Порттың
мiндетті қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 13 мамырдағы N 451 Қаулысы
"Iшкi су көлiгi
туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шiлдедегi
Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан
Республикасы
Кеменiң кейiннен
порттан шыға отырып, жүк операцияларын жүргiзуге және (немесе) өзге де
мақсаттарда портқа кiруi үшiн қызмет көрсетулер (кеменiң кiруi):
Премьер-Министрi
Үкiметiнiң
2005 жылғы 13 мамырдағы
N 451 қаулысымен
бекiтiлген
1) корабельдiк - кеменiң портқа кiруiн және одан
шығуын ұсыну;
2) айлақтық - кемелерге айлақтарда жү к және
көмекшi операциялар үшін тұрақтар ұсыну;
3) зәкiрлiк - iшкi рейдте немесе рейдтiк айлақта
кеме тұрағын ұсыну;
4) арқандап байлау - кеменiң арқандап байлау
ұштарын тарату, айлақтан жылжу, кемелердi көшiру және қайта арқандап байлау,
тiркеп сүйрегiштер жұмысы;
5) табиғат қорғау iс-шаралары саласында - портта
тұрған уақытта болған ластанудың (балластық сулардан басқа) барлық түрлерiн
кемеден қандай да бiр шектеусiз қабылдау;
6) карантиндiк - порттың мыналарды:
карантиндiк жұқпалы аурумен ауыратындарды және
жұқпалы ауру таратушы болуы мүмкiн адамдарды уақытша оқшаулау үшiн үй-жай
ұсынуды;
порт аумағы мен объектiлерiн тиiстi санитарлық
жай-күйде ұстауды;
көлiк кемелерiнде, порт объектiлерiнде
кемiргiштер мен жәндiктердi алдын ала жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi
қызметтерi.