Арал
өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегі 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 мамырдағы N 520
қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса
берiлiп отырған Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006
жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама)
бекiтiлсiн.
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар Бағдарламада көзделген
iс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және жарты жылдықтың
қорытындысы бойынша 20 қаңтардан және 20 шiлдеден кешiктiрмей Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне олардың iске
асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлігі
жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешiктірмей
Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы
жиынтық ақпарат ұсынсын.
4. Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiне
әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламаларда "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданысына жатқызылатын
аумақтарды дамыту жөнiндегi кешендi шараларды және тетiктердi көздеу
ұсынылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгіне жүктелсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу
жөнiндегі
2004-2006 жылдарға арналған
бағдарлама
Атауы
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi
шешу
жөнiндегі 2004-2006 жылдарға
арналған
бағдарлама
Әзiрлеу
үшiн Қазақстан
Республикасының
Парламентi
негіздеме
Мәжiлiсiнiң 2002 жылғы 27
қарашадағы
N 1573-II ПМ қаулысының
2-тармағы;
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкiмiмен
құрылған Бұрынғы Семей ядролық
полигонының
және Арал өңiрiнiң проблемаларын
кешенді
шешу бойынша ұсыныстар әзiрлеу
жөнiндегi
ведомствоаралық жұмыс тобының 2003 жылғы
12
желтоқсандағы N 11-7/005-680
мәжiлiсi
хаттамасының 1.3-тармағы
Негiзгi
әзiрлеушi Қазақстан Республикасының Экономика
және
бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Мақсаты
Арал өңiрiнiң проблемаларын Халықтың
сапалы
тыныс-тіршiлігi деңгейiне әсер
ететін
экологиялық, экономикалық және
әлеуметтiк
факторларды жақсарту жөнiндегі
шаралар
кешенiн iске асыру есебiнен шешу
Мiндеттерi
Экологиялық ахуалды
оңалту;
халықты
сауықтыру;
әлеуметтік инфрақұрылымды
дамыту;
ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз
ету;
өңiрде экономикалық белсенділіктi
арттыру
үшін жағдай жасау, өндiрiстік
инфрақұрылымды
дамыту және суды ұтымды
пайдалану;
қоныс аудару іс-шараларын ұйымдастыру
Қаржыландыру
Республикалық бюджеттен 44796,56 млн.
теңге,
көздерi
оның iшiнде 2004 жылы - 10693,41 млн.
теңге,
2005 жылы - 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы
-
18026,06 млн. теңге көлемiнде қаражат
бөлу
көзделген
Бағдарламаны
iске Бағдарламаны iске асыру және онда
көзделген
асырудан күтілетін барлық шараларды
қабылдау
өңiрдегi
нәтижелер
экологиялық ахуалды жақсартуға,
халықты
сапалы ауыз сумен, ең алдымен ауылдық
жерде
тұратын халықтың денсаулық сақтау,
бiлiм
беру, сумен қамтамасыз ету, көлiк
және
коммуникация қызметiне қол
жеткiзуiн
қамтамасыз етуге ықпал етуi
тиiс.
Арал өңiрi мен елiмiздiң өзге
де
өңiрлерiнiң халқының өмiр сҮру
жағдайларының
айырмашылығы қысқарады. Бағдарламаны
iске
асыру кезеңiнде республикалық
бюджет
қаражаты есебiнен 7 туберкулезге
қарсы
аурухана және диспансер, 11 мектеп, 9
бас
және шаруашылықаралық арна, 9 су
қоймасы,
1 коллектор және басқа да объекттер
салынады
және қайта жөнделедi.
Iске
асыру мерзiмi 2004-2006 жылдар
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған
бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет
салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының кейбiр баптарының қолданылуын тоқтата тұру туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасының Парламентi
Мәжiлiсiнiң 2002 жылғы 27 қарашадағы N 1573-II ПM қаулысына сәйкес
әзiрлендi.
Бағдарламаны әзiрлеу кезiнде
мүдделi министрлiктердiң, агенттіктердiң, ведомстволардың, Ақтөбе, Қарағанды,
Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары әкімдіктерінің және "Бұрынғы Семей
ядролық полигонының және Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу бойынша
ұсыныстар әзiрлеу жөнiндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң 2003 жылғы 22 тамыздағы N 182-ө өкiмiмен құрылған ведомствоаралық жұмыс
тобы мүшелерiнiң ұсыныстары бастапқы база болып
табылды.
Бағдарламаны әзiрлеу жекелеген
мемлекеттiк, салалық (секторалдық), өңiрлiк бағдарламалар шеңберiнде қабылданған
шараларға қарамастан, өңiрдiң проблемаларын шешу жөнiндегi тұтас ұстанымның
жоқтығына негiзделіп отыр. Нәтижесiнде өңiрге бағытталған бюджеттiк қаражат,
халықаралық ұйымдардың және донор-елдердiң гранттары тиiмсiз пайдаланылуда.
Экологияны, су ресурстарының жағдайын, халықтың денсаулығын зерттеу жөнiнде
жүйелі жұмыс жоқ, бұрын жүргiзiлген зерттеулер негiзiнен толымсыз сипатта.
Сондықтан бар проблемаларды кешендi шешудi көздейтiн бiрыңғай бағдарламалық
құжаттың болу қажеттiгi туындады, бұл өңiрдiң жүйелi мониторингін жүргiзуге және
алынған нәтижелер негізiнде барабар басқарушылық шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк
бередi.
Бағдарламаның қоршаған ортаның
экологиясын, халықтың денсаулығын жақсартуды, өңiрде экономикалық белсендiлiктi
арттыруға жағдай жасауды және суды ұтымды пайдалануды, қоныс аудару іс-шараларын
ұйымдастыруды көздейтiн кешендi сипаты бар.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiне
талдау
3.1.
Жалпы сипаттамасы
"Арал өңiрiндегі экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 30
маусымдағы Заңына сәйкес Арал өңiрiндегі
экологиялық апат аумақтарына Қызылорда облысының, Ақтөбе облысы Байғанин, Ырғыз,
Мұғалжар (бұрынғы Мугоджар ауданы елдi мекендерiнiң шекаралары шегiнде), Темiр,
Шалқар аудандарының, Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс, Отырар, Созақ, Шардара
аудандары мен Түркiстан қаласының, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының (бұрынғы
Жезқазған облысының Жездi ауданы елдi мекендерiнiң шекаралары шегiнде) аумақтары
кiредi.
Арал өңiрiнiң қазақстандық бөлігінiң
экологиялық қолайсыз аумақтарын жiктеу кезiнде экологиялық апат аймағына
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы
енгiзiлген.
Арал өңірiнiң жалпы аумағы 639,4
мың шаршы километрді құрайды. Қызылорда облысына - 226,0, оның iшiнде Арал және
Қазалы аудандарына - тиiсiнше 55,2 және 37,6-дан келедi. Ақтөбе облысының Шалқар
ауданы 61,8 мың шаршы километрлiк аумақты
қамтиды.
2003 жылы өңiрдегі халық саны 10
қалада, 19 кентте, 634 ауылда (селода) тұратын 1660 мың адамды
құрады.
