2005 жылғы
астықты мемлекеттiк сатып алу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 7 ақпандағы N 116 Қаулысы
Республиканың азық-түлiктiк қауiпсіздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету,
стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттiк
сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы
Заңының 21-бабы1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының
1) 2005 жылғы 25 шiлдеге дейiнгі
мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса
алғанда және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер
салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен
11288 (он бiр мың екi жүз сексен сегiз) теңге баға бойынша 4345880000 (төрт
миллиард үш жүз қырық бес миллион сегiз жүз сексен мың) теңге сомасына 385000
(Үш жүз сексен бес мың) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай
астығы;
2) күзде тiкелей сатып алу
арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр
тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда және қосылған құн салығын
төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн
салығын есептемей, франко элеватор шартымен 11288 (он бір мың екі жүз сексен
сегiз) теңге баға бойынша 1862502000 (бiр миллиард сегiз жүз алпыс екi миллион
бес жүз екi мың) теңге сомасына 164999 (бiр жүз алпыс төрт мың тоғыз жүз тоқсан
тоғыз) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай
астығы.
Премьер-Министрі