Ақтау
қаласының Бас жоспары туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 10 ақпандағы N 128 Қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi N
242-ІІ Заңына сәйкес және Маңғыстау облысының әкiмшiлiк орталығы Ақтау
қаласының құрылысын кешендi дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан
Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты мақұлдаған Ақтау қаласының Бас
жоспары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ақтау қаласы бас жоспарының негiзгi
ережесi
1. Жалпы ереже
Ленинград жобалау институтының сәулетшiлерi соңғы бекiткен бас жоспары 1983 жылы
орындалды.
Экономика және тұрғын үй
саясатындағы үлкен өзгерiстер, қаланың жаңа бас жоспарын жобалау қажеттігін
туғызды. Ақтау қаласының бас жоспарын әзiрлеуге қалалық бюджетінен қаражат
бөлінді.
2003 жылдың сәуірінде Ақтау қаласының
бас жоспарын әзiрлеу жөнiндегi қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алуға
конкурс өткiзiлдi. Жеңiмпазы болып "КадастрГрадПроект" ЖШС ОФ белгiлендi, ол
шартқа сәйкес Ақтау қаласының бас жоспарын әзiрлеудi
аяқтады.
Ақтау қаласы әкiмiнiң жұмыс бабындағы
кеңесiнде қаланы дамытудың 7 нұсқасы қаралып, соның нәтижесiнде сегiзiншi
нұсқасы әзiрлендi, ол одан әрi жобалау үшiн түпкiлiктi нұсқа ретiнде
қабылданды.
Қаралатын жоба, қаланы кешендi
дамытуды, қала құрылысын салуды аймаққа бөлудi, қоғамдық қызмет көрсету жүйесiн
қалыптастыруды, көлiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамытуды, ұзақ мерзiмдi
болжамды кезеңге аумақтарды абаттандыруды және резервке қалдыруды айқындайтын
негiзгi құжат болып табылады.
Бас жоспарды
әзiрлеу екi сатыда жүргiзiлдi:
- Қаланың 2030
жылға дейiнгi кезеңге арналған қала құрылысы дамуының
тұжырымдамасы;
- 2020 жылға дейiн есептелген
мерзiмi бар Бас жоспары.
2. Жобалық шешiмінің жалпы
сипаттамасы
Ақтау қаласы 2020 жылға дейiнгi кезеңде Қала құрылысы дамуының Тұжырымдамасына
сәйкес Каспий теңiзiнiң жағалық жолағын бойлай солтүстiк-батыс бағытқа қарай
дамитын болады. Солтүстiк-шығыс жағында қала құрылысын салу Ақтау -
Форт-Шевченко автомобиль магистралына дейiн кеңейтiлетiн
болады.
Қаланың екi бөлiкке - ел қоныстанған
(батыс) және өнеркәсiп - өндiрiстiк (шығыс) аймаққа бөлiнуi сақталады. Қалада
өзiнiң қалыптасқан аумақтық ауқымында, өнеркәсiп - өндiрiстiк бөлiгi, ел
қоныстанған бөлiктен бiрнеше есе асып түседi. Тұжырымдамада өнеркәсiптiк
аумақтың сыртқы Шекарасы өзгерiссiз сақталған, ал ел қоныстанған аумақ 3 еседен
аса ұлғайтылған. Өнеркәсiптік әлеуеттiң дамуы әрекет үстiндегi кәсiпорындарды
қайта ұйымдастыру, тығыз құрылыс салу және жер учаскелерiн барынша тиiмдi
пайдалану есебiнен жүргiзiлетiн болады.
Қала
құрылысын салуды игеруге қажеттi аумақ есептелiмге сәйкес 4700 га құрайды. Осы
алаңға Ақтаудың солтүстiк - батыс аумағы мен Маңғыстау, Қызылтөбе, Бiрлiк,
Дәулет, Баянды, Приозерный поселкелерiнiң маңайындағы аумақтар енедi. Бас
жоспарды әзiрлеу кезеңiнде жоғарыда аталған поселкелер 2001-2003 жылдарда
жаңадан жеке тұрғын үй құрылысын салу есебiнен белсендi түрде кеңейе
түстi.
