Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына өзгерiс
енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң 2005 жылғы 1 наурыздағы N 190 Қаулысы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегi N 903 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 7.1.1-тармағын iске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы N 1300 қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс
енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Регламентi осы қаулыға қосымшаға сәйкес
редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнінде
шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа
енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан
Республикасы
Yкiметiнiң
2005
жылғы 1 наурыздағы
N 190 қаулысына
қосымша
Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
2002
жылғы 10 желтоқсандағы
N 1300
қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң
РЕГЛАМЕНТI
1. Жалпы
ережелер
1. Қазақстан Республикасының Yкiметi (бұдан әрi - Yкiмет) Қазақстан
Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн
басқарады және олардың қызметiне басшылық
етедi.
2. Yкiметтiң қызметi Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Үкiметi
туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, Қазақстан
Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Регламентпен
реттеледi.
3. Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi (бұдан әрi - Премьер-Министр) мен Үкiметтің қызметiн
ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, құжаттамалық және өзге де
қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi (бұдан әрi -
Кеңсе) жүзеге асырады.
4. Құпия және құпия
емес iс қағаздарын ұйымдастыруды және жүргiзудi, Үкiметке немесе оның
басшылығына арналған хат-хабарларды, соның iшiнде әртүрлi байланыс және деректер
беру арналары бойынша келiп түсетiн хабарларды қабылдауды, өңдеу мен таратуды
Кеңсе Үкiмет белгiлеген тәртiппен жүзеге
асырады.
5. Соттарда Премьер-Министрдiң, оның
орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Yкiмет пен
Премьер-Министрдiң мүдделерiн бiлдiрудi және қорғауды, сондай-ақ
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша конституциялық iс жүргiзуге қатысуды
талқылау мәнi болған мәселелер құзыретiне енетiн мемлекеттiк орган жүзеге
асырады. әдiлет министрлігі тиісті мемлекеттiк органға құқықтық және
консультациялық көмек көрсетедi.
6. Үкiметтің
нормативтiк құқықтық кесiмдерiне ресми түсiнiктеме берудi Үкіметтің немесе
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша әділет министрлiгi жүзеге
асырады.
7. Үкiметтің құзыретiне енетiн кадр
мәселелерiн шешу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
2. Кiрiс
хат-хабарларын қарау
8. Үкіметке немесе оның басшылығына жолданған хат-хабарларды Кеңсе алдын ала
қарайды.
Орталық және жергілiкті атқарушы
немесе өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын және олар бойынша
Yкiметтiң немесе Премьер-Министрдiң шешiмдер қабылдауын талап етпейтiн мәселелер
бойынша Үкiметке немесе оның басшылығына жолданған заңды және жеке тұлғалардың
хаттары мен өтiнiштерiн Кеңсе кейiннен авторына хабарлай отырып, мәселенің
мән-жайы бойынша қарау үшiн тиiстi органға
жiбередi.
Сондай-ақ Кеңсенiң
қарауынсыз:
тиiстi атқарушы органдарға
мемлекеттік органдардың, облыстар мен Астана және Алматы қалалары әкiмдерiнiң
немесе жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектілердiң Үкiмет немесе
Премьер-Министр шешiмдерiнiң қабылдануын талап ететiн, оның iшiнде республикалық
бюджеттен және Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу туралы, бiрақ өтiнiштерде
көтерілетiн мәселелер құзыретіне енетiн орталық атқарушы органдарда
пысықталмаған өтініштері;
облыстар мен Астана
және Алматы қалаларының әкiмдерiне тиiсiнше аудандар мен облыстық маңызы бар
қалалар әкiмдерiнiң, Астана және Алматы қалаларының аудандары әкiмдерiнiң,
аудандық маңызы бар қалалар аудандары әкiмдерінің, кенттер, ауылдар (селолар),
ауылдық (селолық) округтер әкімдерінің олармен және тиiстi мемлекеттiк
органдармен келiсілмеген өтініштерi
жiберiледi.
Кеңсе Үкiметке, Үкiметтiң және
Кеңсенiң басшылығына арналған мемлекеттік органның (ұйымның) бiрiншi басшысы
немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметке,
Yкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкілеттік берген тұлға қол қойған құжаттарды қабылдайды. ¤зге
жолданған және басқа лауазымды тұлғалар қол қойған құжаттар
қабылданбайды.
Кеңсе жабық конверттердегі
хат-хабарларды (құпия, кадр мәселелерi бойынша және басқа қаладан келгендердi
қоспағанда), сондай-ақ осы Регламенттің және "Кейбiр нұсқаулықтарды бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N
168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарын бұза отырып дайындалған
құжаттарды қабылдамайды.
9. Орталық атқарушы
органдар мен олардың ведомстволары өздерiне келiп түсетiн хаттарды, өтiнiштердi
және өзге де құжаттарды қарайды әрi өздерiнiң ережелерiне және өзге де
нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес олардың құзыретiне енетiн барлық
мәселелер бойынша өз бетiнше шешiмдер
қабылдайды.
Орталық атқарушы органдар олардың
бiрлескен құзыретiне енетiн мәселелердi шешу үшiн қажет болған кезде белгіленген
тәртiппен олардың басшылары қол қойған бiрлескен бұйрықтар түрiнде шешiмдер
қабылдайды.
Орталық атқарушы органдардың
өздерi дербес шешуi тиiс мәселелер бойынша Үкiметтiң қаулылары мен
Премьер-Министрдiң өкiмдерi қабылданбайды.
Орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары нормативтік құқықтық кесiмдер
шығаруға құқылы емес.
10. Ведомстволар тиісті
мемлекеттiк органның бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару
ресми түрде жүктелген тұлғаның келiсiмi (ведомствоның хатында бұрыштамасы)
болған кезде ғана, сондай-ақ Үкiмет немесе Кеңсе Басшылығының оларға берген
тiкелей тапсырмаларына жауап жiберген кезде өз бетiнше Үкiметтiң атына өтінiш
білдiре алады. Мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлiмшелерi Үкiметтiң атына өз
бетiнше өтiнiш бiлдiруге құқылы емес.
11.
Тиiстi шешiм қабылдау үшiн Үкiметтiң немесе оның басшылығының атына бастамашылық
тәртiппен жiберiлетiн қызметтік хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай
жағдайларда енгiзедi:
1) егер мәселенi шешу
Үкiметтiң тiкелей құзыретiне енсе, енгiзіп отырған мемлекеттік орган оны өзiнiң
өтiнiшiнде көрсетедi;
2) орталық атқарушы
органдардың арасында қағидатты және еңсерiлмес келiспеушілiктер болған
кезде;
3) егер мәселенi шешу ведомствоаралық
үйлестiрудi талап етсе. Мұндай жағдайларда Үкiметтiң атына жолданған хат-хабар,
әдетте, шешiм қабылдау үшiн мәселенiң мазмұнына қарай және Премьер-Министр, оның
орынбасарлары және Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес
Премьер-Министрдiң тиiстi орынбасарына жiберілуi тиiс.
3. Үкiмет
мәжiлiстерiн жоспарлау
12. Үкiмет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелер заңнамада белгіленген
Yкiмет өкілеттiктерiн ескере отырып
анықталады.
13. Үкiмет мәжiлiстерiнде қарауға
арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тiзбесiн кезектi тоқсан басталғанға дейiн
Yкiмет мүшелерiнің, агенттіктер төрағаларының, облыстар мен Астана және Алматы
қалалары әкiмдерiнiң, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының ұсыныстары
бойынша Кеңсе жасайды. Үкiмет мәжілiстерiнде қарау жоспарланып отырған
мәселелердiң тiзбесi Премьер-Министрдiң өкiмiмен
бекiтіледi.
Жоспарланған мәселелердiң
бекiтілген тiзбесi Үкiмет мүшелерiне, агенттіктердiң төрағаларына, облыстар мен
Астана және Алматы қалаларының әкiмдеріне, Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерiнiң
басшыларына және қажет болған кезде Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша басқа да
мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың басшыларына
жөнелтіледi.
Жоспарланған мәселенi қараудан
алу немесе оны қарауды басқа мерзiмге ауыстыру туралы шешiмдi мәселенi
дайындауға жауапты мемлекеттік органның немесе өзге де мүдделi органның
(ұйымның) бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде
жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол
қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қол қойған жазбаша
өтiнiш не Кеңсенiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған қызметтік
жазба негiзiнде Премьер-Министр не онымен келiсiм бойынша Кеңсе Басшысы
қабылдайды. Көрсетілген шешiм туралы өзiнiң құзыретiне орай мүдделi мемлекеттік
органдар хабардар етіледi.
4. Yкiмет
мәжiлiстерiн дайындау және өткiзу тәртiбi
14. Үкiмет мәжiлiстерi Yкiмет мәжілiстерiнде қарауға арналған мәселелердiң
тоқсан сайынғы тiзбесiне сәйкес немесе қажет болған кезде, бiрақ кемiнде айына
бiр рет өткiзіледi және оны Премьер-Министр не Қазақстан Республикасының
Президентi (бұдан әрi - Президент) шақырады.
