Өзге
мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 1 наурыздағы N 185 Қаулысы
"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N
2721 Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан
Республикасы
1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23
желтоқсандағы N 2335 Заңына сәйкес әзiрленген және өзге мемлекеттiк
мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру тәртiбiн
айқындайды.
Премьер-Министрі
Үкiметiнiң
2005
жылғы 1 наурыздағы
N 185
қаулысымен
бекiтiлген
мекемелерге бекiтiп беру
ережесi
2. Өзге мемлекеттiк мүлiктi
мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру мынадай
тәртiппен:
1) республикалық мемлекеттiк
мекемелерге:
теңгерiмдiк құны ең төмен есептiк
көрсеткiштiң он мың және одан жоғары мөлшерi кезiнде - Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң республикалық мемлекеттік меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк
органмен келiсiлген мекемеге қатысты мемлекеттiк басқару органының ұсынысы
жөнiндегi шешiмi бойынша;
теңгерiмдiк құны
беру күнiне ең төмен есептiк көрсеткiштiң он мыңнан төмен мөлшерi кезiнде -
мемлекеттiк басқару органының мекемеге қатысты ұсынысы бойынша республикалық
мемлекеттiк меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi
бойынша;
2) коммуналдық мемлекеттiк
мекемелерге - облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандар
(облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң шешiмi бойынша жүзеге
асырылады.
3. Өзге мемлекеттiк мүлiкке жедел
басқару құқығы оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап пайда
болады.
4. Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда мекемелердiң мүлiктiк құқықтары,
оларды сатып алу негiздерiне қарамастан мемлекеттiк мекемелердiң мүлкi,
сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмiлелер
белгiленген тәртiппен тiркеуге жатады.
5.
Мемлекеттiк мекемелердiң жылжымайтын мүлiкке құқығы, оның iшiнде жедел басқару
құқығы, бiр жылдан асатын мерзiмге пайдалану құқығы, кепiл, рента, сенiмгерлiк
басқару құқығы белгiленген тәртiппен тiркелуге
жатады.
6. Егер заңнама кесiмдерiнде өзгеше
белгiленбесе, мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiкке құқық мемлекеттiк
мекемеде мемлекеттiк меншікті иеленуге уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен,
ресімделген қабылдау-беру актісімен мүлікті іс жүзінде беру сәтінен бастап пайда
болады.