Ақтау қаласының орналасқан жерiнiң
табиғи ерекшелiгi тұрғысынан мынадай функционалдық бағыттар қабылданды. Бүкiл
қаланы бойлай жатқан жағалық жолақ пен одан тысқары жерлер халықтың демалысы
үшiн тартымды жер болып табылады сондықтан да бас жоспардың жобасында оған
жағажайлар, спорт және көңiл көтеретiн кешендер, кафе, қонақ үйлер,
санаториялар, пансионаттар, саябақтар, аттракциондар мен демалыстың басқада
объектiлерi орналастырылған тынығу аймағы
қарастырылған.
Қаланың солтүстiк - батыс
жағына орналасқан жаңа аумақтарда Орталық, Басқұдық, Солтүстiк (болжамдық) үш
жаңа тұрғын жай алабы Солтүстiк - шығыс жағында орналасқан "Металлург" баубақша
қоғамдастығының әрекет үстiндегi тұрғын үй құрылысын салу аумағында, "Шығыс"
жеке тұрғын жай алабын ұйымдастыру көзделген "Маңғыстау" тұрғын жай алабы,
онымен аттас темiр жол станциясы ауданында
қалыптастырылады.
Қошқар-Ата қалдықтар
қоймасының (қалдық сақтаушы) және тұрғын жай құрылысының санитарлық-қорғау
жолағы шегiнде, Ақтау - Форт-Шевченко автомобиль жолын бойлай, солтүстiк - шығыс
жақтағы аумақ тек өнеркәсiптiк - өндiрiстiк, коммуналдық - қоймалық және
инженерлiк объектiлердi орналастыру үшiн ғана пайдаланылады. Осынау аумаққа
әйелдер қолын қажет ететiн зиянсыз өндiрiстегi кәсiпорындар орналастырылатын
болады, мұның әлеуметтiк көзқарас тұрғысынан маңызы
зор.
Осынау екi аймақ арасындағы аумақтар
шегiнде тұрғын үй және қоғамдық құрылыстарды орналастыру көзделген. Қаланың жаңа
құрылыс салу бағыты, қашықтығы көлденеңi 5 км-ден - 1,5 км-ге дейiн азайтылып,
әрекет үстiндегi құрылыс салу шекарасынан ұзындығы 9 км солтүстiк - батыс
бағытқа созылып пiшiн үйлесiмдiлiгiне ие
болады.
Сәулеттiк - жоспарлау мен кеңiстiк
ортаны қалыптастыру кезiнде басты тартымды фактор Каспий теңiзi болып
табылады.
Осы тұрғыдан, жобада бойлай және
көлденең жатқан магистральды көшелерi бар қаланың ұдайы жоспарлы құрылымы
анықталған.
Магистральды көшелер арасындағы
қашықтық 500-900 метр шегiнде алынды.
Жоспарлама қаңқасы, қала келбетiн қалыптастыратын, магистраль маңайындағы
аумағымен астасатын бойлық және көлденең магистральдар және ара-тұра қиылыстар,
сәулеттiк ансамбльдер мен кешендер желiсiнен тұрады. Бойлық бағытында - бұл үш
негiзгi магистральдан: бipeуi - қаланы теңiз жағынан көмкерiп жатқан жаға тұстан
өтедi. Онда тынығу - туристiк, сауықтыру, көңiл көтеру сипатындағы орталықтар,
қонақ үйлер, жасыл желектi саябақтар мен гүлзарлар, жағажайлар орналастырылады.
Басқа екi магистраль өнеркәсiп аймағын айналып өтiп, бiреуi - аудандық қызмет
көрсете қамту орталықтарын бiрiктiрiп, өнеркәсiп аймағынан ел қоныстанған
аумаққа келедi; екiншiсi оңтүстiк жақтан бұрынғы Ленин көшесiн бойлай
жалғастырып, қиылыстарда iрi желiлiк әкiмшiлiк - қоғамдық орталық көрiнiстерi
(бac почтамт, әкiмшiлiк ғимараттар, бизнес - орталығы, жобалау бюросы)
қалыптасқан, көп функциональды орталық (карьер орнындағы) арқылы өтiп, қала
шекарасына қарай созылады.
