"Орал
арматура зауыты" ашық акционерлік қоғамының конкурстық массасын сатудың ерекше
шарттары мен тәртібі туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 538
қаулысы
Қазақстан Республикасы экономикасы Үшін маңызды стратегиялық мәні бар, Батыс
Қазақстан облысында орналасқан "Орал арматура зауыты" ашық акционерлік қоғамының
банкрот болып танылуына және бекіту арматурасы өндірісін сақтаудың әрі дамытудың
қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ "Банкроттық туралы" Қазақстан
Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңының 2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Қазақстан
Республикасының
1) бірыңғай лотпен бүкіл мүліктік
кешенді сатуды;
2) лоттың ең төменгі құнын
бірінші және екінші кезектегі кредит берушілер талаптарының сомасынан төмен емес
етіп, сондай-ақ әкімшілік шығыстарды белгілеуді көздейтін таратылатын "Орал
арматура зауыты" ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қоғам) конкурстық
массасын сатудың ерекше шарттары мен тәртібі белгіленсін.
1) сатып
алушының (не оның құрылтайшысы - заңды тұлғаның) арматура жасауда жұмыс
тәжірибесі болуы;
2) сатып алушының бекіту
арматурасын өндіру бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау жөнінде міндеттеме
қабылдауы;
3) сатып алушының саны кемінде 350
адам Қоғам қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз
етуі;
4) сатып алушыда Батыс Қазақстан
облысының әкімдігімен келісілген бекіту және реттеу арматурасының жаңа тҮрлерін
игеру жөніндегі Қоғамды дамыту бағдарламасының болуы.
Премьер-Министрі