Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлi-түстi бейнедегі көбейту-көшiру техникасының тiзбесін бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 448 Қаулысы

 




      "Қазақстан Республикасының Iшкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын түрлi-түстi бейнедегі көбейту-көшіру техникасының тiзбесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2005 жылғы 12 мамырдағы  
N 448 қаулысымен    
бекiтiлген    

 Сатып алу, сақтау, тасымалдау, әкелу және әкету iшкi
iстер органдарының рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын
түрлi-түстi бейнедегi көбейту-көшiру техникасының
тiзбесi

      Айыру қабiлетi, оның iшiнде 1 дюймге (dpi) 1200 нүкте және одан жоғары интерполяция мүмкiндігі немесе 1 дюймге (lpi) 150 растрлық нүкте және одан жоғары линиатурасы бар төрт және одан да көп түстi пайдалана отырып, басудың мынадай:
      1) ксерографиялық;
      2) сублимациялық;
      3) балауыздың негiзiнде сиямен термиялық жазу;
      4) бҮрiккiш технологиясы бар түрлi-түстi бейнедегі толық түстi көбейту-көшiру техникасы.