Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Мұнай
және газ саласындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту туралы негіздемелiк
келiсiмге қол қою туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 543
қаулысы
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi (бұдан
әрi "Тараптар" деп аталады)
Тараптар мұнай және газ саласындағы ынтымақтастықты одан әрi нығайту үшiн екi
елдiң кәсiпорындарын қолдау бойынша тиiмдi шаралар қабылдауға
келiседi.
Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумағында мұнай
мен газды барлау, өндiру, өңдеу және тасымалдау жөнiндегi бiрлескен жобаларға өз
мемлекеттерiнiң кәсiпорындарының қатысуына, сондай-ақ өз мемлекеттерiнiң ұлттық
заңнамаларына сәйкес өзара тиiмдi инвестициялық жағдай жасауға және мемлекеттер
кәсiпорындарының рұқсаттарды, жеңілдiктер мен преференцияларды алуына
жәрдемдеседi.
Тараптар мұнай саясаты, технологиялар, жобалар, сауда мәселелерi бойынша және
басқа да салалар бойынша ақпарат алмасуға және консультациялар жүргізуге
жәрдемдеседi, екi елдiң мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығын жаңа кезеңге
шығаруға мүмкiндiк беретiн мұнай және газ саласындағы өз елдерiнiң
кәсiпорындарының ынтымақтастығы үшiн мүмкiндiк бередi және қажеттi қолайлы
жағдайлар жасайды.
Тараптар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен Қытай Ұлттық
Мұнай-газ Корпорациясының Қазақстан Республикасының аумағындағы Атасудан Қытай
Халық Республикасының аумағындағы Алашанькоуға дейiн мұнай құбырын (бұдан әрi
"Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры") салу жөнiндегi жоспарларын iске асыру үшiн
қолайлы жағдай жасайды және Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының жобасын табысты
iске асыру мақсатында оны iске асырудың төмендегi негізгi принциптерiне
келiседi:
Тараптар "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен Қытай Ұлттық
Мұнай-газ Корпорациясының арасындағы Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салудың
негізгi принциптерi туралы келiсiмге қол қоюды
қолдайды.
Екi тараптың осы Келiсiмдi iске асыру бойынша уәкiлеттi
органдары:
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасында
белгiленген тәртiппен табиғи монополия субъектiлерiнiң Қазақстан
Республикасындағы магистралдық мұнай құбырлары бойынша мұнайды транзитпен үшiншi
елдерден тасымалдауға және табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылауды және
реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның мұнай тасымалдау бойынша көрсететiн
қызметтерiне арналған тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) бекiту мәселелерi
бойынша кемсiтпейтiн әдiстердi қолдануға кепiлдiк
бередi.
Қытай Халық Республикасының Үкiметi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртiппен Атасу-Алашанькоу құбырымен тасымалдау үшiн ресурстық
базаны құру мақсатында Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы мен Қытай Халық
Республикасының басқа да мұнай компанияларының Каспий теңiзiнiң қазақстандық
секторындағы мұнай-газ кен орындарын барлауға және игеруге қатысуын
қолдайды.
Тараптар кездесулер жүргiзуге, мұнай және газ саласындағы саясатқа, ақпаратқа
және ынтымақтастық жобаларына қатысты алмасулар мен консультацияларды белсендi
жүргiзуге келiстi.
Тараптар Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi мен Қытай Ұлттық Мұнай-газ корпорациясына 1997 жылғы 24 қыркүйектегi
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен
Қытай Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясы арасындағы кен орындарын игеру және мұнай
құбырларын салу жобалары туралы бас келiсiмдi одан әрi қолдануды тоқтату
қажеттiлiгiн қарауды тапсыруға келiседi.
Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi
болып табылатын хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзiледi.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану бойынша даулар пайда болған
жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен консультациялар арқылы
шешедi.
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл мерзiмге
жасалады. Егер Тараптардың бipeуi екiншi Тарапқа оның қолданылуын тоқтату ниетi
туралы жазбаша хабарландыру жiбермесе, осы Келiсiмнiң қолданылуы өзiнен-өзi
келесi бес жылға ұзартылады.