Суретті
қағаз мәтінінен қараңыз
Осы магистральға әкiмшiлiк - қоғамдық, сауда, iскерлiк, спорт, мәдени
функциональдық мақсаттағы жалпықалалық орталықтар шоғырландырылады. Осылайша,
әрбiр бойлық магистральдың өзiндiк мынадай басымдық функциясы
бар:
- солтүстiк магистраль еңбек ететiн
жерлерге жақындатылған;
- орта магистраль -
жалпы қалалық маңызы бар әртүрлi функциональды орталықтарды
шоғырландырады;
- жағалаудағысында - тынығу -
көңiл көтеру сипаты басым болады.
Осы
магистраль Ақшұқыр поселкесiне қарай бағытталған және қаланың келешек даму
Тұжырымдамасы бойынша қаладағы iрi спорт орталығы - ипподром болып тұйықталады.
Көлденең магистральдардың iшiндегi бастысы, тек жоспарлама сипатында ғана емес,
сонымен бiрге жоғары дәрежедегi көркемдiк - эстетикалық сипатын қалыптастыратын
бiрегей қалалық элементтен тұратын айшықты әшекейлер болып табылады. Айшықты
әшекейлер жаңа орталық ортаны қалыптастырады, онда жалпы қалалық орталықтың
барлық функциясы шоғырландырылады. Аса маңызды бiрегей объектiлерi, кешендерi
мен ансамбльдерi бар көгалдандырылған саялардың, гүлзарлардың бiрiнен соң
бiрiнiң алмасуы қаланың естен кетпес айырықша ажарлы келбетiн санада
қалыптастыратын болады.
Қаланың әрекет
үстiндегi негiзгi көлденең магистральдарының теңiзге қарай баратын қолайлы
еңiстiк жолдары болады, осындай тәсiл жаңа қалада да жалғасын табады, теңiзге
қарай баратын жалпы қалалық магистральдарда көгалдандырылған гүлзарлар, еңiстiк
жолдар, саялар, саябақтар қалыптастырылады.
Бас жоспардың жобасында есептелген мерзiмге жалпы пайдаланудағы жасыл желек
алаңдарын 123 га дейiн жеткiзу белгiленiп отыр. Қаланың көшелiк - жол желiсiн
ұйымдастырудың қабылданған жүйесi, қаланың әртүрлi аудандары арасындағы өзара
қолайлы көлiкпен және жаяу жүру байланысының мүмкiндiктерi көзделген, ол сыртқы
жолдарға шығуын да қамтамасыз етедi. Келешекте қалада шапшаң жүретiн көлiктi
пайдалану көзделуде, ол үшiн жобада осы мақсат үшiн қолданылатын
магистральдардың көлденең бағдарының жеткiлiктi өлшемдi көрсеткiштерi
кiргiзiлген.
Есептелiнген мерзiмге
магистральдық көшелiк жол желiсiнiң тығыздығы 2,67 км/км2 құрайды, 87,8 км
магистральдық желi, 174,3 км көшелер мен жергiлiктi маңыздағы жолдар салынатын
болады. Қосымша 8 АМС мен 6 техникалық қызмет көрсете қамту станциясының
құрылысы салынатын болады.
Қаланың одан арғы
аумақтық өсуiн ескере келiп, Бас жоспарда тағыда бiрiншi кезектегi 2 және
есептелiнген мерзiмге 3 өрт депосының құрылысын салу
көзделген.