Мұнда:
су ресурстарының
тапшылығы;
топырақтың
тұздануы;
судың пестицидтермен, гербицидтермен
және басқа да қауiптi заттармен ластануы;
халықтың сапалы ауыз сумен қанағаттанарлықсыз қамтамасыз
етiлуi;
жайылым және егiстік жерлердiң тозуы
(суармалы жерлердiң тұздануы);
тоғайлы және
сексеуiл ормандарының құруы;
биологиялық әр
Түрлілiктiң қысқаруы сияқты ұлттық деңгейдегі барлық экологиялық проблемалар
тығыз топтасып, шоғырланған.
Арал теңiзiнiң
құрғауы жалғасуда, өңiр халқының тiршілігi орташа республикалық деңгейден
әлдеқайда төмен қалып отыр, жекелеген нозологиялық бiрлiктер бойынша аурулар
деңгейi жоғары болып қалуда.
3.2. Экологиялық ахуал
1960 жылдан бастап Қазақстан мен Орта Азияда суландыруды қарқынды дамытудан
Сырдария мен Амудария өзендерiнiң төменгi жағының су ағысы үнемi азайып отырды.
Осының салдарынан Арал теңiзiнiң деңгейi тұрақты төмендедi, бұл өзен жағасының
шөлейттенуiне, экожүйе жағдайының нашарлауына әкеп
соқты.
Жер асты суларының минералдануының
артуы және Аралдың жалаңаштанған Түбiнен эолдық тұзды шаң қалдықтарының
көтерiлуi салдарынан топырақтың белсендi тұздану процесi, жер асты сулары
деңгейiнiң ирригациялық жүйеден тыс төмендеуi мен көлденең су алмасудың жоқтығы
аридизация мен шөлейттену процесiнiң дамуына әкеп
соқты.
Гидрологиялық жағдайлардың өзгеруi
топырақтың барлық физикалық-химиялық сипатының айтарлықтай өзгеруiне, гумустың
және оның әлеуеттi құнарлылығының едәуiр төмендеуiне себеп
болды.
Соңғы 30 жыл iшiнде Арал өңiрiнiң
топырағында органикалық тыңайтқыштардың тапшылығы және суармалы судың иондық
құрамының өзгеруi салдарынан гуминдық қышқылдардың бөлiнуiнен гумус құрамы
30-40%-ға төмендедi және дағдарыстық шекке жақындады. Қазiргi уақытта егістiк
алқаптың 60%-ның құрамында гумустың үлесi 1% төмен болып
отыр.
Жер асты сулары режимiнiң, топырақ
қабатының, Арал өңiрi климатының аридизация және континенталдықтың жоғарылауы
жағына өзгеруi өсiмдiктер тозуының жоғары қарқынына негiз болды. Егер 1960 жылға
дейiн гидроморфтық флора (көлдi-батпақты және қамысты) шамамен 800 мың гектарды
алып жатқан болса, қазiргі уақытта 100 мың гектарға жуық. Шабындықтардың
өнiмдiлiгi 2,5-3 eceгe төмендедi.
Жер асты
сулары деңгейiнiң төмендеуi құдықтар мен ұңғымалардың қатардан шығуына әкеп
соқты, бұларсыз жайылымдардың қалыпты жұмыс iстеуi мүмкiн
емес.
Жайылымдардың көп бөлігін өнiмділігі
60-300 кг/га гало-ксерофиттік кешендер алып жатыр, 1961 жылға дейiн бұлардың
өнiмдiлiгi 1,0-1,6 т/га құраған едi. Егер бұрын жайылымдардың флора құрамында
өнiмдiлігі жоғары бағалы өсiмдiктер басым болған болса, қазiргi уақытта оларды
бiржылдық сораң шөптер алмастырады, яғни Түрлердiң саналуандылығы жоғалуының
жылдам процесi жүруде, бұл құрғақшылық процестерiнiң көрсеткiшi және ауыл
шаруашылығының дамуы үшiн қауiптi болып
табылады.
Осыншалық кең аумақта өсiмдiк
қабатының тозуы қыздыру әсерiн күшейту және атмосферада көмiрқышқыл газының
шоғырлануының ұлғаюы, эолды тұз-шаң қалдықтары салдарынан климаттың ғаламдық
және өңiрлiк өзгеруiне әкелдi. Бұл Арал өңiрiнiң флорасы мен фаунасының
биологиялық саналуандығының тұралауына әкеп соғады, адамның тiршiлiк ету ортасын
бұзады.
Қабылданып жатқан шаралар нәтижесiнде
өңiрдiң су балансы тұрақтану үрдiсiне ие болды. Қызылорда облысына судың келу
көлемi 1995 жылы - 12,6 текше километрді құраса, 2002 жылы 19,3 текше километрдi
құрады. Осыған байланысты Сырдария өзенiнiң сағасына су жiберу едәуір ұлғайып,
2002 жылы 8,6 текше километрдi (1995 жылы - 5,6 текше километр) құраған.
Көрсетілген жылдары өзеннен су алу көлемi облыс бойынша 5,0 текше километр
шегiнде тұрақталды.
Қызылорда облысы бойынша
табиғи жерҮстi көздерден су алу 1993 жылы 5793,5 млн. текше метрден 2002 жылы
5124,5 млн. текше метрге дейiн төмендедi.
Орта
Азия елдерi тәуелсiздiк алғаннан кейiн трансшекаралық өзендер ағынын, әсiресе
Сырдария өзенi бассейнiнде мемлекетаралық су бөлу мәселелерi күрт шиеленiсті.
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан электр қуаты мен энергия көздерiн республикааралық
алмасу процесi бұзылды. Осыған байланысты, су электр станциясының Нарын-Сырдария
каскадында қысқы маусымда электр энергиясын өндiру көлемiнiң өсуiнен Сырдария
өзенiнiң табиғи режимi өзгердi. Сырдария өзенiнiң ортаңғы және төменгі ағысына
қысқы маусымда көлемi жағынан көктемгі су тасқыны кезеңiндегi шығыстармен
шамалас су шығыстары Түсе бастады. Жыл сайын бұл Қазақстан мен Өзбекстанның
аумақтарында орналасқан су қоймаларының қысқы маусымда шамадан тыс толуына және
вегегациялық мерзiмде суару суларының тапшылығына әкеледi. Жағдай жыл сайын
шиеленiсе Түсуде. 2004 жылдың басында су шаруашылығының жағдайы Сырдария
өзенiнiң бассейнiнде ерекше күрделендi.
Апатты
жағдайды болдырмау үшiн Түскен суды Сырдария өзенiнiң төменгi жағына бұрынғыдан
2 және одан да көп есе ағызып жiберу қажеттiлігі туындап отыр. Сонымен қатар
Сырдария өзенi арнасының су өткiзу қабiлетi соңғы 35-40 жылда Түбiнiң лайлануы
мен жасанды құрылыстардың (понтондық көпiрлер, өткелдер және т.т.) салынуынан
күрт төмендедi.
