Төтенше
экологиялық жағдайды жариялау ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 5 мамырдағы N 431 Қаулысы
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi
бекiтілсiн.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң
қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
2005
жылғы 5 мамырдағы
N 431
қаулысымен
бекiтілген
Төтенше
экологиялық жағдайды жариялау ережесi
1. Жалпы
ережелер
1. Осы Төтенше экологиялық жағдайды жариялау ережесi (бұдан әрi - Ереже)
қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15
шілдедегі Заңына сәйкес әзiрлендi және төтенше экологиялық жағдайды
(бұдан әрi - ТЭЖ) жариялаудың тәртiбін және оны айқындау өлшемдерiн
белгiлейдi.
2. Осы Ережеде қолданылатын терминдер мен айқындамалар қоршаған ортаны қорғау
саласындағы заңнамада қабылданған терминдер мен айқындамаларға сәйкес
келедi.
3. ТЭЖ төтенше экологиялық жағдай мәртебесiн беру көзделетiн аумақтың
шекараларын белгілеу мақсатында жарияланады.
4. ТЭЖ жариялаудың негiзгi мiндеттерi:
қандай
да бiр жұтау дәрежесiне ұшыраған аумақтың шекараларын
айқындау;
ТЭЖ-дiң туындау себептерiн
анықтау;
аумақтың экологиялық жай-күйiн
айқындау;
ТЭЖ-дiң шығынын, ұлғаю және
қайталану мүмкiндiктерiн бағалау;
оны жою
жөнiндегi қажетті шараларды айқындау;
ТЭЖ-дi
жою үшiн қажеттi күштер мен құралдарды
бағалау;
ТЭЖ-дiң туындауына себепші болған
факторларды бейтараптандыру жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу болып
табылады.
2. ТЭЖ
жариялау
5. ТЭЖ болжанатын экологиялық қолайсыз аумақта бұрын жүргiзiлген зерттеулер
бойынша қажетті материалдарды қалыптастыру мақсатында жұмыс тобы
құрылады.
6. Жұмыс тобын құруға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
бастамашылық жасайды. Жұмыс тобының құрамына:
қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi
органның;
бiлiм және ғылым саласындағы
уәкілеттi органның;
денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті органның;
индустрия және
сауда саласындағы уәкілетті органның;
энергетика және минералдық ресурстар саласындағы уәкілетті
органның;
ауыл шаруашылығы саласындағы
уәкілетті органның;
төтенше жағдайлар
жөнiндегi уәкілетті органның;
еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау жөнiндегi уәкілетті
органның;
қаралатын өңiрдiң жергілiкті
атқарушы органының;
үкiметтік емес қоғамдық
ұйымдар мен жұртшылықтың;
басқа да мүдделi
мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың және мекемелердiң өкілдерi
кiредi.
7. Жұмыс тобы бұрын жүргiзілген зерттеулер бойынша қолда бар материалдарды
қалыптастырады.
8. Жұмыс тобының дайындаған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы
уәкілетті органға беріледi.
9. Жұмыс тобы ұсынған материалдарды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілеттi
орган мемлекеттік экологиялық сараптамаға жiбередi.
10. Мемлекеттік экологиялық сараптама ТЭЖ-дi жариялауға негiздеменi басшылыққа
ала отырып, экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi тану немесе танымау туралы
көрсетілетін қорытындыны дайындайды.
11. Экологиялық қолайсыз аумақта ТЭЖ-дi таныған жағдайда Қазақстан
Республикасының Үкiметi осы аумақта ТЭЖ жариялайды.
12. Төтенше экологиялық жағдайды жариялауға
негiздеме:
1) төтенше жағдайлардың шекараларын
айқындау осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес
жүргiзіледi;
2) халық денсаулығының жай-күйi
қоршаған ортаның: осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес атмосфералық ауаның, судың және
топырақтың ластануы көрсеткіштерiнiң жиынтығымен
бағаланады;
3) атмосфералық ауаның ластануы
дәрежесiн бағалау орта тәулiктiк шоғырланулар бойынша жүзеге асырылады. әрбiр
орта тәулiктiк шоғырлану үшiн осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес шектi жол берілетiн
шоғырланудан өсу еселiгi айқындалады.
Атмосфералық ауаның жиынтық орташа жылдық ластану дәрежесiн кешендi
көрсеткiштерi бойынша бағалау осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес
жүргiзіледi.