15. Үкiмет мәжілiстерiнде Премьер-Министр, ал ол болмаған кезде Премьер-Министр
белгілеген мiндеттердi бөлуге сәйкес Премьер-Министрдi алмастыратын не
Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы
Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi.
Мәжілiстерге Президент қатысқан кезде Президент немесе оның тапсырмасы бойынша
Премьер-Министр төрағалық етедi.
Үкiмет
мәжiлiстерi ашық болып табылады әрi мемлекеттік және орыс тілдерiнде
жүргiзіледi. Президенттің не Премьер-Министрдiң бастамасы бойынша Үкiметтің
жабық мәжілiстерi өткiзілуi мүмкiн.
16.
Мәжілiс, егер оған Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды болып
саналады. Үкiмет мүшелерi мәжілiстерге алмастыру құқығынсыз
қатысады.
Мәселенің Үкiмет мәжілiсiнде қаралу
нәтижелерi бойынша қатысушы Үкiмет мүшелерінің көпшілiк дауысымен хаттамалық
шешiм қабылданады, ал дауыстар тең болған кезде мәжілiсте төрағалық етушiнiң
дауысы шешушi болып табылады.
17. Үкiмет
мәжілiстерiне, әдетте, Премьер-Министрмен келiсілген тiзбе бойынша
агенттіктердiң төрағалары, Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары
қатысады.
Үкiмет мәжiлiстерiне Мемлекет
басшысының кесiмдерiмен осындай құқық берiлген лауазымды тұлғалар да қатыса
алады.
Кеңсенiң шақыруы бойынша Үкiмет
мәжілiстерiне Парламент Сенаты мен Мәжілiсiнiң депутаттары, облыстардың, Астана
және Алматы қалаларының әкiмдерi, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың
басшылары, Кеңсенің қызметкерлерi мен басқа да адамдар қатыса
алады.
Үкiмет мәжілiстерiне шақырылғандардың
тiзiмiн анықтау немесе нақтылау жөнiндегi ұсынысты мәселенi дайындауға жауапты
мемлекеттік орган талқыланатын мәселелерге қарай Кеңсемен келiсiм бойынша
мәжілiске дейiн кемiнде екi жұмыс күнi бұрын
енгiзедi.
Үкiмет мәжілiсiне шақырылғандардың
тiзiмiне Кеңсе Басшысы қол қояды. Шақырылғандардың Yкiмет мәжілiсiне қатысуын
Кеңсе қамтамасыз eтeдi.
18. Мемлекеттiк
органдар Үкiмет мәжілiсiнде қарауға арналған мәселенi дайындау кезiнде мынадай
талаптарды сақтайды:
1) Үкiмет мәжілiстерiнде
қаралатын мәселелер бойынша хаттамалық шешiмдердiң жобаларына, анықтамаларға,
ақпараттық (талдамалық) материалдарға мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы
немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің
және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми
түрде өкілеттік берген тұлға әр парағына алдын ала қол қояды және ол қол қойған
ілеспе хатпен енгiзiледi;
2) әрбiр мәселе
бойынша хаттамалық шешiм жобасының, анықтаманың, өзге де қажетті материалдардың
тақырыбы бiрдей болуы және мәселенiң мәнiн толық көрсетуi тиiс. әдетте, олардың
көлемi 5 бет мәтiннен аспауы тиiс (мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мәтiндер
үшiн N 14 мөлшерлi "TimesNewRoman" қарпi
қолданылады);
3) Үкiмет мәжілiсiнде бейнелi
ақпарат көрсету туралы мәселе мәселенi дайындауға жауапты мемлекеттiк органның
бiрiншi басшысымен (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген
тұлғамен не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға
бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғамен), Кеңсе Басшысымен алдын ала
келісілуi тиiс;
4) Үкiмет мәжiлiсiне құпия
материалдар Кеңсеге Үкiметтің қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасында
құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықтың талаптарына сәйкес
енгізіледi.
Yкiмет мәжілiстерiне материалдар
дайындаған кезде орталық атқарушы органдардың ведомстволары осы Регламенттің
10-тармағының талаптарын сақтауы тиiс.
19.
Үкiмет мәжілісінде қарауға дайындалған материалдар мемлекеттік және орыс
тiлдерiнде мәжiлiске дейiнгi 5 күнтізбелік күннен кешіктірмей Кеңсеге
енгiзіледі. Кеңсе Премьер-Министрмен не оны алмастыратын тұлғамен келiсiм
бойынша Кеңсе Басшысы бекiтетiн мәжілiстiң күн тәртiбiнiң жобасын жасайды, күн
тәртiбiн тиiстi материалдармен бiрге Yкiмет мүшелерiне және Кеңсе Басшысы қол
қойған мәжіліске шақырылғандардың тізіміне және онымен келісілген жөнелтім
көрсеткішіне сәйкес басқа да лауазымды тұлғаларға дереу
жолдайды.
Мемлекеттiк органдар Yкiмет
мәжiлiсiне материалдарды уақтылы ұсынбаған жағдайда Кеңсе Басшысы бұл туралы
Премьер-Министрге немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға баяндайды. Үкiмет
мәжілістерiне материалдардың уақтылы ұсынылмағандығы үшiн жауапкершілiк осы
органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi.
Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша Үкiмет мәжiлiсi шұғыл түрде өткiзілетін
айрықша жағдайларда материалдар Кеңсеге ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн
және Үкiмет мәжілiсiне қатысушыларға мәжiлiсте тiкелей
жеткізіледi.
20. Мәжiлiске қатысып отырғандар
олардың атына немесе олар білдiрiп отырған органдардың (ұйымдардың) атына
тапсырмалар мен олардың орындалу мерзiмiнiң деректер жазбасын жүргiзуi
тиiс.
Үкiмет мәжiлiсiнiң хаттамасын дайындау
мақсатында, әдетте, Кеңсенiң тиiстi бөлiмшесiнiң мәжілiске қатысып отырған
қызметкерi хаттамалық жазбалар жүргiзедi, онда талқыланып отырған мәселелердiң
атауы мен мәнi, баяндамашылар және талқылау кезiнде сөз сөйлеушiлер, олардың
сөйлеген сөздерінің, ескертулердiң негiзгi мазмұны және Үкiмет мүшелерi
қабылдаған шешiмдер тiркеледi.
әдетте,
кейiннен фонограммалары толығымен жазылып және оларды басып шығарып, Yкiмет
мәжілiстерiнiң дыбыстық жазбасы жүргiзiледi. Қажет болған кезде Кеңсе Басшысының
нұсқауы бойынша мәжілiстiң бейне жазбасы жүргізілуі
мүмкін.
Үкiмет мәжiлiсiнiң хаттамасын
құзыретiне мәжілiсте қаралған мәселелер жататын Кеңсенің құрылымдық бөлiмшелерi
дайындаған хаттамалық тапсырмалардың тұжырымдамалары негізiнде Кеңсенiң
құжаттамалық қамтамасыз етуге жауапты бөлiмшесi мәжіліс аяқталған күнiнен бастап
үш күн мерзiмде елтаңбалық бланкiге жасайды. Бұдан кейiн хаттамаға Кеңсенiң
құрылымдық бөлiмшелерінің басшылары (өздерiнiң құзыретiне жататын мәселелер
бойынша), мәжiлiске қатысқан Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы
немесе оның мiндетiн атқарушы тұлға бұрыштама соғады және мәжiлiске төрағалық
етушi қол қояды.
Президенттің төрағалық
етуiмен өткiзілетiн Үкiмет мәжілiстерiнiң хаттамалары Президент әкiмшілiгiмен
келiсіледi.
21. Үкiмет мәжілістерiнiң әрбiр
хаттамасына кезегiмен күнтiзбелiк жылдың басынан бастап реттiк нөмiр беріледi.
Хаттамалар немесе олардың үзiндi көшiрмелерi оларға қол қойылған күнi Үкiмет
мүшелерiне, ал қажет болған кезде мәжілiстерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа
да мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға жөнелтiледi. Хаттамалар (Үзiндi
көшiрмелер) жөнелтiмінің көрсеткiшi Кеңсе Басшысымен
келiсіледi.
Үкiмет мәжілiстерi хаттамаларының
түпнұсқалары, оларға қоса берілетiн құжаттар, фонограммалардың басылып
шыққандары, ауызекi ақпаратты магниттi жеткiзгіштер және бейне материалдар
тұрақты сақтаудағы құжаттар тiзiмдемесiне енгiзіледi және Кеңсе мұрағатында
сақталады.
5.