Осы тұрғыдан өңiрде қазiрдiң
өзiнде осы проблеманы шешу жөнiнде шаралар қабылдануда. Сырдария өзенiнiң ағынын
реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiн сақтап қалу жөнiндегі жоба iске
асырылуда, бұл 2006 жылы аяқталады. Жоба Солтүстiк Арал теңiзiнде бөлiп тұратын
бөгеттi, Сырдария өзенiнде су ағытқыш пен Ақлақ тiреуiш бөгетiн, әйтек су көтеру
бөгетiн салуды, Шардара бөгетiн қайта жөндеудi, Қызылорда және Қазалы су
тораптарын қалпына келтiрудi және басқа да жұмыстарды
көздейдi.
Қызылорда қаласында қоршаған орта
мониторингi және халықтың денсаулығын қорғау жөнiндегі орталық жұмыс iстей
бастады.
3.3. Әлеуметтік-экономикалық
жағдай
3.3.1.
Су пайдалануды және ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз ету
жағдайы
Арал өңiрiнде халықтың 70 пайызынан астамы ауыз суды сумен жабдықтаудың
орталықтандырылмаған көздерiнен пайдаланады.
Қолданыстағы су құбырларының санитарлық-техникалық жағдайы су құбырлары
құрылыстары мен су тарату желiлерiне жоспарлы-профилактикалық жөндеу
жұмыстарының жүргiзiлмеуiнен, су құбырлары мен құрылыстарының ауыстырылмауынан
нашарлауда.
Арал өңiрiнiң төңiрегiндегi Ақтөбе
облысының өңiрлерiнде халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерi
шешiлмеген елдi мекендер саны едәуiр. Мәселен, Ақтөбе облысының Байғанин
ауданында халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 2003 жылдың басында
7,5% құрады. Соңғы 10 жыл iшiнде осы облыстың Ырғыз ауданында сапалы ауыз сумен
қамтамасыз ету 53,0-ден 42,7%; Мұғалжар ауданында - 83,0-ден 69,3%-ға; Темiр
ауданында - 86,6-дан 80,5%-ғa дейiн төмендедi. Байғанин ауданының Байғанин
кентiнде, Мұғалжар ауданының Жұрұн селосында Темiр ауданының Алтықарасу
селосында су құбырлары жұмыс iстемейдi. Ырғыз ауданының жекелеген селоларында
халық iшуге пайдалану мақсатында Торғай өзенiнiң ашық тоғандарынан алынатын суды
әкелiнетiн сумен бiрдей пайдаланады.
Оңтүстiк
Қазақстан облысының Отырар ауданы халқының 41,5%-ы әкелінетін суды
пайдаланады.
Қарағанды облысының ашық
тоғандардағы суды пайдаланатын ауылдық елдi мекендерiнiң неғұрлым көп саны
Ұлытау ауданында орналасқан. 52 елдi мекеннiң 14-i қоғамдық құдықтың, 21-i ашық
тоғандардың суын, 2-i әкелiнетiн суды
пайдаланады.
Қызылорда облысын ауыз сумен
қамтамасыз етудiң жағдайы қанағаттанғысыз, мұнда да көптеген ауылдық елдi
мекендердегі халық құдықтың суын, әкелiнетiн суды, сондай-ақ ашық көздердің суын
пайдаланады.
Ауыз сумен жабдықтау саласында
Қызылорда облысы бойынша 1992 жылдан бастап 2002 жылға дейiн республикалық
бюджет есебiнен 1060,98 млн. теңге сомасына 15 жоба iске асырылғанын айта кеткен
жөн. Бұдан басқа, 2001-2003 жылдар аралығында жергілiктi бюджеттен "Таза су"
өңiрлiк бағдарламасы шеңберiнде ауыз сумен қамтамасыз етуге 293,3 млн. теңге
бөлiндi. Арал, Жалағаш, Қазалы, Сырдария аудандарының халқын ауыз сумен
қамтамасыз ету, Жиделі топтық су құбырын қайта салу сияқты iрi жобалар iске
асырылды.
3.3.2.
Халықтың денсаулығы
Арал өңiрi халқының ауруға шалдығу деңгейi 1992 жылдан бастап ұлғайды және 2002
жылы орташа республикалық көрсеткiштен асып
Түсті.
2002 жылы Қызылорда облысында ауруға
шалдығу 100 мың адамға шаққанда 71538-дi құрады, орташа республикалық мәндегі
бұл көрсеткiш 57518-дi құрайды. 1992 жылмен салыстырғанда ауруға шалдығу 100 мың
адамға шаққанда 1,6 есеге, Арал және Қазалы аудандары бойынша шамамен 2 есеге
өсті. Ақтөбе облысының Шалқар ауданында халықтың ауруға шалдығуы 1992 жылы 100
мың адамға шаққанда 18231-ден 2002 жылы 59145-ке дейiн, яғни 3,2 есеге өсті.
Республика бойынша тұтастай алғанда 1992-2002 жылдар аралығында халықтың ауруға
шалдығу көрсеткiшiнiң өсу үрдiсi жоқ. Қарастырылып отырған өңiрлердегi ауруға
шалдығудың өсуi азаматтардың медициналық жәрдемге жүгiнуiмен және қызмет көрсету
сапасының жақсаруымен, оның шынайы өсуiмен де Түсiндiрiледi. Сонымен бiрге, 2002
жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Мұғалжар, Teмip, Байғанин, Ырғыз
аудандарында ауруға шалдығу 1992 жылмен салыстырғанда 100 мың адамға шаққанда
30247-ден 38338-ге дейiн ауытқып отырды, бұл орташа республикалық көрсеткiштен
едәуiр төмен.
Өңiр бойынша туберкулезбен ауыру
жоғары, бұл көрсеткiш 2002 жылы 100 мың адамға шаққанда республика бойынша -
165-тi құраса, Қызылорда облысы бойынша - 292-нi, Ақтөбе облысы бойынша - 259-ды
құрады. Туберкулезбен ауыратындардың көпшiлiгі Қызылорда қаласында байқалады -
100 мың адам санына - 373, Қызылорда облысының Арал ауданында - 360, Ақтөбе
облысының Ырғыз ауданында 100 мың адамға 320-дан
келедi.
Сонымен қатар Оңтүстiк Қазақстан
облысының тиiстi аудандарындағы туберкулезбен ауратындар саны орташа
республикалық көрсеткiш шегінде немесе одан
төмен.
Вирусты гепатит бойынша ахуал
шиеленiскен жағдайда қалып отыр, бұл Арал өңiрiнiң жекелеген өңiрлерiндегi ауыз
су сапасының нашарлығының куәсi.
Бала туу
деңгейi жоғары болғанмен, ұрпақ әкелетiн жастағы әйелдер мен балалар арасында
ауруға шалдығушылықтың жоғары деңгейi сақталып отыр. әйелдер денсаулығының
индексi төмен. Экстрагениталдық патология деңгейi жоғары. ЖҮктi әйелдер қан
аздықтан, бҮйрек патологиясынан, ұрпақ әкелу органдарының қабынуынан зардап
шегуде. Нәресте өлiмiнiң көрсеткiшi жоғары.
