Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi комитетiн құру туралы келiсiмге қол қою
туралы
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 мамырдағы N 545
қаулысы
Қазақстан
Республикасының
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Yкiметi (бұдан
әрi - "Тараптар" деп аталатын),
1. Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасында
Ынтымақтастық жөнiндегі комитет (бұдан әрi - "Комитет" деп аталатын)
құрады.
Комитетті құрудың негiзгі мақсаты сауда-экономикалық, көлік, Ғылыми-техникалық,
қаржы, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, ұлттық, қоғамдық,
экономикалық қауiпсiздiк салалары мен стратегиялық маңызы бар iрi ынтымақтастық
жобаларын жоспарлау мен ұзақ мерзiмдi ынтымақтастық бағдарламаларын әзiрлеудi
қоса алғанда, басқа да салалардағы Тараптардың ынтымақтастығын үйлестiру болып
табылады.
Комитеттiң әр бөлiгiнiң төрағасы әрбiр Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес
Премьер-Министрдiң орынбасары деңгейiнде
тағайындалады.
1. Тараптар Комитет шеңберiнде мынадай Кiшi комитеттер (бұдан әрi - "Кiшi
комитеттер" деп аталатын) құрады:
1. Комитеттiң екi бөлiгі Хатшылықтарының функцияларын Қазақстан Республикасы мен
Қытай Халық Республикасы сыртқы iстер министрлiктерiнiң тиiстi департаменттерi
орындайды. Атқарушы хатшылардың мiндеттерiн екi елдiң сыртқы iстер
министрлiктерiнiң тиiсті басшылары орындайды.
1. Комитеттің және Комитет шеңберiндегі Кiшi комитеттердiң мәжiлiстерiн өткiзуге
байланысты шығыстарды қабылдаушы тарап
көтередi.
Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келісiмнiң ажырамас бөлiгі болып
табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетін өзгерiстер мен толықтырулар
енгізiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiнде даулар туындаған
жағдайда, Тараптар оларды достық консультациялар жолымен шешетін
болады.
Осы Келiсiм Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық
шарттардан туындайтын олардың құқықтары мен мiндеттемелерiн
қозғамайды.
Осы Келiсiмнiң күшiне енуiмен 1992 жылғы 26 ақпанда Пекин қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi
арасындағы Қазақстан-қытай үкiметаралық сауда-экономикалық және
ғҒылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегі комиссиясын құру туралы келiсiм
өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
2001 жылғы 12 қыркүйектегi екi мемлекеттiң Премьер-Министрлерi қол қойған
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi
арасындағы Трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау саласындағы
ынтымақтастық туралы келiсiмге сәйкес бұрын құрылған Қазақстан-қытай
трансшекаралық өзендердi пайдалану және қорғау жөнiндегi бiрлескен комиссиясы
екi мемлекеттің трансшекаралық өзендерiнiң ресурстарына байланысты тиiстi
жұмыстарға жауап бередi. Бұл комиссия Қазақстан-қытай ынтымақтастық жөнiндегi
комитетiне қол жеткiзiлген уағдаластықтар туралы баяндауға
мiндеттi.
Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және бес жыл бойы
қолданылады. Егер Тараптардың ешқайсысы Келiсiмнiң қолданылуының кезектi кезеңi
аяқталғанға дейiн алты айдан кешiктiрмей оның қолданылуын өзiнiң тоқтату ниетi
туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарламаса, ол келесi бес жылдық кезеңге
ұзартылатын болады.
2004 жылғы "____" _________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, қытай және орыс
тiлдерiнде екi данада жасалды, әрi барлық мәтiннiң күшi
бiрдей. Қазақстан
Республикасының Қытай Халық
Республикасының
Премьер-Министрі
екi ел
арасындағы тату көршiлiк пен достық қатынастарды тереңдетуге ниет бiлдiре
отырып,
2003 жылғы 6 маусымдағы "Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы
2003-2008 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасын" iске асыру және
Тараптардың жан-жақты ынтымақтастығын екi ел халықтарының игiлігі үшiн әртүрлi
салаларда iлгерiлету мақсатында,
теңдiк пен
өзара тиiмділік қағидаттарына сәйкес,
мына
төмендегілер туралы келiсті:
2. Комитет жұмысының негiзгi нысаны
әдетте жылына бiр рет, бiрақ тұрақты негізде емес Комитеттің тең төрағаларының
басшылығымен Қазақстанда және Қытайда кезекпен өткiзiлетiн Комитеттің мәжiлiсi
болып табылады. Практикалық қажеттiлiкке сәйкес арнайы мәжiлiс
өткiзiледi.