3. Әлеуметтiк-экономикалық
даму
Маңғыстау облысын, және атап айтқанда Ақтау қаласын дамытудың стратегиялық
мақсаты - соларға барлық әлеуметтiк проблемаларды шешу тәуелдi болатын, орнықты
әрi бәсекеге қабiлеттi экономика мен сенiмдi инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылымын
қалыптастыру болып табылады. Мұның өзi - халықтың өмiр сүру сапасының артуы,
экологиялық тепе-теңдiктi қалыпты ұстау, әрекет үстiндегiлерiн жетiлдiру,
халықтың өмiр сүруiне қолайлы жағдайлар туғызу мақсатымен жаңадан құрылыс
салынатын жерлерде қаланың аумақтық-жоспарлы ұйымдарын қалыптастыру деген
сөз.
Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнiң экономикалық
қызметiнiң негiзiн мұнай өндiру өнеркәсiбi құрайды. Жұмыспен қамтылған халықтың
едәуiр бөлiгi мұнай өндiру саласында, атап айтқанда кенорындарында және мұнай
мен газ өндiруге байланысты қызмет көрсететiн кәсiпорындарында еңбек
етедi.
Қазiргi кезде қала экономикасы:
өнеркәсiп және энергетика, құрылыс, көлiк және байланыс, басқару ұйымдары,
қаржылық-несиелiк мекемелер, коммуналдық-пайдалану қызметтерi, қоғамдық
тамақтандыру және сауда салаларынан тұрады.
Болжамдалған кезеңде шапшаң экономикалық өсу саясатын iске асырылуын қамтамасыз
ететiн қала мен облыс экономикасының даму келешегi, мұнай өндiру көлемiнiң
өсуiне және iрi өнеркәсiп кешенiн құруға, бiлiм беру мен денсаулық сақтау
жүйелерiн жетiлдiруге, туризм, демалыс және көңiл көтеру индустриясын дамытуға
байланысты болмақ.
Бас жоспарда көзделген
экономиканы дамытудың басым бағыттарына мыналар
кiредi:
- көмiрсутегi базасында, республиканың
экспорттық әлеуетiн кеңейту мақсатымен жаңа технологияларды пайдалана отырып
қуатты мұнай-химиялық және химиялық кешен
құру;
- орта және шағын бизнес кәсiпорындары
едәуiр бөлiгiнiң қатысуымен тамақ, тоқыма, тiгiн және былғары өнеркәсiбiн одан
әрi дамыту;
- әрекет үстiндегi жоғары оқу
орындарында экскурсия жүргiзушiлерiн, аудармашы бастап алып жүрушiлерiн,
өнертанушыларды даярлау жөнiнде арнайы бөлiмдер ұйымдастыру және "Туризм және
демалыс индустриясы", "Құрылыс салу", "Сауда-саттық", "Қонақ үйлер мен
мейрамханалар" салаларында жұмыс iстеу үшiн орта және төменгi буындағы мамандар
даярлау жөнiнде арнаулы орта оқу орындарын
құру;
- Бас жоспарда көзделген, тұрғын
үй-азаматтық құрылыс жөнiндегi бағдарламаларды iске асыру мақсатымен, жұмыс
істемей тұрған кәсiпорындарды қайта қалпына келтiру, құрылыс материалдары мен
конструкцияларының жаңа өндiрiстерi құрылысын салу базасында құрылыс кешенiн
құру және
кеңейту.
Өнеркәсiп - қала
экономикасындағы негiзгi сала болып табылады. 2002 жылы Ақтау қаласының әрекет
үстiндегi өнеркәсiп кәсiпорындары мен өндiрiстерi 168,5 млрд. теңгенiң өнеркәсiп
өнiмдерiн өндiрдi, оның нақты көлемiнiң индексi 2001 жылға 113,4%
құрады.
Қала кәсiпорындары өндiрген тауар
өнiмдерiнiң үлесi республикалық еңбек бөлiнiсiнде 7,4%, облыстық - 61,5%
құрады.
Өндiрiлген өнiмдер көлемiнiң 93,0
пайызы тау-кен өндiру өнеркәсiбiнiң, 5,2 - электр энергиясын өндiру мен бөлу
өндiрiсiнiң, 1,8 - өңдеу өнеркәсiбiнiң үлесiне тиедi. Тау-кен өндiру саласы
құрылымының 99,9% мұнай, газ өндiру секторының үлесiне
тиесiлi.