Тұтастай алғанда, Арал өңiрi аудандарында соңғы жылдар iшiндегi халықтың жалпы
өлiм-жiтiмi орташа республикалық көрсеткiштен төмен, 1000 адамға орташа 7-8
оқиғаны құрайды. Мәселен, 2002 жылы ел бойынша халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000
адамға шаққанда 10,0, бұл көрсеткiш Қызылорда облысы бойынша 7,5 құрады, ал
халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда - 12,9, Оңтүстiк Қазақстан облысының
Түркiстан қаласында, Отырар, Шардара, Арыс, Созақ аудандарында 2002 жылы
халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 4,7-ден 6,9-ғa дейiн ауытқып
отырды, Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Темiр, Шалқар аудандарында 2002 жылы
халықтың жалпы өлiм-жiтiмi 1000 адамға шаққанда 7,2-7,8-дi, осы облыстың
Мұғалжар ауданында - 8,9-ды құрады.
Қарағанды
облысының Ұлытау ауданы бойынша өлiм-жiтiм көрсеткiшi көрсетiлген жылы 1000
адамға шаққанда 8,5-тi құрады.
3.3.3.
Халықты әлеуметтік қорғау
Тұтастай Арал өңiрi бойынша халықтың тұрмыс деңгейi тұтастай ел бойынша тұрмыс
деңгейiне қарағанда төмен. Халықтың күнкөрiс минимумынан төмен кiрiсi бар үлесi
Қызылорда облысы бойынша 2000 жылы 51,6%-ды, 2001 жылы - 39,5%-ды, 2002 жылы -
32,3%-ды құрады, бұл көрсеткiш республика бойынша - тиiсiнше 31,8, 28,4 және
24,2%. Бұл облыста еңбекақы деңгейi бойынша да артта қалу байқалады. 2002 жылы
облыс бойынша бұл 17,0 мың теңге, оның iшiнде Арал ауданы бойынша - 13,7 және
Қазалы ауданы бойынша - 15,6 мың теңгенi құрады, ал көрсетiлген жылы республика
бойынша орташа еңбекақы 20,0 мың теңгеден артық
болды.
Арал өңiрiндегi жұмыссыздық деңгейi
тұтастай республика бойынша жұмыссыздық деңгейiнен әдеттегідей жоғары. Арал
өңiрiнiң төңiрегiндегi өңiрлер бөлінiсiнде жұмыссыздықтың неғұрлым жоғары
деңгейi Қызылорда облысында байқалады. Егер тұтастай республика бойынша 2000
жылы жұмыссыздық деңгейi 12,8%-ды, 2001 жылы - 10,4%-ды, 2002 жылы - 9,3%-ды
құраған болса, ал Қызылорда облысында тиiсiнше - 14,5, 12,6 және 12,5%-ды
құрайды.
Сонымен бiрге, талдау Арал өңiрiне
жататын аудандардағы жұмыссыздық деңгейiн сипаттайтын көрсеткiштер Ақтөбе және
Оңтүстік Қазақстан облыстарында орташа облыстық көрсеткiштерден төмен екендiгiн
растайды.
Соңғы он жыл iшiнде өңiрден халықтың
тұрақты көшуi байқалуда. Мәселен, 1993 жылдан бастап 2002 жыл аралығында
Қызылорда облысынан 117,1 мың адам көшiп кеткен және көрсетiлген кезең iшiнде
көшi-қонның терiс сальдосы 56,1 мың адамды құрады, оның iшiнде Арал және Қазалы
аудандарына 15,1 мың адам келедi.
Ақтөбе
облысының Арал өңiрi аймағына жататын аудандарында 1999 жылдан бастап 2003 жылғы
1 қазан аралығындағы кезеңде көшi-қонның терiс сальдосы 9,6 мың адамды, оның
iшiнде Шалқар ауданынан 2,5 мың адамды құрады.
Қарағанды облысының Ұлытау ауданында 1992-2002 жылдары көшi-қонның терiс
сальдосы 9,8 мың адамды құрады, бұл ретте 2002 жыл iшiнде аудан халқының саны
барлығы 17,3 мың адамды құрады.
Осы өңiрлердiң
халқын әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
1992-1998 жылдар
аралығында халыққа заттай жеңiлдiктер бюджеттегi қаражатқа байланысты берiлдi.
Бұл жеңiлдiктердi ауылдан гөрi қала халқы көп пайдаланғанын айта кеткен
жөн.
1996 жылы "Арал өңiрiндегі экологиялық
қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес экологиялық қасiрет
себебiнен мүгедек болған адамдарға және асыраушысынан айрылған отбасыларға
шеккен зияны үшiн өтемақы төлеу толық жүзеге
асырылды.
1999 жылғы сәуiрде "Қазақстан
Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы қабылданды, осыған орай бұрынғы заттай жеңiлдiктер ай
сайынғы арнайы мемлекеттік жәрдемақылар төлеумен ауыстырылды. Мұндай саясат тек
бюджет қаражатын ұтымды жұмсауға, бюджеттiң атқарылуын бақылауға ғанa емес,
сонымен бiрге арнаулы әлеуметтік көмек беруге қол жеткiзуге, елiмiздiң бұрын
жеңiлдiктердi пайдаланған барлық азаматтарының мемлекеттік әлеуметтiк көмекпен
қамтамасыз етiлуге бiрдей қол жеткiзуiне мүмкiндiк
бердi.
"Қазақстан Республикасындағы арнаулы
мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына байланысты Арал
өңiрi аумағында тұратын адамдарға 2005 жылдың 1 қаңтарына дейiн заттай жеңiлдiк
беру тоқтатылды.
1999 жылғы сәуiрден 2004
жылғы 1 қаңтар аралығындағы кезеңде Қызылорда облысының әлеуметтiк жағынан
қорғалатын санат қатарындағы тұрғындарына республикалық бюджеттен 4057,3 млн.
теңге сомасында арнайы мемлекеттiк жәрдемақы төлеу жүзеге
асырылды.
2002 жылдан бастап жыл сайын
республикалық бюджеттен мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек пен тегін
медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн көрсетуге мақсатты трансферттер
бөлiнiп келедi. Осы мақсаттарға 2002-2003 жылдары Ақтөбе және Қызылорда
облыстарының бюджеттерiне 908,9 млн. теңге сомасында мақсатты трансферттер
бөлiндi. 2004 жылға арналған республикалық
бюджетте:
Қызылорда облысының бюджетiне тегiн
медициналық көмектің кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету үшiн 122,3 млн. теңге
мөлшерiнде, Арал және Қазалы аудандарының халқына мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк
көмек көрсету үшiн - 156,8 млн. теңге;
Ақтөбе
облысының бюджетiне тегін медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету
үшiн - 17,1 млн.теңге мөлшерiнде, Шалқар ауданының халқына мемлекеттік атаулы
әлеуметтік көмек көрсету үшiн - 43,2 млн. теңге мақсатты трансферттер
көзделдi.
Тұрғын үй заңнамасына сәйкес
коммуналдық қызмет көрсету жөнiндегi жеңiлдiктер халықтың әлеуметтiк осал
топтарының тұрғын үйiн ұстауға арналған тұрғын үй көмегi Түрiнде
берiледi.
