
арқылы
жүру және өту ережесi
1) темiр
жол өткелi - темiр жолдарының автомобиль жолдарымен және трамвай жолдарымен бiр
деңгейде қиылысу орны;
2) темiр жол көлігінің
қауiптiлігі жоғары аймағы - темiр жолдар, темiр жол станцияларының, вокзалдардың
аумақтары, тасымал процесiмен байланысты темiр жол көлiгi ұйымдарының өзге де
объектiлерi;
3) жаяу жүргiншiлер төсемi -
"Жолдар арқылы өту" жол сiлтегiшiмен белгiленген және жаяу жүргiншiлердiң темiр
жолдармен жүруi үшiн бөлiнген темiр жол учаскесi.
Кәмелетке толмаған балалар вокзал
аумағында ересектердiң қарауында болады.
1) балаларды қараусыз
қалдырмау, әртүрлі қимыл ойындарын
ұйымдастырмау;
2) қол жүгімен, багажбен, өзге
де заттармен вокзал ғимаратына/ғимаратынан, перрондарға, отырғызу
платформаларына, жаяу жүргіншілер көпірлеріне, төсемдерге, туннельдерге өтетін
жолдарды бөгемеу;
3) вагондардың төбесiне,
есігінiң баспалдақтарына, өту алаңдарына отырмау; поезд жүрiп келе жатқанда
поезға отырмау және түспеу; поезд жүріп келе жатқанда вагон терезелерiнен және
тамбурлардың есіктерiнен үңіліп қарамау;
4)
iлме басқыштар мен өту алаңдарында және темiр жол көлiгiнiң баспалдақтары мен
басқа да сыртқы бөлiктерiнде тұрмау, жүрiп келе жатқан поезд вагондарының
есiктерiн ашпау, қала маңына қатынайтын поездардың автоматтық есiктерiнiң
ашылып-жабылуына бөгет жасамау;
5) арнайы
рұқсатсыз жүк поездарында жүрмеу;
6) поездарда
мас күйде жүрмеу; поездар вагондарының терезелерi мен есiктерінен қоқыс және
өзге заттарды тастамау; вагондарда тез тұтанғыш және жарылғыш заттарды
тасымалдамау;
7) жол аралықтарында вагоннан
шықпау және сол жерде қарсы келе жатқан поездың өтуi кезiнде тұру; жолаушы
платформасынан темiр жолдарға секiрмеу; жергіліктi және қашық қатынастағы
поездарда шылым шегу үшiн арналмаған жерлерде шылым
шекпеу;
8) жолаушы платформасы арқылы келе
жатқан немесе жөнелiп бара жатқан поезд вагонының жанында жүгiрмеу, сондай-ақ
тоқтаусыз өтiп бара жатқан поездың қозғалысы кезiнде платформаның шетінен екi
метрден кем қашықтықта болмау; поезд толық тоқтамай вагонға
жақындамау;
9) поезды қажетсiз, өз еркiмен
тоқтатпау.
Темiр жол көлiгi жақындаған кезде
тоқтауы және оны өткiзуi қажет.
1)
темiр жол бойымен шеткi рельске 5 метрден жақын жерден
өтпеу;
2) жаяу жүргiншiлер өтуi үшiн
жабдықталмаған жолдармен темiр жол көпiрлерi мен туннельдерi арқылы
жүрмеу;
3) темiр жолдар арқылы жүрмеу; жақын
келе жатқан поездың алдынан, егер оған дейiнгi қашықтық 400 метрден кем болса,
темiр жолдар арқылы өтпеу; бiр бағыт поезд өткеннен кейiн, қарсы бағыттағы поезд
жүрiсi болмауына көзi жетпей, көпжолды учаскелер арқылы
өтпеу;
4) шлагбаум жабық тұрған немесе
өткелдiң дабыл беру бағдар шамы қызыл белгiсiн көрсеткен кезде темiр жол
өткелдерiнен өтпеу; темiр жол өткелiндегi жабық тұрған шлагбаумның астына
түспеу, сондай-ақ шлагбаум жабыла бастаған кезде өткелге шықпау; бағыттамалы
бұрмалар бойынша жолдардан өтпеу; станциялар мен екi аралықтарда вагондардың
астына кiрмеу және жолдан өту үшiн авто тiркеуден асып
түспеу;
5) электрлендiрiлген учаскелерде
тiректерге шықпау, сондай-ақ тiректен рельске дейiнгi еңiстерге тимеу; жерде
жатқан электр сымына 8 метрден жақын қашықтыққа
жақындамау;
6) рельстерге тұрмау немесе
отырмау, үшкір және рамалық рельс немесе бағыттамалы бұрмалардың жылжымалы
өзектерiнiң айқаспасы бар науа арасында
тұрмау;
7) темiр жол көлiгi қозғалысының
бұзылуына себепшi бола алатын заттарды темiр жолдарға қоймау, тастамау,
қалдырмау.
1) жазбаша
өтiнiш;
2) Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалық
құжаттама;
3) жұмыстар жүргiзу кезiнде темiр
жол көлiгiнiң қауiптiлігi жоғары аймағында зақым келтiрiлген элементтерді
қалпына келтiру туралы міндеттеме;
4)
жұмыстарды жүргiзу орындары мен қоршауларды қою
схемасы;
5) жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк
кестесi және жұмыстарды жүргiзудiң күнтiзбелiк кестесiне сәйкес жұмысты аяқтау
мiндеттемесi.
Темiр жолдардың жер үстi және жер
асты құрылыстармен қиылысуы осы құрылыстарды жобалау және орналастырудың
нормативтi-техникалық кесiмдерiнiң тиiстi талаптарын сақтай отырып орындалуы
тиiс.