Мемлекеттік органдардың Үкiмет қаулылары мен
Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын
дайындау
және ресiмдеу
тәртiбi
22. Мемлекеттiк органдар Үкiмет қаулыларының жобаларын (бұдан әрi - қаулылардың
жобалары) дайындауды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының,
Президент кесiмдерінің және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердің негiзiнде
және оларды орындау үшiн жүзеге асырады. Қаулылардың жобаларын уәкілетті
органдар өз бастамалары бойынша немесе егер заңнамада өзгеше белгіленбесе,
жоғары тұрған мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша
әзiрлейдi.
Премьер-Министр өкiмдерiнiң
жобаларын (бұдан әрi - өкiмдердiң жобалары) дайындау әкiмшілiк-өкiмдiк, жедел
және жеке сипаттағы мәселелердi шешу үшiн жүзеге
асырылады.
Орталық атқарушы органдар арасында
қағидатты және еңсерілмес келiспеушiлiктер болған кезде келiсілген шешiмдер
қабылдауды, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестірудi талап ететiн мәселелер Үкiмет
мәжілістерiнде не Премьер-Министрде, оның орынбасарларында немесе Кеңсе
Басшысында өтетiн кеңестерде қаралуы мүмкiн.
23. Қаулылар мен өкiмдердiң жобаларын дайындауды мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасының "Нормативтiк құқықтық актілер туралы", "Қазақстан
Республикасындағы тіл туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001
жылғы 31 қаңтардағы N 168 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң Кеңсесiнде iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың, Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N
678 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары
мен Премьер-Министр өкiмдерінің жобаларын ресiмдеу жөнiндегі нұсқаулықтың
(заңдық техникасы) және осы Регламенттiң талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік
және орыс тілдерiнде жүзеге асырады.
Қаулының
(өкiмнің) жобасын әзiрлеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органның бiрiншi басшысы
(немесе бiрiншi басшысының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға) оның
Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясына және Үкiмет
Бағдарламасына сәйкес келуi, жобаның уақтылы, сапалы әзiрленуi және белгiлеген
мерзiмдерде Үкiметке ұсынылуы, жобаның мемлекеттік және орыс тілдерiндегi, оның
iшiнде магнитті жеткiзгiштердегi мәтiндерінің дәлме-дәл болуы, осы Регламент
талаптарының сақталуы үшiн дербес жауап
бередi.
24. Экспорттық бақылауға жататын
өнiмнiң экспорты, импорты және транзитi мәселелерi бойынша қаулылардың жобаларын
дайындауды Қазақстан Республикасы Экспорттық бақылау мәселелерi жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының жұмыс органы жүзеге асырады. Көрсетілген қаулылар
жобаларын келiсу мен енгізу мәселелерi осы Мемлекеттiк комиссия туралы Ережемен
айқындалады.
"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш
аппараттарын ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары жөнiндегi
қаулылардың жобаларын келiсу және енгiзу мәселелерi Үкiмет бекiтетiн тиiстi
нұсқаулықпен айқындалады.
Кадр мәселелерi
бойынша қаулылардың жобаларын дайындауды Кеңсе жүзеге
асырады.
25. Қаулының (өкiмнің) жобасын
әзiрлеушi, егер оны қабылдағаннан кейiн мұндай қажеттiлiк туындаса, жобада бiр
мезгілде Yкiметтің және/немесе Премьер-Министрдiң бұрын қабылданған шешiмдерiн
қаулының (өкiмнiң) жобасына сәйкес келтiру жөнiндегi нормаларды
көздейдi.
26. Әзiрлеушi қаулының
(өкiмінің) жобасына мынадай негізгі мәлiметтердi қамтуы тиiс Кеңсе Басшысы
белгілеген нысан бойынша түсiндiрме жазбаны мiндетті түрде қоса
бередi:
1) тиісті нормативтік құқықтық
кесiмдерге жасалған сiлтеме бар жобаны қабылдауға негiздеме және/немесе оны
қабылдау қажеттігінiң басқа да негiздемелерi;
2) жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттiгі және оның қаржылық қамтамасыз
етілуi;
3) жоба қабылданған жағдайдағы
болжамды салдарлар;
4) нақты мақсаттар мен
күтілетiн нәтижелердiң мерзiмдерi;
5) жобада
қаралатын мәселелер және оларды iске асыру нәтижелерi бойынша бұрын қабылданған
Президенттің және/немесе Үкiметтің кесiмдерi туралы
мәлiметтер;
6) енгiзілетiн жоба қабылданған
жағдайда қолданыстағы заңнаманы оған сәйкес келтiру қажеттігі (басқа нормативтiк
құқықтық кесiмдер қабылдау немесе қолданыстағы кесiмдерге өзгерiстер және/немесе
толықтырулар енгiзу талап етілетіндігі көрсету) не мұндай қажеттіктiң
болмауы;
7) жобада көрсетілген мәселелер
құзыретiне енетiн мүдделi мемлекеттiк орган басшысы бұрыштамасының болмау себебi
(мұндай факт болған кезде).
Қаулы (өкiм)
жобаларының және оларға қосымшалардың әр парағына әзiрлеушi мемлекеттiк органның
бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетін атқару ресми түрде жүктелген
тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға
бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға алдын ала қол қояды, ал iлеспе
хаттарға қол қояды.
Қаулы жобасында
халықаралық шарттарға немесе өзге де құжаттарға (заңнамалық кесiмдерден,
Президент, Үкiмет және Премьер-Министр кесiмдерiнен басқа) сiлтемелер болған
кезде әзiрлеушi тиiсiнше Сыртқы iстер министрлiгi немесе жобаны әзiрлеушi
куәландырған мемлекеттiк, орыс және өзге қол қойылған (әр түрлi оқылған кезде
басымдықты болатын) тілдердегі осы құжаттардың көшiрмелерiн мiндеттi түрде
жобаға қоса бередi.
27. Қаулылар мен
өкiмдердiң жобалары олардың құзыретiне орай мүдделi мемлекеттiк органдармен
мiндеттi түрде келiсіледi, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделілiк жобада
қаралатын мәселелердiң мәнi негiзге алына отырып
белгiленедi.
Кадрлық және ұйымдастырушылық
сипаттағыны қоспағанда, қаулылардың жобалары мiндеттi
түрде:
1) экономикалық орындылығы және жобаның
мемлекеттік әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарына сәйкес келуiн
қамтамасыз ету мәселелерi бойынша, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау шеңберiнде -
жобаның қаржылық қамтамасыз етілуi, мемлекеттік кiрiстердiң ықтимал қысқартылуы
және мемлекеттік шығыстардың арттырылуы мәселелерi бойынша - Экономика және
бюджеттік жоспарлау министрлiгiмен;
2) жобаның
Үкiметтiң құзыретiне сәйкестігi тұрғысында заңды сараптама жүргiзу және оның
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық кесiмдерiне,
Президентiнiң, Үкiмет пен Премьер-Министрдiң кесiмдерiне сәйкестiгiн қамтамасыз
ету мақсатында әдiлет министрлігімен келiсiлуге
тиiс.
Келiсушi мемлекеттiк органдарға оларда
осы органдардың тiкелей құзыретiне жатпайтын немесе жобалардың мәтiндерiне
ескертулер болған кезде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын "ескертулермен"
келiсуге (бұрыштама соғуға) тыйым салынады.
Оларды қабылдау экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған
ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн зардаптар болжанып отырған қаулылардың
жобалары мiндеттi түрде мемлекеттік экологиялық сараптама жасауға жатады. Жобаны
әзiрлеушi жобаны заңнамада белгіленген тәртiппен экологиялық сараптама жүргiзудi
қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi жобаға қоса
берiледi.
28. Халықаралық ұйымдарға кiру және
олардан шығу, халықаралық шарттарға қосылу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ
заңнамаға сәйкес әдiлет министрлiгiнде құқықтық сараптама жасауға жататын
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау және күшiн жою
мәселелерi жөнiндегі қаулылардың жобалары мүдделi мемлекеттiк органдармен алдын
ала келiсілуге тиiс, ал құқықтық сараптама жүргiзiлгендерi Сыртқы iстер
министрлiгiнде келiсуге жатады.
Көрсетілген
жобаларға:
1) тиісті шет мемлекетпен
(мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен келісілген әзiрлеуші органның
бірінші басшысы (бірінші басшының міндетін атқару pecми түрде жүктелген тұлға не
Yкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкілеттік берген тұлға) алдын ала қол қойған халықаралық шарттың
жобасы не Сыртқы істер министрлiгi куәландырған оған сәйкес Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйымға кiруi немесе одан шығуы не Қазақстан
Республикасының шартқа қосылуы жоспарланып отырған көп жақты халықаралық шарттың
мемлекеттiк, орыс және қол қойылған өзге тiлдердегi мәтiнi (әр түрлi оқылған
жағдайды басымдығы бар);
2) Сыртқы iстер
министрлiгi куәландырған халықаралық шарттардың көшiрмелерi және оларға жобада
сiлтемелер бар жобаны әзiрлеушi куәландырған халықаралық сипаттағы өзге де
құжаттар қоса берiледi.