2003 жылы республикалық бюджеттен
атаулы әлеуметтік көмекке Қызылорда, Ақтөбе облыстарына жергiлiктi бюджетте
көзделген қаражатқа қосымша жалпы сомасы 344,4 млн. теңге мақсатты трансферттер
бөлiндi.
Экологиялық қасiрет аймақтарында
тұрған адамдар:
жасы 55-ке келген және
көрсетiлген аймақтағы жалпы жұмыс өтiлi 25 жыл болған
ерлер;
жасы 50-ге келген және көрсетiлген
аймақтағы жалпы жұмыс өтiлi 20 жыл болған әйелдер 1996 жылғы 16 маусымға дейiн
жасы бойынша зейнетке жеңiлдiк шарттарымен шығуға құқығы болды ("Қазақ ССР-iнiң
азаматтарын пенсиямен қамтамасыз ету туралы" Қазақ ССР-iнiң 1991 жылғы 17
маусымдағы Заңының 13-бабы).
"Қазақстан
Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңының 8-тармағына сәйкес "Арал
өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк
қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 1-тармағына өзгерiстер
енгізiлдi, оларға сәйкес экологиялық апат және экологиялық дағдарыс аймақтарында
тұрып жатқан және 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың
экологиялық қолайсыз жағдайларда тұрып жатқаны үшiн мынадай аймақтар бойынша
коэффициент қолданыла отырып зейнетақы алуға құқығы
бар:
экологиялық апат -
1,5;
экологиялық дағдарыс -
1,3.
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы
Заңының 5-бабына сәйкес мемлекет 1998 жылғы 1
қаңтарға дейiн зейнетке шыққан азаматтардың зейнетақы мөлшерiн сақтауға кепiлдiк
бередi, сондықтан қазiргi уақытта жоғарыда аталған коэффициенттер мен көтермелер
зейнетақы мөлшерiне кiредi.
"Арал өңiрiнiң
экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 13-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына
сәйкес экологиялық қасiрет аймағында тұратын халыққа экологиялық жағынан
қолайсыз жағдайда тұрғаны үшiн:
экологиялық
апат аймағы бойынша - 1,5;
экологиялық
дағдарыс аймағы бойынша - 1,3;
жағдайы
экологиялық дағдарыс алдындағы аймақ бойынша - 1,2 коэффициентi Түрiнде
қосымша еңбекақы белгiленген.
Көрсетiлген
коэффициенттер жұмыскердiң лауазымдық жалақысына (тарифтiк ставкаға)
есептеледi.
Осылайша, көрсетiлген заң кесiмi
қолданысқа енген сәттен бастап осы уақытқа дейiн экологиялық қасiрет аймағында
тұратын жұмыс iстейтiн халық белгiленген коэффициенттер ескерiлген еңбекақы
алуда.
Бұдан басқа, осы Заңның 13-бабына
сәйкес:
экологиялық апат аймағы бойынша -
12;
экологиялық дағдарыс аймағы бойынша -
9;
жағдайы экологиялық дағдарыс алдындағы
аймақ бойынша - 7 күнтiзбелiк күн жыл сайын ақы төленетiн қосымша демалыс
берiледi.
Еңбек демалысын берумен бiрге жыл
сайын сауықтыруға арналған айлық тарифтік ставка немесе лауазымдық жалақы
мөлшерiнде материалдық көмек көрсетiледi.
Арал
өңiрi халқының тұрмыс деңгейiн жақсартуға бағытталған қабылданған шаралар
нәтижесiнде ел бойынша тұтастай алғандағыдай халықтың орташа жан басына
шаққандағы табысы өсуде. Бұл туралы мемлекеттік атаулы әлеуметтiк көмек алушылар
санының азаюы куәландырады. Егер алушылар саны 2002 жылы Ақтөбе облысының
Байғанин, Мұғалжар, Темiр, Шалқар, Ырғыз аудандарында 41,7 мың адамды, Қарағанды
облысының Ұлытау ауданында - 2,6 мың адамды, Қызылорда облысында - 130,6 мың
адамды, Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандарында -
24,3 мың адамды құраса, ал 2003 жылғы 1 қарашада тиiсiнше 20,5, 1,7, 67,3, 14,7
мың адамды құрады.
Арал өңiрi аумағында
тұратын азаматтар, сондай-ақ бала тууға байланысты бiр жолғы төлемдер,
коэффициент қолданылатын стипендиялар, жыл сайын қосымша төленетiн демалыс алу
құқығын пайдаланады.
Бұл ретте, әлеуметтік
көмек Түрлерiн төлеу халықтың сапалы тыныс-тiршілігін қалыптастырудағы негізгі
факторлар болып табылатын флора мен фаунаның биологиялық саналуандығының
қысқаруы, халықтың сапалы ауыз сумен қанағаттанғысыз қамтылуы, жайылымдар мен
егiстік жерлердiң тозуы сияқты проблемаларды шешуге әсер
етпейдi.
3.3.4.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Өткен жылдары Арал өңiрiнде әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту жөнiнде шаралар
қабылданды. Өңiрде туберкулезге қарсы ауруханалар, перзентханалар, орталық
аудандық ауруханалар, мектептер мен басқа да объектiлер
салынды.
1992 жылдан бастап 2002 жылға дейiн
Қызылорда облысы бойынша республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты
есебiнен әлеуметтік саланы, сумен жабдықтауды және инфрақұрылымды жақсартуға
бағытталған 55 жоба iске асырылды.
Көрсетiлген
жылдар iшiнде 31 мектеп қатарға қосылды және қайта
жөнделдi.
1993 жылы республикалық бюджеттiң
қаражаты есебiнен Тереңөзек кентiнде Сырдария орталық аудандық ауруханасы
салынды.
2002 жылғы шiлдеде республикалық
бюджет қаражаты есебiнен Қызылорда қаласында құны 76,6 млн. АҚШ доллары болатын
көп бейiндi аурухана кешенi пайдалануға берiлдi. Жергілiктi бюджет есебiнен
Жалағаш орталық аудандық ауруханасы салынды.
2003 жылға арналған деректер бойынша Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласында,
Темiр ауданының Шұбарқұдық кентiнде, Ақтөбе облысының Шалқар қаласында
туберкулез ауруханасы жоқ, осы облыстың Байғанин ауданында ескi ғимараттың
авариялық жағдайына байланысты аудандық аурухана салу қажет. Қызылорда облысының
халқы қолданыстағы объектiлердiң авариялық жағдайына байланысты немесе оларды
нормативтерге жеткiзу үшін үш туберкулез ауруханасын, екi перзентхана орталық
аудандық аурухана салуға мұқтаж. Оңтүстiк Қазақстан облысының Apaл өңiрiнiң
аудандарында төрт туберкулез ауруханасын, перзентхана мен аудандық аурухана салу
проблемасы тұр.
Арал өңiрiнде негiзiнен
қолданыстағы білім объектілерiнiң авариялылығы себептi бiрiншi кезекте 13 мектеп
салу қажет.
Алыстағы ауылдық елдi мекендердi
электрмен, телефонмен және телерадиотрансляциямен жабдықтау мәселесi
тұр.