Ақтау қаласының кәсiпорындары 2002
жылы облыс шикi мұнай көлемiнiң 61% өндiрдi.
Қазiргi кезде мейлiнше iрi кәсiпорындар мен өндiрiстер - мұнай, газ өндiретiн
фирмалар, "Актал-ЛТД" химия кешенi, "Пластмасса зауыты"
ЖШС.
Осынау кәсiпорындарда 2002 жылы
өнеркәсiп-өндiрiсi қызметшiлерi санының 93,0% жуық адам жұмыс
iстедi.
Ақтау қаласының Бас жоспары өнеркәсiп
өндiрiсiнiң жедел өсуiн көздейдi, мұның өзi халықты жұмыспен қамти отырып, еңбек
етуге жеткiлiктi сандағы орындарды құруға мүмкiндiк
бередi.
Мұнай өндiру қарқынын арттыруға,
әрекет үстiндегi кәсiпорындар қызметiнiң нәтижесiнен өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсу
қарқынын одан әрi арттыруға, сондай-ақ республиканың экспорттық әлеуетiн дамыту
мақсатымен жаңа технологияларды пайдалана отырып көмiрсутегi шикiзаты базасында
қуатты мұнайхимиялық және химиялық кешенiн құруға бағытталған өнеркәсiп саясаты
өнеркәсiп өндiрiсi көлемiнiң елеулi түрде өсiмiне
әкеледi.
Өнеркәсiптiң барлық саласы дами
түседi, олардың арасында, соларға құрылыс материалдары өндiрiсiнiң, тоқыма және
тiгiн өнеркәсiбiнiң дамуы тәуелдi болатын, химия және мұнайхимия басымдық
бағытта болып табылады.
Көмiрсутегiн өңдеу
және олардың қалдықтарын қайта пайдалану, iс жүзiнде тiршiлiк қызметiнiң барлық
саласында пайдалануға болатын және iшкi рынокта ғана емес, сонымен қатар
республикадан тысқары жерлерде де сұранысқа ие әртүрлi материалдар мен
бұйымдардың сан алуан түрiн шығаруға мүмкiндiк
бередi.
Бас жоспарда прогрессивтi
технологияларды пайдалану негiзiнде мынадай кәсiпорындар мен өндiрiстер
құрылысын салу ұсынылған:
- полимерлi
гидрогели өндiру зауыты;
- қуаңшылық аймақ
жағдайында ылғалды қамтамасыз ету мақсатымен, оларды ауыл шаруашылығында
пайдалану үшiн гидрогели негiзiнде, полимерлi композициялар
зауыты;
- гидрогелидi пайдалану негiзiнде
медициналық препараттар мен заттар фабрикасы, бұл - медицинаның көптеген өзектi
проблемаларын шешуге мүмкіндік береді;
-
бұрғылау ұңғымаларынан мұнай қалдығын алу кезiнде, iрi тұндырғыштарсыз-ақ
мүмкiндiк беретiн, оларды пайдалану арқылы бұрғылау ерітiндiлерiн
тұрақтандырғыштар мен сулы мұнай эмульсияларын бұзушыларын шығаратын, мұнай
өнеркәсiбiне арналған гидрофильдi полимер өндiру
зауыты;
- электрондық бұйымдар
зауыты;
- синтетикалық каучук
зауыты;
- синтетикалық талшық комбинаты, оның
құрылысын салу, маталар, жасанды үлбiрлер, канаттар және с.с. шығару үшiн тоқыма
саласын шикiзатпен қамтамасыз етуге мүмкiндiк
бередi;
- әйнектi пластикалар зауыты
(шынылыталшықтар, шынылытоқымалар), олар құрылыс материалдары өндiрiсiнде
ойдағыдай пайдаланылады;
- лакпен бояу
материалдары зауыты;
- электр оқшаулау
материалдары зауыты;
- тамақ және тамақ емес
өнiмдерге арналған буып-түю материалдарын шығару
зауыты;
- композиттер негiзiндегi құрылыс
материалдары зауыты;
- санитарлық-техникалық
жабдықтар шығару зауыты;
- спорт бұйымдарын
шығару кәсiпорны;
- пластмасса ойыншықтар
фабрикасы;
- жуу құралдарын шығару
кәсiпорны;
- композициялық материалдардан
жиһаз шығару зауыты және басқалары.