Қол қойылған
халықаралық шарттардың және халықаралық сипаттағы өзге де құжаттардың
мемлекеттiк және орыс тілдерiндегi мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігін тиiсiнше Сыртқы
iстер министрлiгi және әзiрлеушi оларды Кеңсеге енгiзгенге дейiн қамтамасыз
етедi.
29. Премьер-Министр не оның тапсырмасы
бойынша Кеңсе Басшысы Үкiметтiң резервiнен қаражат бөлу және басқа да жедел
мәселелердi шешу жөнінде қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын келiсудiң өзге де
рәсiмiн айқындай алады.
30. Жобаны әзiрлеушi
мемлекеттiк орган сонымен бiр мезгілде осы Регламенттiң 27-тармағына сәйкес
тиiстi мемлекеттiк органдарға қаулы (өкiм) жобасының, оған түсiндiрме жазбаның
және басқа да қажетті құжаттардың көшiрмелерін келiсуге
жiбередi.
Қаулы (өкiм) жобасының көшiрмесiн
келiсуге алған кезде мемлекеттік органдар оған басқа да мемлекеттік органдардың
алдын ала бұрыштама соғуын талап етпеуi және желеу және өзге де негiзсiз
себептер бойынша жобаны келiсуден бас тартпауы
тиiс.
31. Қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларын
мемлекеттiк органдарда келiсу олар түскен күнiнен бастап мынадай мерзiмнен
аспауы тиiс:
1) осы Регламенттің 64 және
65-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қаулылардың жобалары, соның
iшiнде Қазақстан Республикасы Президентінің және Парламентінің қарауына енгiзу
туралы тиiсiнше Президент кесiмдерінің жобалары мен заң жобалары - 10 жұмыс
күнi;
2) Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары
- 5 жұмыс күнi.
Премьер-Министрдiң оның
орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмалары бойынша Yкiметтiң
қаулыларын немесе Премьер-Министрдің өкiмдер жедел қабылдау қажет болған кезде
нақты жобаларды мемлекеттiк органдарда келiсудiң неғұрлым қысқа мерзiмдерi
белгіленуi мүмкiн. Мұндай жағдайда қаулының (өкiмнiң) жобасына мемлекеттік
органның бiрiншi басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде
жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол
қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға Yкiмет басшылығында
болған кеңесте немесе Үкiмет мәжілiсiнде бұрыштама соғуы
мүмкін.
32. Қаулының (өкiмнiң) жобасын
келiсушi мемлекеттік органда қарау және келiсу (бұрыштама соғу) осы Регламентте
белгiленген мерзiмде және осы мемлекеттік органның құзыретi шеңберiнде жүзеге
асырылуы тиiс.
Қаулының (өкiмнiң) жобасын
қарау қорытындылары бойынша келiсушi мемлекеттік орган әзiрлеушiге жауаптың
мынадай нұсқаларының бiрiн ұсынуға тиiс:
1)
жоба ескертулерсiз келiсiлдi (бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшының мiндетiн
атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына
арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкiлеттік берген
тұлғаның жобадағы бұрыштамасы);
2) жоба
ескертулермен келiсiлдi (бiрiншi басшының немесе бiрiншi басшының мiндетiн
атқару ресми түрде жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенің басшылығына
арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген
тұлғаның жобадағы "ескертулермен" деген бұрыштамасы), бұл ретте ескертулер
жобаға қоса берілетiн бiрiншi басшы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми
түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға
қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол қойған хатта
баяндалады, онда оларды жою жөнiндегi ұсыныстар мiндеттi түрде қамтылуы тиiс.
Келiсу барысында жобаларды жұмыс тәртiбiмен пысықтауға жол
беріледi;
3) жобаны келiсуден бас тартылды
(жобаға бұрыштама соғылған жоқ), бұл ретте келiсуден бас тартуға уәждемесi бар
бiрiншi басшы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не
Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкiлеттік берген тұлға) қол қойған хат қоса
беріледi.
33. Егер қаулының (өкiмнiң) жобасы
бойынша ескертулермен келiсiлген жағдайда, әзiрлеушi мемлекеттік орган өзi
келiскен ескертулердi түзетедi, жобаның соңғы түпкiлiктi нұсқасын дайындайды
және оны қайта келiсуге жiбередi. Қайта келiсу осы Регламенттiң 31-тармағында
белгiленгендерге ұқсас мерзiмде жүзеге
асырылады.
әзiрлеушi келiспейтiн ескертулер
бойынша ол мен келiсушi орган арасында келiспеушілiктер хаттамасы жасалады. Бұл
ретте қаулының (өкiмнiң) жобасын әзiрлеушi бағандарында келiспеушілік туғызған
жоба тармақтарының әзiрлеушi мен келiсушi орган ұсынатын редакциялары және
олардың негіздемелерi қамтылуы тиiс кесте түрiндегi келiспеушілiктер хаттамасын
дайындайды. әзiрлеушi органның бiрiнші басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару
ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған
құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) қол
қойған келiспеушіліктер хаттамасы жобаның түпкілікті нұсқасымен бiрге келiсушi
органға жiберіледi және оның бiрiншi басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару
ресми түрде жүктелген тұлға не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған
құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға) қайтадан
келiсу үшiн белгіленген мерзімде қол қоюы
тиiс.
Келiспеушілiктер хаттамасы оны Кеңсеге
енгізу кезiнде мiндеттi түрде қаулының (өкiмнiң) жобасына қоса
тiркеледi.
34. Үкiметтiң қаулысы оның ұжымдық
заңды пiкiрiн білдiруi тиiстiлiгiне байланысты қаулылардың жобалары, сондай-ақ
заңдардың, Мемлекет басшысы кесiмдерінiң және Парламент депутаттары бастамашылық
жасаған заң жобаларына Үкiметтің қорытындыларының жобалары бойынша Үкiмет
мүшелерінiң дауыс беруi жүргiзіледi.
Дауыс
берудi өткiзу мақсатында қаулы жобасының (заң, Мемлекет басшысы кесiмi, Үкiмет
қорытындысы жобасының) түпкiлiктi нұсқасын Кеңсеге енгiзер алдында әзiрлеушi
оның қағаз және/немесе магнитті ақпарат жеткiзгіштердегi мәтiнiнiң көшiрмелерiн
не электрондық көшiрмесiн (құпия сипаттағы және кадр мәселелерi бойынша
жобалардан басқа) электрондық почта арқылы Үкiмет мүшелерiнiң барлығына
(Премьер-Министрдi, оның орынбасарларын және әзiрлеушi жобаны келiсудi жүргізген
Yкiмет мүшелерiн қоспағанда) жiбередi. Жобаға қосымшалар Үкiмет мүшелерiне, тек
оларға қатысты бөлігінде жіберiлуi мүмкiн.
Егер қаулының жобасы Кеңседе елеулi пысықтауға ұшыраған жағдайда, сондай-ақ
пысықталған заң жобасы, Мемлекет басшысы кесiмiнiң жобасы немесе Парламент
депутаттары бастамашылық жасаған, Кеңседе сараптама жүргiзiлген заң жобасына
Үкiметтiң қорытындысы бойынша шұғыл дауыс берудi жүргiзу қажет болған кезде
осындай жобалар бойынша дауыс берудi Кеңсе оның Басшысының нұсқауы бойынша
ұйымдастырады, ол жобалардың (заң жобаларының, Мемлекет басшысының кесiмдерi,
Үкiмет қорытындылары жобаларының) электронды көшiрмелерi бар хабарламаларды
электронды почта арқылы не олардың қағаз жеткiзгiштердегі көшiрмелерiн
фельдъегерлiк қызмет арқылы Үкiмет мүшелерiне
жiбередi.
Үкiмет мүшелерiнің қаулылардың
жобалары бойынша дауыс беру мерзiмi жобалар көшiрмелерi (электронды көшiрмелерi
бар хабарламалар) жiберілген күнiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауға тиiс. Дауыс
беру мерзiмi аяқталғанға дейiн Үкiмет мүшелерi әзiрлеушiге жобалар бойынша өз
пiкiрiн білдiрген жазбаша жауаптар жiбередi. Көрсетілген мерзiмде жазбаша жауап
берiлмеген жағдайда, Үкiмет мүшесi жобаны ескертулерсiз қабылдауға дауыс бердi
деп саналады. Қаулылардың жобалары бойынша дауыс берудi Yкiмет мүшелерi
алмастыру құқығынсыз жүзеге асырады. Егер жоба бойынша Yкiмет мүшелерінiң
кемiнде үштен екiсi дауыс берiп, олардың көпшілiгi жобаны қабылдауға пікір
бiлдiрсе дауыс беру өткiзiлдi деп саналады. Олай болмаған жағдайда дауыс беру
өткiзілмедi деп саналады және Кеңсе енгiзілген жобаны
қабылдамайды.
Қаулының жобасы бойынша дауыс
беру нәтижелерiн әзiрлеушi жобамен және Кеңсе белгілеген нысан бойынша оған
басқа да материалдармен бiрге бiр мезгілде
ұсынады.