3.3.5.
Арал өңірі экономикасының жай-күйi
Өңiрдiң экономикасы шикiзат бағытының күшеюiмен, өндiрiстiң техникалық және
технологиялық артта қалуымен, өңдеушi өнеркәсiптің жеткiлiксiз дамуымен және
өндiрілетiн өнiмнiң бәсекелік қабiлетінiң төмендiгімен
сипатталады.
Қызылорда облысындағы өнеркәсiп
өндiрiсiнiң тұрақты үрдiсi кен өндiру өнеркәсiбiн дамытумен, мұнай өндiру
көлемiнiң ұлғаюымен байланысты. 2003 жыл iшiнде Қызылорда облысында республикада
өндiрiлетiн шикi мұнайдың бестен бiр бөлiгі өндiрілдi, бұл шамамен 10 млн.
тоннаны құрайды. Сонымен бiрге, өңiрде мұнай-химия өнеркәсiбi
дамымаған.
Қазiргі уақытта инвестициялардың
шикiзат бағыты өнеркәсiптегi қалыптасқан теңсiздiктi одан әрi ушықтырды.
Мәселен, Қызылорда облысының өнеркәсiп өнiмдерi көлемiндегi өңдеушi өнеркәсiптiң
үлес салмағы 2003 жылы тек 3,3%-ды құрады.
Егер бұрын облыста өңдеушi өнеркәсiп көлемiнiң жартысынан көбi тоқыма, тiгiн
және металлургия өнеркәсiбiне келген болса, ал қазiргі уақытта көлемнiң
жартысынан көбі ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу мен машина жасауға
келедi. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң артылып қалған негiзгi
массасы өндiрiстiң өзiндiк құнының жоғарылығына байланысты өндiрiлетiн өнiмнiң
бәсеке қабiлетсiздiгiнен қайта өңделмейдi.
Облыста елдегі тауарлық күрiштiң 85%-ы өндiрiледi. КҮрiш шаруашылығы аймағында
шамамен 300 мың адам тұрады, олардың табысы мен тұрмыс деңгейi негізiнен сол
саланың жағдайына тәуелдi. Сонымен бiрге, күрiш өсiруде судың өте көп көлемi
(24000 текше м/га), ал күнбағыс өндiрiсiнде едәуiр аз немесе 3000 текше м/га,
қант қызылшасына - 5000 текше м/га сафлора - 5500 текше м/га пайдаланылатынын
баса айтқан жөн.
2004 жылдан бастап "Қызылорда
өңiрiн экологиялық теңгерiмдi дамыту" ТАСИС жобасы iске асырыла бастады. Жобаның
басты мақсаттарының бiрi ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру, оларды
күтiп баптау процесiн жетiлдiру және су ресурстарын басқаруды жақсарту жолымен
Қызылорда облысында су ресурстарын пайдаланудың тиiмдiлігін ұлғайту болып
табылады. Жобаның бюджетi 2 млн. евроны
құрайды.
Өңiрде инфрақұрылымды жақсарту мен
жетiлдiру жөнiндегі жұмыстар бар. 2003 жылы Қызылорда қаласының жанынан Сырдария
өзені арқылы жобалық құны 1744,7 млн. теңге тұратын көпiрлiк өткел салу
аяқталды.
Ақтөбe, Қарағанды облыстарында да
экономикалық өсу тау-кен өндiру өнеркәсiбiмен байланысты. Мәселен, соңғы жылдары
Ақтөбе облысында Жаңажол кен орнында газ өңдеушi зауыт қайта жөнделдi, Ақтөбе -
Жаңажол магистральды газ құбыры және әлiбекмола - Кеңқияқ магистральды мұнай
құбыры пайдалануға енгізiлдi. Қарағанды облысының Ұлытау ауданында Жездi байыту
фабрикасы жұмыс iстейдi. Оңтүстік Қазақстан облысының Арал өңiрiнiң
төңiрегіндегi өңiрлерiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн бастапқы өңдеу жөнiндегі,
атап айтқанда мақта-шиті, жүн және тағы басқаларды өңдеу жөнiндегi кәсiпорындар
енгiзiлдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен
мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты халықтың сапалы өмiр сҮру деңгейiне әсер ететiн
экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк факторларды жақсарту жөнiндегі шаралар
кешенiн iске асыру есебiнен Арал өңiрi проблемаларын шешу болып
табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшiн
Бағдарламада мынадай мiндеттердi шешу
көзделген:
экологиялық ахуалды
оңалту;
халықты
сауықтыру;
әлеуметтiк инфрақұрылымды
дамыту;
ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз
ету;
өңiрде экономикалық белсенділiктi арттыру
үшiн жағдай туғызу, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту және суды ұтымды
пайдалану;
қоныс аудару iс-шараларын
ұйымдастыру.
Бөлiнген мiндеттердi шешу әртүрлi
бағыттағы шаралардың кең ауқымын әзiрлеудi және iске асыруды
болжайды.
5. Бағдарламаны iске асырудың негізгі бағыттары мен
тетiгі
Қойылған мақсатқа қол жеткiзу және мiндеттердi шешу негізгi төрт бағыт бойынша
жүзеге асырылады. Бұл - экологиялық ахуалды оңалту, халықты сауықтыру, өңiрдiң
экономикасының табысты жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасау, қоныс аудару iс-шараларын
пысықтау.
5.1. Экологиялық ахуалды
оңалту
Өңiрдiң экожүйесiн сақтау мен жақсарту үшiн:
2004-2006 жылдары Сырдария өзенiнiң арнасын реттеу және Арал теңiзiнiң солтүстiк
бөлiгiн сақтап қалу жөнiндегi жобаны iске
асыру;
Сырдария өзенiнiң жер бетi суларының
сапасын кешендi бағалауды жүргiзу және оның төменгi жағына экологиялық су жiберу
нормаларын анықтау;
қоршаған ортаны қорғаудың
2005-2007 жылдарға арналған әзiрленетiн бағдарламасы шеңберiнде Арал өңiрi
аймақтарының шөлейттенуiне қарсы күрес жөнiндегi шараларды
көздеу;
Арал теңiзiнiң бассейнiнде жердiң
тозуының алаңын алу және тоқтата тұру, және тозған жерлердi қалпына келтiру
жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлеу;
өңiрдiң
биологиялық сан алуандылығын сақтау жөнiндегі шараларды
қабылдау;
Сырдария өзенiнiң сағасында тоғайлы
ормандар мен жайылым жерлердi сақтау және қалпына келтiруге бағытталған
шараларды жүзеге асыру;
Торғай мемлекеттiк
табиғи зоологиялық қаумалындағы 33 көлдi сақтау үшiн суды реттейтін шлюздер салу
жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
Қызылорда
қаласының қоршаған ортасы мен оның халқының денсаулығының мониторингiн
жүргiзу;
Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан
облыстарында бөгеттердiң, су қоймаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мен елдi
мекендерiн қыс мерзiмiнде судың көтерiлу шығындарынан қорғау жөнiндегі
ұсыныстарды әзiрлеу;
"Арал өңiрiндегi
экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау
туралы" Қазақстан Республикасының Заңының қолданысына жатқызылатын
ауылдық аумақтарда экологиялық-демографиялық зерттеулер жүргізiледi, әкiмшiлiк
аудандардың экологиялық паспорттары жасалады, қоршаған ортаның жай-күйiне
бақылау жасайтын пункттер желiлерi кеңейетiн болады.
