Төтенше жағдай
енгізiлген жерде халықаралық iзгілік көмектi бөлу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 4 наурыздағы N 271 қаулысы
"Төтенше жағдай
туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңының 24-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан Республикасы
1. Осы Ереже
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8
ақпандағы Заңын iске асыру мақсатында әзiрленді.
2. Қажеттi халықаралық
iзгілік көмектің номенклатурасы мен жүктерінің көлемiн аумағына төтенше жағдай
енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердің әкiмдерi жергiлiктi жер
комендантының келiсiмi бойынша айқындайды.
Премьер-Министрі
Үкiметінің
2004 жылғы 4 наурыздағы
N 271 қаулысымен
бекiтiлген
көмекті бөлу ережесі
Осы Ереже төтенше жағдай енгiзiлген жерде
халықаралық ізгілік көмектi бөлу тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасына нақты мекен-жайлары
көрсетiлмей келiп түскен халықаралық iзгілік көмек төтенше жағдай енгiзiлген
жерде қажеттi жүктердің талап етiлетiн номенклатурасы мен көлемiне сәйкес
бөлiнедi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1995 жылғы 29
желтоқсандағы N 1880 қаулысымен құрылған Қазақстан Республикасының
халықаралық iзгілік көмек мәселелерi жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi -
Комиссия) өзiне жүктелген функцияларға сәйкес халықаралық iзгілік көмектi
пайдалану мәселелерiн шешедi.
3. Халықаралық iзгілік көмек Қазақстан
Республикасына оны алушылардың нақты мекен-жайлары көрсетiлмей келiп түскен
жағдайда, аумағына төтенше жағдай енгiзiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң
әкiмдерi:
1) iзгілік көмек жүктерiн орналастыру және сақтау
үшiн белгiленген санитарлық нормаларға сәйкес қоймалық үй-жайларды берудi, осы
жүктердi орналастыруды;
2) халықаралық iзгiлiк көмектi Қазақстан
Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгiнің өкiлдерiмен өзара
iс-қимыл жасай отырып бөлудi;
3) iзгiлiк көмек жүктерiн бөлу жөнiндегi iстiң
жай-күйi туралы Комиссияға мәлiметтер берудi қамтамасыз етедi.
4. Қазақстан Республикасына төтенше жағдай
енгiзілген жердiң нақты мекен-жайлары көрсетiлiп, халықаралық iзгiлiк көмек
ретiнде келiп түскен жүктер осы жүктердi тiкелей алушыларға бөлiнедi. Бұл ретте
жүктердi алушылар Комиссияға халықаралық iзгiлiк көмектi бөлу жөнiндегi iстiң
жай-күйi туралы мәлiметтер ұсынады.
5. Төтенше жағдай енгiзiлген жерде халықаралық
iзгiлiк көмектi бөлудi және пайдалануды бақылауды Комиссия жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының iшкi iстер
органдары төтенше жағдай енгiзiлген жер комендантының келiсiмi бойынша:
1) халықаралық iзгiлiк көмек ретiнде төтенше
жағдай енгiзiлген жердің аумағына келген жүктердi қажет болған жағдайда,
күзетудi және баратын жерiне дейiн iлесiп жүрудi;
2) заңды және жеке тұлғалардың халықаралық
iзгiлiк көмек тауарларын осы жүктердi басқа заңды және жеке тұлғаларға өткiзуi
(сатуы) мақсатында заңсыз сатып алу фактiлерiн анықтауды қамтамасыз етедi.
7. Халықаралық iзгiлiк көмек төтенше жағдай
енгiзiлген жерде бөлу барысы туралы жұртшылықты хабардар етуi бұқаралық ақпарат
құралдары iсi жөнiндегi уәкiлеттi орган қамтамасыз етедi (жергiлiктi жердегi
коменданттың келiсiмi бойынша).