35. Ол бойынша Үкiмет мүшелерiнiң
дауыс беруi өткiзілген қаулылардың және өкiмдердiң A4 форматындағы қағаздың жай
парақтарындағы (мемлекеттiк және орыс тілдерiндегі мәтiндер үшiн N 14 мөлшерлi
"TimesNewRoman" қарпi қолданылады, символдарды кодтау стандарты әP СТ 1048-2002
стандартына сәйкес) және ақпаратты магнитті жеткiзгiштегi мәтiндiк файлдар
түрiндегi (бұдан әрi - магниттік жеткізгіш) жобаларын, сондай-ақ оған қажетті
материалдарды әзiрлеушi мемлекеттiк органдардың өкiлдерi өз қолымен Кеңсеге
енгiзедi. Бұл ретте қаулылардың (өкiмдердiң) жобаларына ілеспе хаттарда
тапсырманың нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, олардың не Yкімет немесе
Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша немесе Президент, Үкiмет немесе
Премьер-Министр кесiмiнiң нақты тармағын орындау үшiн не бастамашылық жасау
тәртiбiмен енгізілгендiгi көрсетiлуге тиiс. Почта арқылы келiп түскен жобаларды
Кеңсе әзiрлеушiге қарамай және тiркемей
қайтарады.
Кеңседе тiркелер алдында жобалар
Кеңседе iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың және осы Регламенттiң талаптарына
сәйкестігiне, сондай-ақ iрiктемелi түрде дәлме-дәлдiгіне тексеріледi. Жоба
мәтiндерi осы талаптарға сәйкес келмеген немесе олардың мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде дәлме-дәл еместігі анықталған жағдайда жоба тiркелместен (құпия
сипаттағы жобаларды қоспағанда) анықталған кемшiлiктердi жою үшін әзiрлеушінің
өкiлiне қайтарылады.
Кеңсеге келiп түсетiн
"Aca маңызды", "¤те құпия" және "Құпия" деген құпиялық белгiсi бар қаулылардың
(өкiмдердiң) жобалары белгіленген тәртiппен тiркеледi және Кеңсе Басшысына
баяндалады. Көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда бұл жобалар Кеңсе
Басшысының тапсырмасы бойынша әзiрлеушiге
қайтарылады.
36. Кеңсеге мемлекеттік органның
бiрiнші басшысының мiндетiн атқарушы тұлға (Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына
арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттік берген тұлға)
бұрыштама соққан қаулының (өкiмнiң) жобасы не ол қол қойған iлеспе және өзге де
хаттар енгiзілген кезде жобаға оған бiрiншi басшының мiндетін атқару жүктелгенi
туралы (оған Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға
бiрiншi басшы өкілеттік бергендігі туралы) кесiмнің көшiрмесi қоса
беріледi.
37. Кеңседе қаулының (өкiмнiң)
жобасы тiркелгеннен кейiн жобаның Кеңседе тiркелген күнiнен бастап есептелетiн,
осы Регламенттiң 31-тармағында көрсетілгенге ұқсас мерзiмде оның
қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де аспектілерiне сараптама (бұдан әрi -
сараптама) жүргізіледi.
Сараптама қаулы (өкiм)
жобасының дайындалу сапасын, негізділiгін, уақтылылығын бағалау, ықтимал терiс
салдарларды айқындау үшiн, сондай-ақ жобаның жоғары деңгейдегi, Үкiмет пен
Премьер-Министрдiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкестiгi және жобаның
мемлекеттік және орыс тілдерiндегi мәтiндерiнiң дәлме-дәлдігі мәнiне
жүргiзіледi. Жобалар сараптамасының нәтижелерi Премьер-Министр мен оның
орынбасарлары, Кеңсе Басшысы үшiн олар тиiстi жобаларға қол қою немесе келiсу
туралы шешімдер қабылдаған кезде ақпараттық-ұсынымдық сипатқа ие
болады.
Кеңсенiң тиiстi жобаның өтуiне жауапты
құрылымдық бөлiмшесi жүргiзілген сараптаманың нәтижелерi бойынша жобаға
қорытынды дайындайды. Қорытынды мынадай ақпаратты қамтуға тиiс: жобаны қабылдау
қажеттілігi неге негiзделдi, оны дайындау кезiнде осы Регламенттің талаптары
сақталды ма, келiсушi мемлекеттік органдардың қандай қарсылықтары бар, жоба
бойынша Үкiмет мүшелерiнiң дауыс беру қорытындылары, жоба сараптамасының
нәтижелерi, оның iшiнде құқықтық сипаттағы және заңи техника бойынша ескертулер,
жобаны пысықтау туралы мәлiметтер (ондай факт болған кезде), жоба бойынша өзге
де қажетті мәлiметтер, жобаны қабылдау немесе қабылдамау мүмкiндiгi туралы
ұсынымдар.
38. Кеңсе сараптама жүргiзу
барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мемлекеттiк органға мынадай
негiздер бойынша:
1) оның жоғары деңгейдегi
нормативтiк құқықтық кесiмдерге сәйкес келмеуi
анықталғанда;
2) жобаның мемлекеттiк және орыс
тілдерiндегі мәтiндерiнiң дәлме-дәл еместiгi
анықталғанда;
3) Үкiмет бекiткен Кеңседе iс
жүргiзу жөнiндегi нұсқаулықтың, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары мен
Премьер-Министрi өкiмдерiнiң жобаларын ресiмдеу (заңды техника) жөнiндегі
нұсқаулықтың және осы Регламенттің талаптарының бұзылғаны анықталғанда
пысықтауға қайтаруға құқылы.
Кеңсенiң
құрылымдық бөлiмшелерiнiң өзге де аспектiлер бойынша терiс сараптамалық
қорытындысы да Үкiмет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының жобаны қайтаруы үшiн
себеп болуы мүмкiн.
39. Жоба пысықтауға
мынадай түрде қайтарылуы мүмкiн:
1)
мемлекеттік органдар бiрiншi басшыларының не олар өкілеттік берген тұлғалардың
қатысуымен өткен Yкiмет мәжілiсiнiң немесе Үкiмет басшылығында немесе Кеңсе
Басшысында өткен кеңестiң хаттамасы негiзiнде;
2) Кеңсенiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң жоба сараптамасының нәтижелерi бойынша
қорытындысы негiзiнде Премьер-Министрдiң жобада қаралатын мәселелер құзыретiне
жататын орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының не оның мiндетін атқарушы тұлғаның
жазбаша тапсырмасы бойынша;
3) жобаны
әзiрлеушi орган не оның өкілi (өкілетті тұлғасы) Кеңсенiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң ескертулерiмен келiскен кезде Кеңсе Басшысының рұқсатымен
әзiрлеушi өкіл (өкілетті тұлға) жобаның келiсу парағына қол қойып жұмыс
тәртiбiмен. әзiрлеушiнiң жобаны жұмыс тәртiбiмен пысықтау мерзiмi 7 жұмыс
күнiнен аспауға тиiс.
Егер қайтарылатын
жобаларға тапсырмаларда өзге мерзiм көрсетілмесе, жобаларды пысықтауды, қайтадан
дауыс беру өткiзудi және енгiзудi әзiрлеушiлер қайтарылған күнiнен бастап бiр
айдан аспайтын мерзiмде жүзеге асырады (жұмыс тәртiбiмен пысықталатын
жағдайларды қоспағанда). Пысықтау мерзiмi аяқталғаннан кейiн әзiрлеушi Кеңсеге
пысықталған жоба мен ол бойынша дауыс беру нәтижелерiн (Кеңсе белгiлеген нысан
бойынша) не жобаны қараудан алу туралы жазбаша өтiнiштi ұсынуы
тиiс.
Жоба пысықталғаннан кейiн Кеңсеге қайта
енгiзілген кезде оған сараптама жүргiзудiң және қорытынды дайындаудың жаңа
мерзiмi белгіленедi.
40. Ведомстволардың
санын, министрлiктердiң, агенттіктердiң және ведомстволардың штат санын, олардың
басшы лауазымды тұлғаларын өзгертудi (ұлғайтуды немесе қысқартуды) көздейтiн
қаулылардың жобалары бойынша Үкiмет мұндай өзгерiске Мемлекет басшысының немесе
оның уәкілеттігi бойынша Президент әкiмшілiгiнiң жазбаша келiсiмiн алуы
тиiс.
41. Кеңседе сараптама жүргізiлгеннен,
жоба пысықталғаннан (осындай факт болған кезде) және қорытынды дайындалғаннан
кейiн жоба Кеңседе iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес тиiстi қорғалған
елтаңбалық бланкiге көшiріледi, оған: орындаушы мен жобаның өтуiне жауапты
құрылымдық бөлiмшенiң басшысы; жобаға сараптама жүргiзген құрылымдық
бөлiмшелердiң басшылары; жоба мәтiндерiнiң дәлме-дәлдiгiн және олардың
мемлекеттiк және орыс тілдерiнiң ережелерiне сәйкестiгiн тексерудi жүзеге
асырған қызметкерлер бұрыштама соғады. Егер жоба және/немесе оған қосымшалар
Кеңседе пысықтауға ұшыраса, онда пысықталған жобаға және/немесе оған
қосымшаларға не олардың өзгертілген бөлiктерiне әзiрлеушi органның бiрiншi
басшысы немесе бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не
Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкілеттiк берген тұлға әр парағына алдын ала қол қоюға
тиiс.
