Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi арасындағы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу
туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 544
қаулысы
Қазақстан Республикасының
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай
Халық Республикасының Үкiметi,
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына және осы Келiсiмнiң ережелерiне
сәйкес:
1. Тараптар импортталатын және экспортталатын тауарларға салынатын кедендік
баждарды және басқа да төлемдердi жинау, тауарларды әкелу мен әкетуге қатысты
белгiленген рәсiмдер мен ресми қажеттілiктен өту кезiнде өзара неғұрлым қолайлы
режим ұсынады.
Тараптар өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес бiр Тарап мемлекетiнiң
аумағында өндiрiлген тауарлармен сауданы, iшкi салық салу мен басқа да iшкi
алымдар саласында, iшкi сауданы, тасымалдауды, өнiмдi сатуды және пайдалануды
реттейтiн заңнама саласында iшкi өндiрiстiң ұқсас өнiмiне қолданылатын режимнен
кем емес қолайлы режиммен қамтамасыз етеді.
Тараптардың әрқайсысы өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес басқа
Тараптың мемлекетi тауарларының транзитi үшiн қолайлы жағдайлар
ұсынады.
Импортталатын тауарлардың шыққан елi әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына
сәйкес және олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттар шеңберiнде
айқындалады.
Тараптар өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес шекара маңындағы сауданы
дамыту үшiн қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бiрлескен iс-шаралар
жүргiзедi.
1. Екi мемлекет арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердiң саудасы кезiнде
төлемдер мен ақша қаражатының аударымдары ағымдағы шоттардың айырбасталымдылық
қағидатына сҮйене отырып, сондай-ақ валюталық реттеу саласындағы өз
мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге
асырылады.
Осы Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн
Тараптар:
1. Осы Келiсiмнің ережелерi Тараптардың әрқайсысының олардың ұлттық заңнамасына
немесе олар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес мынадай
мақсаттарда тауарлардың экспортына, импортына және транзитiне тыйым салу немесе
шектеу жөнiнде шаралар қабылдау құқықтарын
шектемейдi:
Тараптар бiр-бiрiне сауданың әділ режимiн ұсыну үшін сауда саясаты және сауда
заңнамасы саласында диалогты нығайтатын болады.
Тараптар екiншi Тарап мемлекетінiң жеке, заңды тұлғаларына және өзге де
ұйымдарына өз мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамасына немесе олар қатысушылары болып
табылатын халықаралық шарттарға сәйкес зияткерлiк меншiктi қорғау саласында
ұлттық режим ұсынады.
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып
табылатын жеке хаттамалармен немесе ноталар алмасу нысанында ресiмделетін
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкін.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдану жөнiнде даулар мен
келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар оларды келiссөздер мен
консультациялар өткiзу арқылы шешетін болады.
Осы Келiсімнің ережелерiн iске асыру Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа
да халықаралық шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн
қозғамайды.
Осы Келiсiм күшiне енгеннен бастап 1991 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм өз қолданылуын
тоқтатады.
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың
орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап күшiне
енедi.
2004 жылғы 17 мамырда Пекин қаласында екi түпнұсқалық данада, әрқайсысы қазақ,
қытай және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердің күшi
бiрдей.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық
Республикасының
Премьер-Министрі
келiсiм
екi мемлекет
арасында достық қатынастарды дамытуды қанағаттанарлықпен атай
отырып,
2002 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Тату көршiлiк, достық және
ынтымақтастық туралы шарттың және 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасы
мен Қытай Халық Республикасы арасындағы 2003-2008 жылдарға арналған
ынтымақтастық бағдарламасының ережелерiн iске асыру
мақсатында,
тең құқықты және өзара тиiмдi
негiзде ұзақ мерзiмдi және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды одан әрi
дамытуға жалпы ұмтылысты басшылыққа ала
отырып,
сауданы дамыту мен әртараптандыруды
ынталандыру, Тараптар үшiн пайдалы экономикалық ынтымақтастықты белсендi түрде
кеңейту мақсатында,
төмендегілер туралы
келiсті:
1) екi мемлекет арасындағы сауданы
ынталандыру және дамыту;
2) әртүрлi салаларда
экономикалық ынтымақтастықты ұзақ мерзiмдi дамытуды ынталандыру жөнiндегi барлық
қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында
көзделген ережелер мынадай жағдайларда
қолданылмайды:
1) егер Тараптардың бiрi басқа
да iргелес мемлекеттерге шекара маңындағы сауда үшiн қолайлы режим ұсынса немесе
ұсынуы мүмкiн болса;
2) егер Тараптардың бiрi
кедендік одақты, еркiн сауда аймағын қоса алғанда, ол қатысушысы болып табылатын
өңiрлiк сауда келiсiмдерiнiң қатысушыларына қолайлы режим ұсынса немесе ұсынуы
мүмкiн болса.
2. Тараптар еркiн айырбасталымды
валютаны алуға, оның болуына, сақталуына, төлеуге және аударуға, сондай-ақ
ауыстыруға қатысты екi мемлекеттiң жеке, заңды тұлғаларына және өзге де
ұйымдарына неғұрлым қолайлы режим ұсынады.
1) мүдделi мемлекеттiк органдар,
әртүрлi кәсiби ұйымдар мен қауымдастықтар, сауда-өнеркәсіп палаталары,
ғылыми-зерттеу институттары және ұйымдар арасындағы байланыстар мен
ынтымақтастықты;
2) әртүрлi жәрмеңкелер мен
көрмелер өткiзудi;
3) ғылыми-техникалық
конференциялар, симпозиумдар, семинарлар
ұйымдастыруды;
4) консультациялар
ұсынуды;
5) қаржы мекемелерінің арасындағы
ынтымақтастықты;
6) екi жақты экономикалық
ынтымақтастықта шағын және орта кәсiпорындардың
қатысуын;
7) ақпараттық технологияларды,
электронды сауданы, технопарктердi және т.б. дамытуды ынталандыру үшiн қолайлы
жағдайлар жасайды.
2. Егер әрбiр нақты
жағдайда өзгеше тәртiп келiсілмесе, осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты барлық
шығыстарды Тараптар дербес көтередi.
1) ұлттық қауіпсiздiктi
қорғау;
2) қоғамдық мүдделер мен моральдi
қорғау;
3) адамдардың денсаулығын, өмiрi мен
қауіпсiздігін қорғау, жануарлар мен өсiмдiктердi
қорғау;
4) зияткерлiк меншiктi
қорғау;
5) ұлттық көркем, тарихи және
археологиялық құндылықтарды қорғау;
6)
қоршаған ортаны қорғау;
7) таусылып бара
жатқан табиғи ресурстарды қорғау.
2. Жоғарыда
көрсетiлген тыйым салулар мен шектеулер орынсыз кемсiтушілiктiң немесе екi
мемлекет арасындағы саудаға астыртын шек қоюдың құралы болмауы
тиiс.
Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады
және Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi
Тараптан жазбаша хабарлама алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн
қолданылады.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде
келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн
болады.
Yкiметi
үшiн
Yкiметi үшiн