5.2. Халықты сауықтыру, әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту
және сапалы ауыз суға қол жеткiзудi қамтамасыз
ету
Мынадай шараларды iске асыру қарастырылуда:
"Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының қолданысына жатқызылатын
аумақтарда тұратын халықтың денсаулығы туралы кешендi қорытынды
әзiрлеу;
Арал өңiрiнiң өңiрлерiнде денсаулық
сақтау желiлерiнiң жағдайына талдау жүргiзу және оны одан әрi дамыту жөнiнде
ұсыныстар дайындау;
әлеуметтік инфрақұрылымды
одан әрі дамыту мақсатында:
Арал өңiрiнiң
өңiрлерiнде бiлiм беру желiлерiнiң жағдайына талдау жүргiзу және оны одан әрi
дамыту жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
Ақтөбе
облысының Қандыағаш, Шалқар қалалары мен Шұбарқұдық кентінде туберкулезге қарсы
аурухана және Байғанин ауылында аудандық аурухана, Тасқопа, Кенесу ауылдарында
мектеп салу;
Қызылорда облысында Жосалы
кентiнде туберкулезге қарсы диспансер, Арал қаласында және Тереңөзек кентiнде
туберкулезге қарсы аурухана, Жаңақорған кентiнде орталық аудандық аурухана, Арал
қаласында, Ақтөбе, Тартоғай, Бесарық ауылдарында, Төретам кентiнде мектеп
салу;
Оңтүстiк Қазақстан облысында Түркiстан
қаласында туберкулезге қарсы диспансер, Шолаққорған, Мелдіби, Ортақ ауылдарында,
Новострой және Көрiз бөлiмшелерiнде мектеп салу
көзделуде.
Өңiрде Бағдарламаны iске асыру
кезеңiнде республикалық бюджет есебiнен 13 мектеп салу көзделiп
отыр.
Сапалы ауыз суға қол жеткiзудi
қамтамасыз ету үшін:
Арал өңiрiнiң халқын
сумен жабдықтау жағдайына кешендi бағалау жүргізу және оны одан әрi жақсарту
жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу;
Арал өңiрiнiң
елдi мекендерiн сумен жабдықтау және оның санитариясы жобасын iске
асыру;
Ақтөбе облысында Байғанин ауылында су
құбырын және "Ырғыз-Тельман-Коминтерн" магистральды су аққысын
жаңарту;
Қызылорда облысында Арал-Сарыбұлақ,
Жиделi және Октябрь топтық су құбырларын, Жосалы аудан орталығында су құбырын,
Қызылорда қаласында сарқынды суларды биологиялық тазарту стансасын, Қаратерең
кентiнде "Струя" су тазарту қондырғысын, Шиелi кентiнде тарату желiлерiн салуды,
Жаңақорған кентiн Жиделі топтық су құбырына қосу бөлігінiң құрылысын бастауды,
Жиделi топтық су құбырын, Жаңақорған кентiнде сумен жабдықтау жүйесiн, Төретам
кентiнде тарату желiлерiн жаңартуды, Жалағаш аудан орталығында су құбырын
кеңейтудi жүзеге асыру;
Қызылорда қаласының су
құбыры мен кәрiз желiлерiн жаңарту жөнiнде ұсыныстар
енгізу;
Оңтүстік Қазақстан облысында Кентау -
Түркiстан топтық су құбырының құрылысын жүзеге асыру, Шардара топтық су құбырын
жаңарту, Созақ ауданының Қарақұр ауылын сумен қамтамасыз ету және Түркiстан
қаласын сумен жабдықтауды жақсарту қарастырылуда.
5.3. Өңiрде экономикалық белсендiлiкті арттыру үшiн жағдай
жасау, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту және суды ұтымды
пайдалану
Өнеркәсiптiң өңдеу саласын, ауыл шаруашылығын дамыту үшiн өңiрде экономикалық
белсендiлiкті арттыру, өндiрiстiк инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалатын
болады.
Қызылорда қаласының жылу-энергетикалық
көздерiн және тұрғын үй секторын iлеспе газға көшiру қамтамасыз етiледi, бұл
жылу және электр энергиясын арзан өндiруге мүмкiндiк бередi, сондай-ақ
Шұбарқұдық - Байғанин және басқа да газ құбырларын салу мәселелерi
қарастырылған.
Қызылорда қаласының коммуналдық
объектiлерi желiлерiнiң жай-күйiне, инженерлiк инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлу
деңгейiне талдау жасау және оларды одан әрi дамыту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу
көзделуде.
Өңiрде жол құрылысы саласында
"Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы" автожолын, "Қызылорда -
Шымкент - Ақтөбе облысының шекарасы" учаскесiндегi "Самара - Шымкент" автожолын
жаңарту сияқты iрi жобалар iске асырылатын
болады.
Арал өңiрi аймағында Қызылорда
облысының Арал, Қазалы және Ақтөбе облысының Шалқар шағын қалалары орналасқан.
Арал және Шалқар қалалары күйзелiске ұшыраған шағын қалалар тiзбесiне
енгiзiлген. Осы екi қаланың халқының өмiр сүруiн қамтамасыз ететiн объектiлердi
дамытуды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 2004-2006 жылдары облыс
бюджеттерiне 75 млн. теңгеден мақсатты трансферттер бөлу көзделiп
отыр.
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгін
қамтамасыз ету үшiн және суды ұтымды пайдалану
үшiн:
Арал өңiрi экономикасының салаларында су
шаруашылығы объектiлерiн оңалту және суды ұтымды пайдалану жөнiндегі ұсыныстарды
дайындау;
9 магистральды және шаруашылықаралық
арна, 9 су қоймасы, 1 коллекторды жаңарту және қайта
жөндеу;
Тоғыскен және Жаңақорған - Шиелi
жаппай суару, Жаңадария және әуаңдария суару - су өткiзу тракттарының су
шаруашылығы объектiлерiн жаңарту және қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды
дайындау;
Өңiрлiк аграрлық азық-түлiк
бағдарламалары шеңберiнде Арал өңiрiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiне тұзға
төзiмдi және құрғақшылыққа шыдамды өсiмдiк сорттарын, егін шаруашылығының
экологиялық таза технологияларын енгiзу жөнiндегi ұсыныстарды
енгiзу;
Арал-Сырдария бассейнiнде құнды балық
Түрлерiн сақтау, көбейту және ұтымды пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеу,
Қызылорда облысының Арал ауданында балық үдейтiн кәсiпорындар салу жөнiнде
ұсыныстар әзiрлеу көзделiп отыр.
Арал өңiрi
экономикасының нақты секторында "Қазақстанның Даму банкi", "Ұлттық инновациялық
қор", "Инвестициялық компания: Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлiк
қоғамдарын және басқа даму институттарын тарту арқылы Қазақстан Республикасының
индустриялық-инновациялық даму стратегиясы шеңберiнде инвестициялық жобаларды
қаржыландыру мәселелерi әзiрленетiн болады. Арал өңiрiнде шағын кәсiпкерлiктi
дамыту үшiн "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк қоғамының жұмысы
жандандырылуда.