42. Қаулылардың жобаларын
Премьер-Министрдiң орынбасарларында келiсу Премьер-Министр, оның орынбасарлары
мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлуге сәйкес жүзеге асырылады.
Премьер-Министрдiң орынбасарларында қаулылардың жобалары бойынша ескертулер мен
ұсыныстар болған кезде олар кеңестер өткiзуi мүмкiн. Кеңестерде қабылданған
шешiмдер кеңестердiң хаттамалары түрiнде
ресiмделедi.
Мемлекеттік органдардың арасында
қаулы жобасын келiсу процесiнде түзетiлмеген қағидатты келiспеушіліктер болған
кезде, Премьер-Министрдiң орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жоба бойынша
келiспеушілiктердi реттеу мақсатында нәтижелерi хаттамалар түрiнде ресiмделетiн
кеңестер өткiзуi мүмкiн. Егер талқыланып отырған мәселе бойынша өзара қолайлы
шешiмге қол жеткiзiлмеген жағдайда, кеңесті өткiзуші Премьер-Министрдiң
орынбасары немесе Кеңсе Басшысы бұл туралы түпкілiктi шешім қабылдау үшiн
Премьер-Министрге хабардар етедi.
Қаулының
жобасы бойынша Үкiмет мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң ескертулерi және/немесе
қарсылықтары болған кезде Премьер-Министр, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және
Кеңсе Басшысы Үкiмет мүшелерiнiң көпшілiгiмен келiсiлген шешiм шығару үшін кеңес
өткiзуi мүмкiн. Келiсiлген ұстанымға қол жеткiзiлмеген кезде Үкiметтiң қаулысы
қабылданбайды, ол кеңес хаттамасында тiркелуi
тиiс.
Қажет болған кезде Премьер-Министрдiң
орынбасарлары, Кеңсе Басшысы жобаны тиiстi мемлекеттік органдар мен ұйымдарға
қосымша келiсуге жiберуi мүмкiн.
¤кiмдердiң
жобалары Премьер-Министрдiң орынбасарларымен Премьер-Министр, оның орынбасарлары
мен Кеңсе Басшысы арасында мiндеттердi бөлумен айқындалатын құзыретке сәйкес
олардың мүдделілiгi анықталған жағдайда
келiсіледi.
43. Премьер-Министрдiң тиiстi
орынбасарларының келiсiмiнен (бұрыштама соғуынан) кейiн қаулының (өкiмнiң)
жобасына Кеңсе Басшысы бұрыштама соғады және оны жоба бойынша шешiм қабылдау
үшiн Премьер-Министрге не Премьер-Министрдiң мiндетiн атқарушы тұлғаға
баяндайды.
Премьер-Министр қаулының (өкiмнiң)
жобасын қажет болған кезде пысықтау және/немесе қосымша келiсу үшiн тиiстi
мемлекеттiк органға жiберуi мүмкін.
44.
Үкiметтің қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Премьер-Министр қол қояды.
Премьер-Министр болмаған кезде Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң
өкiмдерiне Премьер-Министр белгілеген тәртiппен Премьер-Министрдiң мiндетiн
атқаратын оның орынбасарларының бiрi қол қоя
алады.
Қаулының (өкiмнiң) түпнұсқасына оған
қол қойылғаннан кейiн түзетулер енгiзуге тыйым
салынады.
45. Үкiметтің қаулылары мен
Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу және есепке алу Кеңсе белгілеген тәртiппен
жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiметтің
қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсенiң тиiстi
бөлiмшесi:
1) құпия емес қаулылар үшiн -
күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу реттiк нөмiрiнен, өкiмдер үшін -
дефис арқылы "ө" әрпін қойып, күнтiзбелiк жылдың басынан бастап есепке алу
реттік нөмiрiнен;
2) "әызмет бабында пайдалану
үшін" деген белгісi бар таралуы шектеулi қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес
қаулылар (өкiмдер) үшiн кезектi peттік нөмiрден және "қбҮ" кiшi
әрiптерiнен;
3) аса маңызды, өте құпия және
құпия қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия қаулының (өкiмнiң) кезектi есепке алу
нөмiрiн сызықша арқылы берілген құпиялық белгісiне сәйкес "аса м" - "Аса
маңызды", "өқ" - "¤те құпия", "қ" - "Құпия" кiшi әрiптерiмен бiрге қойып, құпия
емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған кезекті реттік
нөмiрден;
4) бекiтілген бюджеттiк
бағдарламалардың паспорттарына өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу
көзделетiн қаулылар үшiн - әлiпбилiк тәртiппен берілетiн әрiптiк литерi
(литерлерi) бар бастапқы қаулының реттiк нөмiрiнен тұратын тiркеу нөмiрлерiн
бередi.
Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша
қаулыларға (өкiмдерге) жоғарыда көрсетілген тәртiппен құпия емес қаулыларға
(өкiмдерге) арналған кезектi реттік нөмiрден кейiн дефис арқылы қойылатын сандық
литерi бар тiркеу нөмiрлерi берілуi мүмкiн.
46. Үкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің түпнұсқалары тұрақты
сақталатын құжаттарға жатады және Кеңседе кемiнде 15 жыл сақталады, осы мерзiм
өткеннен кейiн олар Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттiк мұрағатына
мемлекеттiк сақтауға берiледi.
47. Үкiмет
қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерінің куәландырылған көшiрмелерiн
уақтылы шығаруды және таратуды Кеңсе жүзеге асырады. Қажет болған кезде
қаулылардың (өкiмдердiң) қосымша даналары Кеңсе Басшысының рұқсатымен ғана
беріледi. Құпия сипаттағы қаулылар мен өкімдердің куәландырылған көшiрмелерi
немесе олардың үзiндi көшiрмелерi белгiленген тәртiппен адресаттардың шектеулi
санына жiберiледi.
Оларда техникалық қателер
анықталған кезде Үкiметтiң құпия емес қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң
бұрын жiберілген даналарын ауыстыру Кеңсе Басшысының рұқсатымен жүргiзіледi. Бұл
ретте бастапқы жiберiлген даналарды алғандарға "Бұрынғы жiберілгеннiң орнына"
("Взамен ранее разосланного") мөртаңбасы басылып, қаулылардың (өкiмдердiң)
түзетілген нұсқалары жiберіледi. Адресаттар көрсетілген мөртаңбасы бар
түзетілген нұсқаны алғаннан кейiн олар қаулылардың (өкiмдердiң) бұрын жiберілген
даналарын Кеңсеге дереу қайтаруға тиiс.
Қаулыларды (өкiмдердi) қайтарып алу Кеңсе Басшысының нұсқауы бойынша жүзеге
асырылады.
Аса маңызды, өте құпия және құпия
қаулылар (өкiмдер) Кеңсе Басшысының хатымен ресми түрде қайтарылып
алынады.
48. Жобалары осы Регламенттің
талаптарын бұзып енгiзілген Yкiметтің және Премьер-Министрдiң қабылданған
шешiмдерiндегi қателерге жобаны әзiрлеушi жауапты
болады.
49. Үкiметтiң нормативтiк қаулысы
қабылданғаннан кейiн министрлiктер мен олардың ведомстволары, агенттіктер,
сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдар бiр ай мерзiмде өздерiнің кесiмдерiн
Yкiмет қабылдаған қаулыға сәйкес келтiруге және қажет болған кезде оны iске
асыру мақсатында тиісті кесiмдер шығаруға
мiндеттi.
Осы тармақтың орындалуын бақылауды
әдiлет министрлігі жүзеге асырады.
50.
Нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдаған орган таратылған, қайта
ұйымдастырылған немесе қайта құрылған жағдайда, оның кесiмдерiнiң күші жойылды
деп тану, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелердi оның
құқықтық мирасқоры немесе жоғары тұрған орган шешедi.
6. Yкiмет
енгізетiн Президент
кесiмдерiнiң жобаларын
дайындау
51. Үкiмет енгiзетiн Президент кесiмдерiнiң жобаларын дайындауды қолданыстағы
заңнамаға және осы Регламентке сәйкес тиiстi орган жүзеге
асырады.
Президент кесiмдерiнiң жобалары
Үкiмет қаулыларымен не Премьер-Министрдiң немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн
атқарушы) тұлғаның хаттарымен Президент әкiмшілiгiне енгiзіледi. Бұл ретте,
әдетте, хаттармен Президент әкiмшілiгi бұрын пысықтау үшiн қайтарған жобалар
қайта енгізіледi.