Өнеркәсiпті дамыту үшiн "Еркiн экономикалық аймақ" құрудың маңызды мәнi бар,
себебi, бұл - салықтық және кедендiк жеңiлдiктер мен преференциялар
көздестiретiн ЕЭА аумағында айырықша режим орнату жолымен жоғары қосылған құны
бар iшкi сыртқы рыноктарда бәсекеге қабiлеттi әртүрлi өндiрiстердi осында
шоғырландыруға мүмкiндiк бередi.
Мұнайхимиялық
және химиялық кешенiнiң бiрқатар кәсiпорындары құрылысын салуды да ЕЭА режимiнде
жүзеге асыруға болады, бұл - қарымды инвесторларды тарта
түседi.
Қазiргi заманғы және келешектегi
өнеркәсiптiң салалық құрылымы қызметшiлерiнiң санымен бiрге 1 кестеде келтiрiлiп
отыр.
1 кесте
|
Рет |
Өнеркәсiп
саласы |
Қызметшілер
саны | |||||
|
Бастапқы |
Бірінші |
Есептелген | |||||
|
адам |
% |
адам |
% |
адам |
% | ||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Мұнай мен
газ |
21700 |
86,4 |
22000 |
68,9 |
23000 |
54,0 |
|
2 |
Тамақ
өнімдерін |
446 |
1,8 |
1030 |
3,2 |
1380 |
3,2 |
|
3 |
Тоқыма,
тігін және |
296 |
1,2 |
445 |
1,4 |
2215 |
5,2 |
|
4 |
Баспа
ісі |
305 |
1,2 |
370 |
1,2 |
450 |
1,1 |
|
5 |
Химия
өнеркәсібі |
200 |
0,8 |
2770 |
8,7 |
6955 |
16,3 |
|
6 |
Пластмасса |
1066 |
4,2 |
2640 |
8,3 |
4350 |
10,2 |
|
7 |
Басқа да
бейметалл |
416 |
1,7 |
930 |
2,9 |
1400 |
3,3 |
|
8 |
Даяр
металл |
- |
- |
800 |
2,5 |
1400 |
3,3 |
|
9 |
Машиналар
мен |
570 |
2,3 |
640 |
2,0 |
950 |
2,2 |
|
10 |
Жиһаздар
және |
100 |
0,4 |
300 |
0,9 |
500 |
1,2 |
|
|
Жиыны |
25099 |
100 |
31925 |
100 |
42600 |
100 |
1 кестеден, қазiргi кезде өнеркәсiп салаларының арасында мұнай өндiру саласы
мейлiнше дами түскенiн көремiз. Мұнда жұмыс орындарының 86,4% шоғырланған, оның
едәуiр бөлiгi Ақтау қалалық әкiмшiлiгiнен тысқары жерде орналасқан. Екiншi
орында пластикалық бұйымдар шығару өндiрiсi тұр - жұмыс орындарының 4,2%, үшiншi
орында - машиналар мен жабдықтар шығару саласы
2,3%.
Келешекте жетекшi орын, бұрынғысынша
мұнай өндiру саласының кәсiпорындарында қалады, өнеркәсiп өндiрiсiнiң
құрылымында қызметшi адамдардың үлесi, бiрiншi кезектегi кезеңде 68,9% дейiн
және есептелiнген мерзiмге - 54,0% дейiн кемидi. Химия өнеркәсiбi екiншi орынға
ие болады, оның үлесiне бiрiншi кезектiң аяғына шамамен 8,7%, есептелiнген
мерзiмге - 16,3% жұмыс орны келетiн болады.
Пластмасса бұйымдарын шығару жөнiндегi сала, бiрiншi кезектiң кезеңiнде 2002
жылғы екiншi орыннан үшiншi орынға (8,3%) ауысады және оны есептелiнген мерзiмге
(10,2%) сақтайтын болады.
