"Халықаралық
бағдарламалар орталығы" акционерлiк қоғамын құрудың кейбiр мәселелерi
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 301 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының
1) Қоғамның жарғысын
бекiтсiн және оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз
етсiн;
2) Қоғам акцияларының мемлекеттік
пакетiне иелік ету және оны пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Бiлiм
және ғылым министрлiгiне берсiн;
3) осы
қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
1) "Акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк
үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N
405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13,
124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке
жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің
тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлiм
мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 21-62-жолмен
толықтырылсын:
"21-62. "Халықаралық
бағдарламалар орталығы" АҚ";
2) "Республикалық
меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне
иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N
659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен
бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де
мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың
мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң
тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм
және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi
222-30-жолмен толықтырылсын:
"222-30.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ";
3)
"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N
1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 40,
522-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың
тiзбесi мынадай мазмұндағы 3-бөліммен
толықтырылсын:
"3. Акционерлiк қоғамдар
1. Халықаралық
бағдарламалар орталығы".
Премьер-Министрі