5.4. Қоныс аудару іс-шараларын
ұйымдастыру
Қабылданған және қабылданатын шараларға қарамастан, бiрқатар ауылдық елдi
мекендердiң экономикалық перспективалары жоқ және экологиялық тұрғыдан тұру үшін
қауiпсiз емес, оның салдарынан халықты осы ауылдардан (селолардан) қоныс аудару
проблемаларын шешу қажеттiгі туындайды.
Осыған
байланысты:
демографиялық және көшi-қон
ахуалына қосымша талдау жүргiзу және оның негiзiнде басқару шешiмдерiн
қабылдау;
экономикалық перспективасы жоқ және
экологиялық тұрғыдан тұруға қолайсыз ауылдық елдi мекендердiң тiзбесiн
нақтылау;
осы елдi мекендерден қоныс аударуға
жататын отбасылар санын, қоныс аудару кезеңдерiн және осы мақсаттарға
қаржыландырудың қажеттi көлемiн анықтау;
экологиялық қасiрет аймағынан қоныс аударған халықтың еңбекке жарамды
жастағылары үшiн жұмыс орындарын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзу көзделiп
отыр.
Қоныс аудару iс-шаралары тек қана
әлеуметтiк-экономикалық емес, сол сияқты психологиялық сипат алатынын ескере
отырып, ауыртпалықсыз кезең-кезеңмен қоныс аударуды жүзеге асыратын бiрқатар
ұйымдастыру шараларын дайындау кезекте тұр.
5.5. Бағдарламаны iске асырудың
тетiгі
Кешендi iс-шараларды кезең-кезеңмен орындау көзделiп отыр, бұл орталық және
жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн барынша үйлестіруге әрi қаржылық және
материалдық мүмкiндiктерiн шоғырландыруға мүмкiндiк
бередi.
Бағдарламаны iске асыру тетігінің
тиiмдiлігiн Арал өңiрi проблемаларын шешудiң барлық бағыттары бойынша мақсатты
бағытталған және келiсiлген iс-әрекетпен қамтамасыз ету көзделiп отыр.
Сондықтан, Бағдарламаны iске асырудың нақты шаралары мен тетіктерi экологияны
оңалтуды сумен жабдықтауды және елдiң инфрақұрылымын дамытуды көздейтiн басқа да
салалық бағдарламаларда көрiнiс табады.
Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкiмдерiне
әзiрленетiн өңірлік бағдарламаларда Қазақстан Республикасының "Арал өңiрiндегi
экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау
туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Заңының қолданылуына жататын аумақтарды
дамыту жөнiндегi кешендi шаралар мен тетiктердi қарастыру ұсынылып
отыр.
Бағдарламаның мақсатына қол жеткiзудi
және мiндеттерiнің шешiлуiн оның iске асырылуына тұрақты мониторинг жүргiзу
арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi бақылайды, мониторинг орталық,
сондай-ақ өңiрлiк деңгейде жүзеге асырылады.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру
көздерi
Бағдарламаның кешендi сипаты бар, сондықтан өңiрдiң проблемаларын кешендi шешуге
2004-2006 жылдары бағытталатын негiзгi қаражат экологияны оңалтуға, аумақтар мен
халықты сумен жабдықтауды жақсартуға, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған
қолданыстағы мемлекеттiк және салалық бағдарламалар шеңберiнде көзделетiн
болады.
Оларға:
Автожол саласын дамытудың 2001-2005
жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы;
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы;
"Бiлiм" мемлекеттiк бағдарламасы;
"Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы;
2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы
жатады.
Бұдан басқа, Бағдарлама шеңберiнде
республикалық бюджеттен мақсатты инвестициялық трансферттер есебiнен
қаржыландырылатын басымды республикалық инвестициялық жобалар мен жергiлiктi
инвестициялық жобалар тiзбесiне енгiзiлген, 2004-2006 жылдары қаржыландыру
көлемiнiң жалпы сомасы 17285,33 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы - 5051,28,
2005 жылы - 7884,33, 2006 жылы - 4349,72 млн. теңге болатын жобаларды iске асыру
көзделедi.
Арал өңiрiнiң проблемаларын шешуге
республикалық бюджеттен барлығы 44796,56 млн. теңге, оның iшiнде 2004 жылы -
10693,41 млн. теңге, 2005 жылы - 16077,09 млн. теңге, 2006 жылы - 18026,06 млн.
теңге көлемiнде қаражат бөлу көзделіп отыр.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн
нәтижелер
Тұтастай алғанда Бағдарламаны iске асыру өңiрдегі экологиялық ахуалды
жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен, ең алдымен ауылдық жерде тұратын халықтың
денсаулық сақтау, бiлiм беру, сумен қамтамасыз ету, көлiк және коммуникация
қызметiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге ықпал етуi
тиiс.
Арал өңірi мен елiмiздiң өзге де
өңiрлерінің халқының өмiр сҮру жағдайларының айырмашылығы
қысқарады.
Бағдарламаны iске асыру нәтижесi
өңiрде экономиканың шикізаттық емес, импорт алмастырушы және экспортқа
бағытталған секторын құру болуы тиiс.
Арал
өңiрiнiң индустриялық-инновациялық дамуы өңiр экономикасына құрылымдық қайта
құру жүргiзудi, шикiзаттық емес секторға инвестициялар мен қазiргі заманғы
деңгейдегі технологияларды тартуды, өндiрiстердi техникалық қайта жарақтандыру
мен жаңғыртуды, жаңа жұмыс орындарын жасауды әрі рынокты бәсекеге қабiлетті
өнiмдермен толтыруды қамтамасыз етедi.
Бағдарламаны iске асыру кезеңiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен 7
туберкулезге қарсы аурухана және диспансер, 11 мектеп, 9 магистральды және
шаруашылықаралық арна, 9 су қоймасы, 1 коллектор және басқа да объектiлер
салынады және қайта жөнделедi.
8. Арал өңiрiнiң проблемаларын кешенді шешу жөніндегі
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөнiндегi іс-шаралар
жоспары
___________________________________________________________________
p/c
| |Аяқталу|Орында.| Орындау|
Болжалды |Қаржы.
N | Iс-шара
|нысаны |луына | (іске
|
шығындар |лан.
|
| |(iске | асыру) |
(млн. |дыру
| |
|асыры. | мерзім |
теңге) |көзі.
|
|
|луына) | | |дері
|
|
|жауапты|
| |
___________________________________________________________________
1 | 2
| 3 | 4 |
5 |
6
| 7
___________________________________________________________________
1.
Экологиялық ахуалды оңалту
1.1 "Арал өңiрiнде. Қазақ. Қорша. Жыл
2004 жыл -
Респу.
гi экологиялық стан ғанор.
сайын
9,0 бли.
қасiрет салда. Респу.
таминi 4-тоқсан
2005 жыл -
калық
рынан
зардап