3. Комитет жұмысының тәртiбi мен
жоспары оның мәжiлiстерiнде айқындалады. Комитеттің шешiмi ымыралық негізде
қабылданады және қол қойылған күнiнен бастап күшiне енетiн хаттамалармен
ресiмделедi.
1)
Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi
комитет:
Қазақстан тарапының үйлестiрушi
органы: Индустрия және сауда министрлiгi;
Қытай тарапының үйлестiрушi органы: Коммерция
министрлiгi.
2) Көлiктiк ынтымақтастық
жөнiндегi кіші комитет:
Қазақстан тарапының
үйлестiрушi органы: Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi;
Қытай тарапының үйлестіруші
органы: Коммуникациялар министрлiгi.
3) Өткiзу
пункттерi арасындағы және кеден iсi саласындағы ынтымақтастық жөнiндегі кiшi
комитет:
Қазақстан тарапының үйлестiрушi
органы: Кедендiк бақылау агенттігі;
Қытай
тарапының үйлестiруші органы: Кедендiк бас
басқармаӘ
4) Ғылыми-техникалық
ынтымақтастық жөнiндегi кiшi комитет:
Қазақстан тарапының үйлестiрушi органы: Бiлiм және ғҒылым
министрлiгi;
Қытай тарапының үйлестiрушi
органы: Ғылым және техника iстерi жөнiндегі
министрлiгi.
5) Қаржылық ынтымақтастық
жөнiндегi кiшi комитет:
Қазақстан тарапының
үйлестiрушi органы: ёлттық Банк;
Қытай
тарапының үйлестiрушi органы: Қытай Халық
банкi.
6) Энергетика саласындағы ынтымақтастық
жөнiндегi кiшi комитет:
Қазақстан тарапының
үйлестiрушi органы: Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi;
Қытай тарапының үйлестiрушi
органы: Даму және реформа iстерi жөнiндегі мемлекеттік
комитет.
7) Геология және жер қойнауы
саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi
комитет:
Қазақстан тарапының үйлестiрушi
органы: Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгі;
Қытай тарапының үйлестiрушi
органы: Жер және табиғи ресурстар министрлігi.
8) Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөнiндегі кiшi
комитет:
Қазақстан тарапының үйлестірушi
органы: Мәдениет министрлiгi;
Қытай тарапының
үйлестiрушi органы: Мәдениет министрлiгi.
9)
Қауiпсiздiк саласындағы ынтымақтастық жөнiндегi кiшi
комитет:
Қазақстан тарапының үйлестiрушi
органы: Сыртқы iстер министрлігі;
Қытай
тарапының үйлестіруші органы: Сыртқы iстер
министрлiгi.
2. Тараптардың өзара уағдаластығы
бойынша Комитет шеңберiнде тұрақты және уақытша жұмыс органдары, соның iшiнде
жекелеген Кiшi комитеттер құрылады және
таратылады.
3. Әрбiр
Тарап Кiшi комитеттердiң төрағаларын тағайындайды және олардың құрамын
қалыптастырады.
4. Кiшi комитеттер Комитет
мәжiлістерiнде бекiтiлетiн жұмыстың негiзгi бағыттары мен тәртiбi туралы
ережелер әзiрлейдi.
5. Тараптар екi елдiң
бiрiнде кезекпен өткiзiлетін Комитет мәжiлiстерiнiң мерзiмдерi мен Күн тәртiбi
жөнiндегі ақпараттарды күнi бұрын келiседi және олармен өзара
алмасады.
2. Қажет болған жағдайда Тараптар өзара келiсiм бойынша Комитеттiң екi бөлiгінiң
Атқарушы хатшыларының кездесуiн өткiзедi.
2. Мәжiлiстерге қатысуға байланысты
шығыстарды әрбiр Тарап дербес көтередi.
Yкiметi
үшiн
Үкiметi үшiн