Бұл ретте егер кешендi
көрсеткіште заттардың кез келгенi бiр затқа арналған көрсеткiш шамасынан асатын
мәнге ие болса, онда бұл жағдайда ластану дәрежесiн бағалау осы зат бойынша да
жүзеге асырылады;
4) Ауыз су және рекреациялық
мақсаттағы су көздерiнiң санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйi мен ауыз суының
қауiпсiздiгi осы Ережеге 5, 6, 7-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер бойынша
бағаланады;
5) қоныстану аумақтары
топырақтарының радиоакитивтi ластануын экологиялық бағалау осы Ережеге
8-қосымшаға сәйкес негiзгi көрсеткiштер бойынша
жүргiзiледi;
6) радиациялық қауіпсiздiкті
бағалау осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес көрсеткіштер бойынша
жүргiзіледi;
7) ауа кеңiстiгiнiң ластануын
бағалау осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша
жүргiзіледi;
8) Қалыптасып қойған төтенше
экологиялық жағдай және экологиялық зілзала аймақтарын анықтау осы Ережеге 11
және 12-қосымшаларға сәйкес химиялық және экологиялық көрсеткіштер бойынша
жүзеге асырылады;
9) су ресурстарының сарқылу
дәрежесiн бағалау осы Ережеге 13 қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша
жүргiзіледi;
10) теңiз суларының ластану
дәрежесiн бағалау осы Ережеге 14 және 15-қосымшаларға сәйкес көрсеткiштер
бойынша жүргiзіледi;
11) шаруашылық
объектілерiнiң әсер ету аймақтарының учаскесiндегi жер асты суларының ластануын
бағалау осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес негiзгi және қосымша көрсеткiштер
бойынша жүргiзiледi;
12) топырақтың
экологиялық жай-күйiн бағалау осы Ережеге 17-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер және
осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес қосымша көрсеткiштер бойынша
жүргiзіледi;
13) геологиялық ортаның
геодинамикалық деформациясын бағалау осы Ережеге 18-қосымшаға сәйкес
көрсеткiштер бойынша жүргiзіледi;
14)
экожүйенiң жұтаңдану және табиғи экожүйе жағдайындағы құрылымдық-функционалдық
өзгеру дәрежесiн бағалау осы Ережеге 19-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша
жүргiзiледi;
15) өсiмдiктер әлемiнiң жай-күйiн
бағалау осы Ережеге 20-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша
жүргiзіледi;
16) жануарлар дҮниесінің
жай-күйiн бағалау осы Ережеге 21-қосымшаға сәйкес
жүргізіледi;
17) аумақтардың биохимиялық
жай-күйiн бағалау осы Ережеге 22-қосымшаға сәйкес көрсеткiштер бойынша
жүргiзіледi.
Төтенше экологиялық
жағдайды
жариялау ережесiне 1-қосымша
Төтенше экологиялық жағдайдың шекаралары
|
Төтенше |
Зардап |
Тiрші- |
Материалдық |
ТЭЖ
аймағы |
|
Объектiлiк |
10
адамға |
100 |
<5000 |
Объекті
аума- |
|
Жергiліктік |
10-50
адам |
100-300 |
5000-50000 |
Ауданның, |
|
Өңiрлiк |
50-500 |
300-500 |
50000-500000 |
Облыстың
шегiнен |
|
Республика- |
>500
адам |
>500
адам |
>500000 |
Бiрнеше
облыс- |
|
Транс- |
Зақымдаушы
факторлары Қазақстан Республикасы | |||
Төтенше экологиялық
жағдайды
жариялау ережесiне 2-қосымша
Аумақтың экологиялық жай-күйiн бағалау кезiнде
қолданылатын халық денсаулығының жай-күйiн
бағалауға
жариялаған
медициналық-демографиялық көрсеткiштер
|
P/c |
Көрсеткiш |
Өлшем | |||
|
Экологиялық |
Төтенше | ||||
|
1 |
2 |
3 |
4 | ||
|
Негізгі
көрсеткiштер | |||||
|
1 |
5
жасқа
дейінгi
балалар
өлiмi |
1,5 есе |
1,3-тен | ||
|
2 |
Құрылымның
