Табиғи және
техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында байланыс операторларының
желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындарды өтеу
ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 115 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасы
1. Осы Ереже "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес табиғи және техногендiк
сипаттағы төтенше жағдайлар уақытында (бұдан әрi - төтенше жағдайлар) байланыс
операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген
шығындарды өтеу тәртiбi мен мерзiмдерiн
белгілейдi.
Премьер-Министрi
Үкiметiнiң
2005
жылғы 7 ақпандағы
N 115
қаулысымен
бекiтiлген
уақытында байланыс операторларының желiлерi
мен
құралдарын пайдалану кезiнде
оларға келтiрiлген
шығындарды өтеу
ережесi
2. Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлар кезiнде байланыс операторларының желiлерi
мен құралдарын пайдалануға басымдық құқығы бар уәкiлетті мемлекеттiк органдар
оларға шығындарды осы Ережеге сәйкес өтейдi.
3. Төтенше жағдайлар аудандарының аймағынан тыс төтенше жағдайларды жою
уақытында байланыс операторларының желiлерi мен құралдарын пайдалану кезінде
оларға келтірілген шығындар мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамаға сәйкес
байланыс қызметтерiне ақы төлеу үшiн байланыс операторлары мен уәкілетті
мемлекеттік органдар арасында жасалған шарттар негiзiнде
өтеледі.
Байланыс операторларына көрсеткен
қызметтерiне ақы төлеу қызмет көрсету уақытында осы операторлардың қолданыстағы
тарифтерi бойынша уәкілеттi мемлекеттiк органдар тиісті бюджеттерде көздейтiн
бюджет қаражаты есебiнен жҮргiзiледi.
4.
Төтенше жағдайлар аудандарының аймақтарынан байланыс операторларының желiлерi
мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға келтiрiлген шығындар Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайлардың салдарын жоюға бөлiнетiн
қаражаттан өтеледi.
Көрсетiлген қызметтерге
ақы төлеу қызмет көрсету уақытында осы операторлардың қолданыстағы тарифтерi
бойынша және олардың желiлерi мен құралдарын пайдалану кезiнде оларға
келтiрiлген нақты шығындарды растайтын ұсынылған құжаттар негiзiнде
төленедi.
5. Осы Ереженiң 3 және
4-тармақтарында көзделген жағдайларда байланыс операторларының желiлерi мен
құралдарын пайдалану кезiнде келтiрiлген шығындар төтенше жағдайларды жою
жөнiндегi жұмыс аяқталған сәттен бастап бiр айдан кешiктiрiлмейтiн мерзiмдерде
өтеледi.
6. Қажет болған жағдайда шығындарды
өтеудiң өзге де мерзiмдерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына
сәйкес келiсiлуi мүмкiн.