Президент кесiмдерiнiң
жобаларын келiсу кесiм жобасы мәтiнiнiң түпнұсқаларына (мемлекеттiк және орыс
тілдерiндегi) қол қойып (бұрыштама соғып) бекiтуден және/немесе оның келiсу
парағына бұрыштама соғудан көрiнедi.
52.
Үкiмет Президент әкiмшiлiгiне енгiзетiн мемлекеттiк және орыс тілдерiнде
дайындалған Президент кесiмдерiнiң жобалары мыналарды қамтуға
тиiс:
1) Президент кесiмiнiң жобасын енгiзу
туралы Үкiмет қаулысының белгiленген тәртiппен Yкiмет мөрiмен куәландырылған
көшiрмесi немесе Премьер-Министрдiң не оны алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы)
тұлғаның Президентке жолданған хатының
түпнұсқасы;
2) Премьер-Министр немесе оны
алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға, Кеңсе Басшысы, жобаны әзiрлеушi
мемлекеттiк органның және әділет министрлiгiнiң бiрiншi басшылары (бiрiншi
басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлғалар не Үкiметтің және
Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде
өкілеттік берген тұлғалар) бұрыштама соққан тиiстi бланкiдегi Президент
кесiмiнiң жобасы. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi басшысы не
Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкілеттiк берген тұлға Президент кесiмiнiң жобасы мен оған
қосымшаның әр парағына алдын ала қол қоюы тиiс. Басқа да келiсушi органдардың
бiрiншi басшылары (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген
тұлғалар не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға
бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалар) жобаға келiсу парағына
бұрыштама соғады. Премьер-Министр немесе оны алмастыратын (оның мiндетiн
атқарушы) тұлға және Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн атқарушы тұлға) бұрыштама
соққан тиiстi бланкiдегi Президент кесiмiнiң жобасына әзiрлеушi орган және
әділет министрлiгі бiрiншi басшыларының (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми
түрде жүктелген тұлғалардың не Үкiметтің және Кеңсенiң басшылығына арналған
құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғалардың)
бұрыштамасы бар жай қағаздың парақтарында ұсынылған, Үкiметке енгiзілген
Президент кесiмiнiң жобасын қоса тiркеуге рұқсат
етіледi;
3) Премьер-Министр немесе оны
алмастыратын (оның мiндетiн атқарушы) тұлға қол қойған көлемi 3 парақтан, ал
күрделi мәселелер бойынша 5 парақтан аспайтын түсiндiрме жазба, онда мәселенiң
мәнiсi мен Президент кесiмiн қабылдау қажеттілігінің, оның iшiнде
қаржы-экономикалық негiздемесi, осы мәселе бойынша Президент кесiмдерiнiң бұрын
қабылданған тiзбесi және олардың орындалуы туралы ақпарат, осы жобаны
қабылдаудан күтілетiн салдарлардың болжамы
жазылады;
4) егер Президент кесiмiнiң
енгiзілетiн жобасымен Президенттiң қолданыстағы кесiмдерiне өзгерiстер
және/немесе толықтырулар енгiзу көзделетiн болса, әзiрлеушi мемлекеттік орган
бiрiншi басшысының немесе бiрiншi басшының мiндеттерiн атқару ресми түрде
жүктелген тұлғаның не Үкiметтiң және Кеңсенiң басшылығына арналған құжаттарға
қол қоюға бiрiншi басшы ресми түрде өкілеттiк берген тұлғаның әр парағына алдын
ала қолы қойылған және қолы қойылған Президент кесiмiнiң бұрынғы және жаңа
редакциясының салыстырма кестесi;
5) Президент
әкiмшілiгi белгілеген нысан бойынша жасалған Президент кесiмi жобасының келiсу
парағы;
6) өзге де қажетті
материалдар.
53. Премьер-Министр немесе оны
алмастыратын (оның мiндетін атқарушы) тұлға не Кеңсе Басшысы (оның мiндетiн
атқарушы тұлға) Үкiметке тапсырмасы бар Президент кесiмi күшiне енген күнiнен
бастап 3 жұмыс күнiнен кешiктiрмейтін мерзiмде осы тапсырмалардың орындалуы үшiн
жауапкершiлiк жүктелетiн лауазымды тұлғалар мен мемлекеттiк органдарды
айқындайды.
7. Yкiметтің
заң шығару қызметi
54. Үкiметтің заң шығару қызметi Үкiметтiң заң жобалау жұмыстарының жоспарына
(бұдан әрi - Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
55. Үкiметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын
қалыптастыру Президенттiң тапсырмалары, Үкiметтiң Бағдарламасы, мемлекеттік
бағдарламалар мен Үкiмет бекiтетiн бағдарламалар, мемлекеттік бағдарламаларды
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары, сондай-ақ Премьер-Министрдiң шешiмдерi
ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Жоспар заң
жобаларының, оның iшiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдарды, нақты
заң жобаларын әдiлет министрлiгiне, Үкiметке және Қазақстан Республикасының
Парламентiне (бұдан әрi - Парламент) енгізу мерзiмдерi, сондай-ақ заң жобаларын
әзiрлеу мен енгiзу үшiн жауапты лауазымды тұлғалар көрсетіле отырып,
қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгізудi
көздейтiн заң жобаларының тiзбесiн бiлдiредi.
56. Алдағы жылға арналған Жоспардың жобасын әділет министрлiгi мемлекеттік
органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Заң жобалау қызметi
мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Ведомствоаралық
комиссия) ұсыныстарының негiзiнде жасайды және жыл сайын 1 қарашаға дейiн Үкiмет
қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн белгіленген тәртiппен Үкiметке ұсынады. Бұл
ретте әділет министрлiгi Жоспардың жобасына енгізілген әрбiр заң жобасын әзiрлеу
қажеттiлiгiнiң негіздемесiн қамтитын анықтаманы қоса
тiркейдi.
Ведомствоаралық комиссияның оң
қорытындысы Жоспарға сол немесе өзге заң жобасын енгізу үшiн мiндетті шарт болып
табылады.
57. Жоспарды Президентпен келiсу
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң
жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжілiсiне Үкiмет енгiзетiн заң жобаларын
Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiмен келiсу ережелерiн бекiту
туралы" 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге
асырылады.
58. Жоспарда көзделген заң
жобаларын ұсыну мерзiмдерiн ауыстыру туралы, сондай-ақ заң жобаларын ағымдағы
жылдың Жоспарынан алып тастау немесе оған толықтырулар енгiзу туралы мәселелер
заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк органның өтiнiшi бойынша Ведомствоаралық
комиссияның отырысында алдын ала қаралады. Мемлекеттік орган Жоспарға өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы Үкiмет қаулысының жобасын енгiзген кезде
түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде Ведомствоаралық комиссияның осы мәселе бойынша
негіздемесi мен шешiмi көрсетіледi.
Мемлекеттiк және өзге де бағдарламалар, тұжырымдамалар, Yкiметтiң iс-шаралары
жобаларының нормалары (ережелерi) заң жобаларын қамтамасыз ету бөлiгiнде
Ведомствоаралық комиссиямен келiсiледi.
Мемлекеттік және өзге де бағдарламаларға қоғамдық қатынастарды заңнамалық
реттеудiң жаңа тетiктерiн енгiзу перспективалық Жоспарға өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзумен қатар жүргiзілуге тиiс.
Заң жобалау жұмыстарының қабылданған жоспарларына енгiзiлетiн өзгерiстер және
(немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан
Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгiмен мiндеттi түрде келiсілуге
жатады.
59. Перспективалық және ағымдағы
жоспарлардың орындалуын жалпы бақылауды әділет министрлiгi жүзеге
асырады.
әдiлет министрлiгi ай сайын Yкiметтiң
заң жобалау қызметiнiң барысын қорытады және есептіден кейiнгi айдың 1-күніне
ағымдағы Жоспардың орындалу барысы туралы есепті, оның iшiнде жоспарланған заң
жобаларының мемлекеттiк органдар мен Парламентте өтуi туралы ақпаратты
ұсынады.
Жоспарланған заң жобаларын әзiрлеу
мерзiмi бұзылған кезде Кеңсе әдiлет министрлiгi ақпаратының негiзiнде
Премьер-Министрге заң жобаларын әзiрлеу мерзiмiнiң бұзылуына кiнәлi лауазымды
тұлғаларды жауапкершілiкке тарту туралы ұсыныстар енгiзе
алады.
60. Халықаралық шарттарды бекiту мен
күшiн жою және оларға қосылу туралы заң жобаларынан басқа, жоспардан тыс заң
жобалары Ведомствоаралық комиссиямен алдын ала келiсiлуге жатады, оның оң
қорытындысы заң жобаларын белгiленген тәртiппен Үкiметке енгiзу үшiн негiздеме
болады.
61. Заң жобаларын әзiрлеудің және
ұсынудың сапасы, уақтылылығы үшiн Жоспарда көрсетiлген лауазымды тұлғалар жеке
жауапкершілiкте болады.