"Тамақ өнiмдерi
өндiрiсi", "Тоқыма және былғары өнеркәсiбi" және "Басқа да бейметалл минералды
өнiмдер өндiрiсi" салалары елеулi түрде дами түседi. Мұнда жұмыс орындарының
меншiктi салмағы есептелiнген мерзiмге тиiсiнше 1,8, 4,3 және 1,9 есе
ұлғаяды.
Тұтас алғанда өнеркәсiпте қызметшi
адамдар саны 2002 жылмен салыстырғанда шамамен бiрiншi кезектегi кезеңде - 1,3
есе есептелiнген мерзiмге - 1,7 есе өседi және тиiсiнше, 31925 және 42600 адам
құрайды.
Экономика салаларының арасында
қазiргi кезде халықтың жұмыспен қамтылған саны бойынша көптiгi жағынан
"Өнеркәсiп" (жұмыс істейтiндер жалпы санының 41,1%), "Бiлiм бepу" (10,5%),
"Құрылыс" (10,2%) саласы болып табылады.
Бүкіл
жобалау кезеңi бойына салалық құрылымда бiрiншi орын өнеркәсiпке (41,1% және
40,9%) тиесiлi болады, "Бiлiм беру" саласы (11.2% және 11,1%) "Құрылыс" (12.9
және 13,7%) саласына орнын берiп, үшiншi орынға
ауысады.
Туризм және демалыс индустриясын
дамытуға айырықша көңiл болу кенелуде, осыған байланысты, бiрiншi кезектегi
кезеңде салалардағы барлық жұмыс орындарының меншiктi салмағы экономика
салаларында жұмыспен қамтылған халық санының 1,7%, ал есептелген мерзімге - 1,9%
құрайды.
"Көлiк және байланыс", "Денсаулық
сақтау", "Сауда-саттық, қонақ үйлер мен мейрамханалар", салалары; автомобиль
және үйде пайданылатын бұйымдарды жөндеу" дами түседi. Мұнда тұрақты жаңа жұмыс
орындарын құру көзделген.
Экономиканың қалған
барлық саласы өз даму қарқыны бойынша алғашқы үшеуiнен едәуiр артта қалуда.
"Электр энергиясын, газды және суды өндiру және бөлу" саласындағы қызметшiлердiң
меншiктi салмағы 2002 жылғы 7,6% салыстырғанда есептелген жылға 4,4% дейiн
төмендейдi.
Мемлекеттiк басқаруда, осы
секторда жұмыспен қамтылған санының өсуi кезiнде жұмыс орындарының меншiктi
салмағын қысқарту көзделген.
Экономикалық
қызметтiң ескертілмеген түрлерi үшiн жобада есептелген мерзiмге еңбек ету
орындарының резервi 3-6,5% мөлшерiнде
көзделген.
Ақтау қаласының қазiргi замандағы
салалық экономикалық қызметi, жұмыспен қамтылған халық санымен және еңбек етуге
көзделген қолда бар орындарымен бiрге келешектегi құрылымы да 2 таблицада
келтiрiлген.
2 кесте
|
Рет |
Салалар |
Қызметшілер
саны | |||||
|
Бастапқы жыл
кезең | |||||||
|
Адам |
Жиы- |
Адам |
Жиы- |
Адам |
Жиы- | ||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Ауыл
шаруашылығы |
216 |
0,4 |
300 |
0,4 |
400 |
0,4 |
|
2 |
Өнеркәсіп |
25099 |
41,1 |
31925 |
41,1 |
42600 |
40,9 |
|
3 |
Электр
энергиясын, |
4650 |
7,6 |
3350 |
4,3 |
4610 |
4,4 |
|
4 |
Құрылыс |
6230 |
10,2 |
10000 |
12,9 |
14330 |
13,7 |
|
5 |
Сауда-саттық; |
640 |
1,0 |
800 |
1,0 |
1200 |
1,2 |
|
6 |
Қонақ
үйлер мен |
770 |
|||||