Осы Келiсiм 2004 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ,
қытай және орыс тiлдерiнде жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң бiрдей күшi
бар. Осы Келiсімнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер пайда болған
жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгінедi.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық
Республикасының
Премьер-Министрі
Қытай
Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
Мұнай және газ саласындағы жан-жақты
ынтымақтастықты
дамыту туралы
негiздемелiк келiсiм
екi мемлекет
арасындағы достық байланыстарды нығайту, мұнай және газ саласындағы олардың
ынтымақтастығын ынталандыру мақсатында
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының арасындағы мұнай-газ
саласындағы ынтымақтастық өзара толықтыратын сипатта екенiн, сондай-ақ екi
мемлекеттiң де экономикалық дамуы үшiн маңызы зор осы саладағы екi елдiң
ынтымақтастығын одан әрi кеңейту үшiн географиялық басымды екенiн ескере
отырып,
теңдiк, өзара тиiмдiлiк және ұзақ
мерзiмдi ынтымақтастық қағидаттарына сәйкес
төмендегiлер туралы келiстi:
1) мұнай құбырын қаржыландыру,
жобалау, салу және пайдалану мұнайды тасымалдаудың мемлекетаралық жүйелерiн құру
бойынша көпшiлiк мойындаған халықаралық стандарттар мен принциптердiң негізiнде
iске асырылатын болады;
2) Тараптар жобаның
инвесторларына, мердiгерлiк және жобалық ұйымдарға мұнай өнеркәсiбiнде
қолданылатын, талаптарды төмендетпейтiн және өз мемлекеттерiнiң ұлттық
заңнамаларына қарама-қайшы келмейтiн халықаралық стандарттарға сәйкес бiрыңғай
техникалық талаптарды, қауiпсiздiк, денсаулықты және қоршаған ортаны қорғау
нормаларын және экологиялық нормативтердi пайдалану құқығын
бередi;
3) табиғи монополия саласындағы
қызметтi бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi орган бекiтетiн
табиғи монополияның субъектiсi көрсететiн қызметтерге арналған тарифтер
(бағалар, алым ставкалары) қызмет көрсету (тауарларды, жұмыстарды өндiру) үшiн
қажеттi шығындардан төмен болмауы және табиғи монополия субъектiсiнiң тиiмдi
жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн пайданы алу мүмкiндігін ескеруi
тиiс.
Тараптар қажет болған жағдайда
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын салу жобасын табысты iске асыру үшiн келiсiмге
және басқа да құжаттарға қол қою қажеттiлігіне
келiседi.
қазақстандық тараптан - Қазақстан
Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгі;
қытай тарапынан - Қытай Халық
Республикасының Даму және реформалар мемлекеттiк комитетi болып
табылады.
Жоғарыда аталған уәкiлеттi
органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптарға уақытында
дипломатиялық арналар бойынша хабарланатын болады.
Қазақстан Республикасының уәкiлеттi
органы:
Қытай Халық Республикасына
тасымалданатын мұнайға, оның iшiнде транзиттік мұнайға арналған экспорттық
квоталарды беруге байланысты мәселелердi
шешуге;
Қазақстан Республикасындағы
магистралдық мұнай құбыры жүйесiн Атасу-Алашанькоу мұнай құбырымен бiрiктiруге
кепiлдiк бередi.
Қытай
Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының және ол тағайындаған Қытай Халық
Республикасының басқа да шаруашылық жүргiзетiн субъектiлерiнiң мұнайды
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырымен одан әрi тасымалдау үшiн сатып алу-сатуға
арналған ұзақ мерзiмдi шарттар жасасуына;
Атасу-Алашанькоу мұнай құбырын iске қосу күнiне қарай Алашанькоу пунктiнен
мұнайды әрi қарай тасымалдау үшiн қажеттi Қытай Халық Республикасының
аумағындағы мұнай тасымалдау инфрақұрылымын салуды аяқтауға және оны аталған
мұнай құбырымен қосуға кепiлдiк бередi.
Бұл жағдайда,
Тараптардың бiреуi екiншi Тараптың тиiстi жазбаша хабарландыруын алғаннан кейiн
алты айдан соң осы Келiсiмнiң қолданылуы тоқтатылады.
Үкiметi
үшiн
Үкiметi
үшiн