Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1112 қаулысына толықтыру
енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 10 наурыздағы N 220 Қаулысы
"Өрт қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22
қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгiнiң Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау
комитетi туралы ережеде:
9-тармақтың 3)
тармақшасы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен
толықтырылсын:
"өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын
белгiлейтiн стандарттардың, нормалар мен ережелердiң жобаларын, сондай-ақ
осындай нормалары мен ережелері жоқ объектiлердi салуға арналған жобалық
шешiмдердi келiседi.".
Премьер-Министрі