62. Жоспардың
негiзiнде заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттiк органдар белгiленген мерзiмде заң
жобаларын Кеңсеге осы заң жобаларын Парламенттiң Мәжілiсiне енгiзу туралы Үкiмет
қаулыларының жобаларымен бiрге енгiзедi.
Көрсетілген жобаларды дайындау, ресiмдеу, келiсу, оларға дауыс беру және енгізу,
сондай-ақ олар бойынша келiспеушілiктердi қарау тәртiбi "Нормативтiк құқықтық
актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан
Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң Регламентiнде және осы Регламентте
көзделген ерекшелiктермен бiрге Үкiмет қаулыларының жобаларын енгiзу үшiн
белгіленген тәртiпке ұқсас.
Парламенттің
қарауына Yкiмет енгiзетiн заң жобалары (халықаралық шарттарды бекiту мен күшiн
жою және оларға қосылу туралы заң жобаларын қоспағанда) бойынша "Норма
шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 мамырдағы N 698 қаулысымен бекiтілген Заң
жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасымен реттелетiн
құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық,
экологиялық, қаржы және басқа) жүргiзу мiндетті. Бұл ретте оларды қабылдаудан
экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауіпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға
қатер туғызуы мүмкiн зардаптарды болжайтын заңнамалық кесімдердiң жобалары
мiндеттi экологиялық сараптама жүргiзуге
жатады.
Заң жобасын әзiрлеушi жобаға тиiстi
ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды
ұсынымдық сипатқа ие болады (барлық заңды және жеке тұлғалар орындау үшін
мiндеттi мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысын қоспағанда).
әзiрлеушi көрсетілген қорытындыларды мiндеттi түрде заң жобасының басқа
материалдарымен бiрге мемлекеттiк және орыс тілдерiнде Кеңсеге енгізедi.
ылыми сараптаманың терiс қорытындысы кезінде (мемлекеттік экологиялық
сараптаманы, оның нәтижелерi бойынша заң жобасында мiндеттi түрде жойылуы тиiс
ескертулердi қоспағанда) заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттiк орган сараптамалық
қорытындының ұсыныстарына сәйкес заң жобасын пысықтау, сондай-ақ қайтадан немесе
қосымша сараптама жүргiзу туралы өз бетiмен шешiм қабылдайды. Заң жобасы бойынша
сараптамалық қорытындыдағы ұсынымдар қабылданбаған жағдайда, әзiрлеушi заң
жобасына ілеспе хатта қабылдамау себептерiнiң дәлелдi негiздемесiн келтiруi
тиiс.
63. Парламент Мәжілiсiне Үкiмет
енгiзетiн заң жобаларын Президент әкiмшiлiгiмен келiсу Қазақстан Республикасы
Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобалау жұмыстарының
жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентiмен және Қазақстан Республикасы
Парламентiнiң Мәжілiсiне Yкiмет енгiзетiн заң жобаларын Қазақстан Республикасы
Президентiнiң әкiмшілiгiмен келiсу ережелерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 17
мамырдағы N 873 Жарлығына сәйкес жүзеге
асырылады.
Президент
әкiмшілiгiмен:
1) Парламентте қаралуы
Президент атынан шұғыл немесе басымдықты деп жариялау жоспарланатын заң
жобалары. Президенттiң заң жобаларын шұғыл немесе басымдықты деп, оның iшiнде
Үкiметтiң бастамасы бойынша жариялауы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003
жылғы 29 сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтілген Заңдар жобаларын
қараудың басымдығын белгілеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп
жариялау ережесiне сәйкес жүзеге асырылады;
2)
Президенттің тапсырмасы бойынша Үкiмет әзiрлеген және Парламент Мәжілiсiне
енгiзуi тиiс заң жобалары;
3) конституциялық
заңдардың, кодекстердің жобалары, сондай-ақ қолданыстағы конституциялық заңдар
мен кодекстердi өзгертуге және толықтыруға бағытталған заң
жобалары;
4) жергілiктi мемлекеттiк басқаруды
және жергілiкті өзiн-өзi басқаруды, елдiң саяси және сайлау жүйелерiн
жетілдiруге бағытталған заң жобалары;
5)
қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк саласындағы құқықтық қатынастарды
регламенттейтiн заң жобалары мiндеттi түрде алдын ала келiсілуге
тиiс.
Президент әкiмшілiгiнiң онымен
келiсілетiн заң жобалары бойынша ескертулерi толық ескерілмейтiн жағдайда, Кеңсе
бұл туралы Президент әкiмшілiгiне хабардар
етедi.
64. Қазақстан Республикасы
Президентiнiң арнайы жолдауымен басымдықты деп айқындалған заң жобаларын (бұдан
әрi - басымдықты заң жобалары) әзiрлеушi мемлекеттiк органдар осы Регламентке
сәйкес келiсiлген заң жобаларын Кеңсеге заң жобасы басымдықты деп айқындалған
күнiнен бастап 20 күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей енгiзуi тиiс. Бұл ретте
басымдықты заң жобаларын мемлекеттiк органдардың келiсу мерзiмi олар түскен
күнiнен бастап 5 күнтiзбелiк күннен аспауы
тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
әкiмшiлiгiмен келiсілгеннен кейiн Үкiмет басымдықты заң жобаларын 10 күнтiзбелiк
күннен кешiктiрмейтiн мерзiмде Парламент Мәжілiсiнiң қарауына
енгiзедi.
65. Шұғыл деп жариялау жоспарланған
заң жобаларын әзiрлеушi мемлекеттік органдар осы Регламентке сәйкес келiсiлген
заң жобаларын Кеңсеге Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 29
сәуiрдегi N 1074 Жарлығымен бекiтiлген Заңдар жобаларын қараудың
басымдығын белгiлеу, сондай-ақ заң жобасының қаралуын шұғыл деп жариялау
ережесiнiң 1-тармағына сәйкес Үкiметке немесе тиiстi мемлекеттік органға
хабарлама келіп түскеннен кейiн 10 күнтiзбелiк күннен кешiктірмей енгiзуi тиiс.
Бұл ретте шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобаларын мемлекеттік органдармен
келiсу мерзiмi олар келiп түскен күнiнен бастап 3 күнтiзбелiк күннен аспауы
тиiс.
Қазақстан Республикасы Президентiнің
әкiмшiлiгiмен келiсiлгеннен кейiн шұғыл деп жариялау жоспарланған заң жобасын
Үкiмет 7 күнтiзбелік күннен кешiктiрмейтін мерзiмде Парламент Мәжiлiсiнiң
қарауына енгiзедi.
66. Қазақстан
Республикасының Президентi шұғыл деп жариялаған заң жобасы Қазақстан
Республикасы Президентiнiң арнайы жолдауы Парламентте жария етілгеннен немесе
осы жолдау Парламентке жолданғаннан кейiнгi келесi күннен кешiктiрмей Парламент
Мәжілiсiнiң қарауына енгiзіледi.
67. Кеңседе
өту мерзiмi 10 күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс (жобаның тiркелген күнiнен бастап
қол қойылған құжатты шығаруға тапсырғанға дейiн) басымдықты заң жобалары мен
шұғыл деп жариялау жоспарланып отырған заң жобаларынан басқа, заң жобаларына
сараптама және Кеңседе олар бойынша қорытындылар дайындау Кеңседе тiркелген
күнiнен бастап 10 жұмыс күннен аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады. Осы
Регламентте көзделген негiздемелер бойынша заң жобаларын Кеңсе заң жобасын
әзiрлеушi мемлекеттiк органға пысықтауға, оның iшiнде қажет болған кезде қосымша
ғылыми сараптама жүргiзу үшiн қайтаруы мүмкiн.
68. Кеңсеге заң жобасы бойынша енгiзілетiн материалдар мемлекеттiк және орыс
тiлдерiнде дайындалған:
1) заң жобасын, ал
қажет болған кезде қолданыстағы заңнамалық кесiмдерге өзгерiстер және/немесе
толықтырулар енгiзу туралы не негiзгi жобаның қабылдануына байланысты заңнамалық
кесiмдердiң күшi жойылды деп тану туралы заң жобаларын да (оның iшiнде магнитті
жеткiзгiштердегi) және заң жобасын әзiрлеушi мемлекеттік органның бiрiншi
басшысы (бiрiншi басшының мiндетiн атқару ресми түрде жүктелген тұлға не
Үкiметтің және Кеңсенің басшылығына арналған құжаттарға қол қоюға бiрiншi басшы
ресми түрде өкілеттiк берген тұлға) әр парағына алдын ала қол қойған, Үкiмет
қаулылары үшiн осы Регламенттiң 27-тармағында белгіленген тәртiппен келiсiлген
(бұрыштама соғылған) осы заң жобасын (заң жобаларын) Парламент Мәжілiсiне енгiзу
туралы Үкiмет қаулысының жобасын;
2) осы
Регламенттiң 26-тармағының т