Еңбек
қауiпсiздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру
және жүргiзу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 309 Қаулысы
"Еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28
ақпандағы Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан
Республикасы
Премьер-Министрі
Үкiметінiң
2005
жылғы 6 сәуірдегi
N 309 қаулысымен
бекiтiлген
саласындағы
мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру
және жүргізу ережесi
1) еңбек
қауiпсiздiгі - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және қауiптi
әсердi болдырмайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етілген қызметкердiң қорғалу
жай-күйi;
2) еңбек қауiпсiздiгi мен
еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздігі мен еңбекті қорғау
жағдайын бақылау жүйесi, сондай-ақ республикадағы еңбек қауiпсiздiгi мен еңбектi
қорғаудың жай-күйiн бағалау және
болжау;
3) еңбектi қорғау - құқықтық,
әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-гигиеналық,
емдеу-профилактикалық оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын
еңбек қызметi процесiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету жүйесi;
4) жұмыс орны - еңбек
қызметi процесiнде еңбек мiндеттерiн орындау барысында қызметкердiң тұрақты
немесе уақытша болатын орны;
5) еңбек
қауiпсiздiгi және еңбекте қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның
аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi - аумақтық бөлiмшелер) - еңбек қауiпсiздiгi және
еңбекте қорғау жөніндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның тиiстi
әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
еңбек қатынастары саласындағы өкілеттiктердi жүзеге асыратын құрылымдық
бөлiмшелерi;
6) еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi
орган) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары
саласындағы өкiлеттiктердi жүзеге асыратын орталық атқарушы
орган;
7) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы
уәкiлеттi мемлекеттiк орган - өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк
саясатты берiлген өкiлеттіктер шегiнде iске асыратын Қазақстан Республикасының
орталық атқарушы органы.
саласындағы
мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру
және оны жүргiзудiң тәртiбi
Өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы
уәкілеттi мемлекеттiк орган қауiптi өндiрiстiк объектілердегi жұмыстардың
қауiпсiз орындалуын қамтамасыз ететiн өндiрiс құралдарының және нормативтiк
технологиялық құжаттаманың жай-күйiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге
асырады.
1) жоспарлы - алдыңғы
тексерулерге қатысты заңнамада белгіленген уақыт интервалдарын ескерiп
жүргiзiлетiн алдын-ала жоспарланған
тексеру;
2) жоспардан тыс -
қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, еңбек қауiпсiздiгi және
еңбектi қорғау саласындағы қауiптi дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ
азаматтардың және заңды тұлғалардың, оның iшiнде мемлекеттiк органдардың
шағымдарына, арыздарына және өтiнiштерiне дереу әрекет етудi талап ететiн
қалыптасқан ахуалға байланысты тексеру.
Нысаны
бойынша тексеру Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуы мәселелерi бойынша
бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын басқа мемлекеттiк
органдармен бiрлесiп кешендi түрде жүргiзiлуi мүмкін.
1) қызметтiк
куәлiгiн;
2) қажет болғанда, құзыреттi
органның режимдi объектiлерге баруға рұқсатын ұсынуы тиiс.
1)
ұйғарым:
Қазақстан Республикасының еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуын жою
туралы;
еңбек жағдайлары бойынша
өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды жүргiзу туралы;
өндiрiстiк объектілер мен жабдықтарда, сондай-ақ
өндірістік процестерде жарақаттану қаупiн және авариялық жағдайлардың туындауын
болдырмау Үшін еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi профилактикалық
жұмыстар жүргізу туралы;
жекелеген
өндiрiстердi, цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын, жабдықтарды және тұтастай
ұйымды қызметкердің өмiрi мен денсаулығына катер төнген жағдайларда соттың
шешiмiнсiз үш күннен аспайтын мерзiмге, көрсетiлген мерзiмде мiндетті түрде
сотқа талап-арыз өтiнiшiн бере отырып, пайдалануға тыйым салу және тоқтата тұру
туралы. Бұл ретте қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт
анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейiн немесе соттың шешiмi шыққанға дейiн
қолданылады;
2) Қазақстан Республикасының
еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасын бұзған жағдайда
әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тарту туралы қаулы.
жөнiндегі
мониторингтi жүзеге асыру