өзгеруi және өсуi |
1,5 есе |
1,3-тен | ||
|
|
- нәресте
өлiмi |
1,5 одан |
1,3-тен | ||
|
Медициналық-генетикалық
көрсеткiштер: | |||||
|
3 |
Жаңа
туылған сәбилерде туа |
1,5
есе |
1,3-тен | ||
|
4 |
Балалар
мен ересектер |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
5 |
Онкологиялық
аурулар |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
|
-
балалардағы қатерлi iсiктер |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
6 |
Аумақтың
ластану сипатымен |
Осындай аурулардың
болуы | |||
|
Қосымша
көрсеткiштер: | |||||
|
1 |
әйелдердiң
ұрпақты болу |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
|
-
босанудың қиындауы |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
|
Ай-күнi
жетiп туылған нәресте- |
2 есе және |
1,5-тен | ||
|
2 |
2500 г
дене салмағымен |
Өлшемдер
негiзгi көрсет- | |||
|
3 |
Жас
нәрестелерде дене салма- |
Өлшемдер
негiзгi көрсет- | |||
|
4 |
Ерлер мен
әйелдердiң өмiр cҮpу |
E |
ә |
Е |
ә |
|
|
- Бақылау
аумақтарындағы ұқсас |
| |||
|
|
- 15
жаста; |
3,4-тен |
2,5-тен |
3,4 |
2,5 |
|
|
35
жас |
2,5-тен |
2,0-тен |
2,5 |
2,4 |
|
|
65
жас |
2,0-тен |
1,7-тен |
2,0 |
1,8 |
|
5 |
Аналар
өлiмі: |
Өлшемдер
негiзгi көрсет- | |||
|
6 |
Балалардың
физикалық дамуы: |
50% және |
30-дан | ||
|
7 |
Балалардың
психикалық дамуы: |
20% және |
10-нан | ||
|
8 |
Генетикалық бұзылу:
адам клет- |
3 есе және |
3
eceгe | ||
|
|
Ауадағы,
судағы және ортаның |
3 есе және |
3
eceгe | ||
|
9 |
Иммундық
мәртебенiң өзгеруi: иммунграммада морфологиялық және гуморальдық
көрсеткіштер бойынша білiнетiн ауытқуы бар адамдар санының
ұлғаюы |
Өлшемдер
негiзгi көрсет- | |||
|
10 |
Адамның
биосубстраттарында |
25-қосымшаға
сәйкес | |||
1 1, 2-тармақтарға:
қалалық және ауылдық тұрғындар үшiн
жекелеп алғанда 5 жылғы деректер бойынша
30 мың адамнан кем емес
және 3 жылға 50 мың адамнан кем емес халқы бар
аумақтардағы
(фондық) бақылаулықпен салыстырғанда орташа мәннің
артуы.
2 1, 2-тармақтарға:
нәрестелер өлiмiнiң әдеттi құрылымының
өзгеруi де
ескеріледi.
3 негiзгi
көрсеткiштердiң 1-тармағына: өлi туылған және
туылғаннан кейiн бiрiншi аптада
шетiнегендер санының туылғандардың
(тiрi және өлi) жалпы, санына мыңға
көбейтiлген қатынасы.
4 қосымша
көрсеткiштердiң 5-тармағына: балалардың физикалық
дамуын бағалауды когорттық
және орталық әдiстердi пайдалана отырып
жүргiзу
ұсынылады.
5 6-тармаққа: бұл
көрсеткiштi пайдалану кезiнде әсер етiп
тұрған зиянды этитропты фактордың
сипаттамасы және сырқаттану
оқиғаларының таралу үрдiсi ескеріледi. Бұл ретте
тұрмыстық улану
және басқа да жазатайым жағдайлар
ескерiлмейдi.
Төтенше экологиялық
жағдайды
жариялау ережесiне 3-қосымша
Атмосфералық ауаның орташа тәулiктiк
шоғырлану бойынша ластану
дәрежесiн
бағалауға арналған көрсеткiштер
|
Қауіп- |
Экологиялық
зiлзала |
Төтенше экологиялық
жағдай | ||
|
К |
тәулiктердің |
К |
тәулiктердің | |
|
I |
>3 |
7<N<20
қатарынан |
2-3 |
7<N<20
қатарынан |
|
II |
>5 |
7<N<20
қатарынан |
3-5 |
7<N<20
қатарынан |
|
III |
>7,5 |
>30
қатарынан |
5-7,5 |
>30
қатарынан |
|
IV |
>12 |
>30
қатарынан |
8,12 |
>30
қатарынан |
Төтенше экологиялық
жағдайды
жариялау ережесiне 4-қосымша
Атмосфералық ауаның кешендік көрсеткiш
бойынша орташа жылдық ластануын бағалау
|
Заттар саны үшін
Р |
Өлшем |
Салыстырмалы | |
|
экологиялық |
|||