Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 қаңтардағы N 137 қаулысына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 5 наурыздағы N 276 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Қазақстан
Республикасының
1) 7-тармақ мынадай редакцияда
жазылсын:
"7. Осы қаулының орындалуын бақылау
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi А.С. Есiмовке
жүктелсiн";
2) көрсетiлген қаулымен
мақұлданған Мемлекеттік қаржы ресурстарын тарта отырып ауыл шаруашылығы
өндiрiсiне несие берудiң пилоттық жобасында:
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен
толықтырылсын:
"5-1. Корпорация республикалық
бюджет қаражатын Жобаны және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 5
маусымдағы N 889 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2003-2005
жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасын iске асыру
шеңберiнде пайдаланады.";
9-тармақ мынадай
редакцияда жазылсын:
"9. Ауылдық несие
серiктестiктерiн құру ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi тиiмдi және/немесе
қайта өңдеудi жүргiзетiн өңiрлерде пайдалы, экономикалық тұрғыдан өзiн ақтайтын
аграрлық өнеркәсiп кешенi секторларында
жүргiзiледі.";
11-тармақтың 1)
тармақшасында:
үшiншi
абзацта:
"немесе ауыл шаруашылығы өндірісінің"
сөздер алынып тасталсын;
"ауыл шаруашылығы"
деген сөздер "ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру және/немесе қайта өңдеу
саласындағы" сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi
абзацтағы "өздері өндірген" деген сөздер алынып тасталсын.
Премьер-Министрі