Қазақстан
Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға арналған көшiп
келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын iске асыру
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы N 192 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Оралмандардың 2005 - 2007 жылдарға
арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N
1508 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қазақстан
Республикасының
1. Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi облыстардың,
Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, 2005 - 2007 жылдарға
арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаражат шегiнде көшiп
келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналасқан
жерлерiнде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз
етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрлiгiмен бiрлесiп:
1) дипломатиялық
арналар арқылы тиiстi мемлекеттердiң Үкiметтерiне оралмандардың шығуы мен
транзиттiк жүрiп өтуi және шығатын мемлекеттердiң шекаралары арқылы өтуi кезiнде
оларға жәрдем көрсету мәселелерi жөнiнде өтiнiш
жасасын;
2) тарихи отанына оралуға тiлек
бiлдiрген отандастарымыздың азаматтық және мүлiктiк құқықтарын қорғауға
байланысты мәселелердi шет мемлекеттердiң тиiстi органдарымен
пысықтасын;
3) өзiнiң тарихи отанына
мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды
ұйымдасқан түрде көшiрудi жүзеге асырсын.
3.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi жыл
сайын 1 шiлдеге және 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Yкiметiне осы
қаулының орындалуы туралы есептi табыс етсiн.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Премьер-Министрі