Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасында Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiм жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 маусымдағы N 543 Қаулысы

 




      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Кедендiк бақылау комитетiнiң төрағасы Бердiбек Машбекұлы Сапарбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасында Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу туралы келiсiм жасасуға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр

Жоба  

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей
Федерациясының Үкiметi арасындағы Қазақстан-ресей
мемлекеттік шекарасында бiрлескен өткiзу
пункттерiн салу туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
      екi мемлекет арасындағы достық байланыстарды негізге ала отырып,
      екi мемлекеттiң ынтымақтастығын одан әрi дамыту мақсатында, техникалық әрiптестiк ынтымақтастығы жолымен қатынастарды тереңдетуге тілек білдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:

1-бап

      1. Тараптар қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасында бiрлескен өткiзу пункттерiн салу жөнiндегi iс-қимылдарды үйлестіру мақсатында ынтымақтастықты жүзеге асырады. Бiрлескен өткiзу пункттерi орналасатын жерлер жергiлiктi жер рельефiнiң физикалық-географиялық жағдайына, инфрақұрылым мен жол желiлерiнiң дамуына қарай Тараптар мемлекеттерiнiң уәкілеттi органдарының консультациялары жолымен айқындалады.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптар мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарының арасында техникалық ынтымақтастықты жүзеге асырудың жалпы тәртiбiн айқындайды.
      Техникалық ынтымақтастықтың жекелеген жобалары бойынша Тараптардың уәкiлеттi органдары қосымша келiсiмдер (бұдан әрi - жобалық келiсiмдер) жасасуы мүмкiн. Жобалық келiсiмдерде, атап айтқанда жобаның мақсатын, қатысушылардың мiндеттерi мен ұйымдастырушылық мәртебесiн, сондай-ақ жобаны орындау кестесiн қамтитын жобаның бiрлескен тұжырымдамасы жазылады.
      3. Мыналар осы Келiсiмдi iске асыру жөнiндегi уәкілеттi органдар болып табылады:
      Қазақстан Тарабынан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі,
      Ресей Тарабынан - Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметi.

2-бап

      1. Жобалық келiсiмдер мынадай бағыттар бойынша Тараптардың қолдауын көздеуi мүмкiн:
      - консультациялық, ғылыми-зерттеу;
      - жоспарларды, iзденiстер мен сараптамаларды әзiрлеу.
      2. Техникалық ынтымақтастық:
      - лауазымды тұлғаларды, мамандарды және көмекшi персоналды (бұдан әрi - "iссапарға жiберiлген мамандар") iссапарға жiберу;
      - материалдар мен жабдықтарды жеткiзу жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
      3. Іссапарға жiберiлген мамандар өз қызметiн Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына және осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырады.

3-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес Тараптар:
      - Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында бiрлескен өткiзу пункттерiн салуды жүргiзетiн;
      - келiсілген техникалық жобаларды қаржыландыратын болады.

4-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар:
      iссапарға жiберiлетiн мамандарды жобаларды анықтау, жоспарлау және жүзеге асыру кезеңiнде олардың қызметін жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      Тараптар мемлекеттерiнiң аумағында жобаларды жүзеге асыру кезеңiнде iссапарға жiберiлетін мамандардың жұмысы үшiн жағдай жасауға ықпал етедi.

5-бап

      Осы Келiсiм сондай-ақ, Тараптар арасындағы осы Келiсiм күшiне енген күнiнен бастап iске асыру сатысындағы техникалық ынтымақтастық жобаларына қатысты да қолданылады.

6-бап

      Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмеген жағдайда, Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында көзделген қаражат шегiнде дербес көтереді.

7-бап

      1. Осы Келiсiмге 1-қосымшада көрсетiлген бiрлескен өткiзу пункттерiн салуды Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Тарабы жүзеге асырады.
      2. Осы Келiсiмге 2-қосымшада көрсетілген бiрлескен өткiзу пункттерiн салуды Ресей Федерациясының аумағында Ресей Тарабы жүзеге асырады.
      3. Көрсетілген қосымшалар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылады.

8-бап

      1. Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру мен қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келiспеушіліктер өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      2. Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Келiсiмнiң 9-бабының 1-тармағына сәйкес күшiне енетiн тиiстi хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

9-бап

      1. Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшін қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрiнiң басқа Тараптың оның қолданылуын тоқтату ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламасын алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшінде қалады.

      200_ жылғы "___" __________ __________ қаласында әрқайсысы қазақ, орыс тілдерiндегі екi түпнұсқалық данада жасалды, әрi екi мәтiннің күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруде келiспеушілiктер туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтiнге жүгiнетiн болады.

      Қазақстан Республикасының             Ресей Федерациясының
           Yкiметi үшін                       
        Yкiметi үшін

                                   Қазақстан Республикасының Үкiметi
                                    мен Ресей Федерациясының Үкiметi
                                       арасындағы Қазақстан-ресей
                                   мемлекеттiк шекарасында бiрлескен
                                     өткiзу пункттерiн салу туралы
                                          келiсiмнiң жобасына
                                              1-қосымша

Қазақстан-ресей мемлекеттiк шекарасында құрылысын
салуды қажет ететiн өткiзу пункттерiнiң
ТIЗБЕСI

р/с
 N   

Өткiзу пунктi-
нiң атауы

Шекаралас өткiзу пунктi

Шека-
ралас мем-
лекет

Болжалды жобалық өткiзу
мүмкiндігі, авт./тәулiк

Жабдық-
тауды
аяқтау-
дың
жоспар-
ланған
мерзiмi

Жалпы

Жүк

Жолау-
шылар

Жеңіл

2004-2006 жылдарға   арналған   кеден  қызметiн   дамыту   бағдарламасының шеңберiнде                   

1.

Шарбақты

Құлынды

Ресей

 485 

 80

  25

 380

2004 ж.

2.

Ауыл  

Веселоярск

Ресей 

 255 

 25  

  20

 200 

2004 ж.

3.

Қарақоға

Есiлкөл

Ресей

 395

 30

  15

 350

2004 ж.

4.

Обаған

Звериного-
ловское

Ресей

 395

 80

  15

 300

2004 ж.

5.

Жайсаң

Сагарчин

Ресей

 740

 110

  30

 600

2005 ж.

6.

Өрлітөбе

Ольxoвкa

Ресей

 750

 120

  30

 600

2005 ж.

7.

Yбe

Михайловка

Ресей

 400

 70

  10

 320

2005 ж.

8.

Қосақ

Новокарасук

Ресей

 750

 120

  30

 600

2006 ж.

9.

Котяевка

Қараөзек

Ресей

 340

 80

  10

 250

2006 ж.

                                   Қазақстан Республикасының Үкiметi
                                    мен Ресей Федерациясының Үкiметi
                                       арасындағы Қазақстан-ресей
                                   мемлекеттiк шекарасында бiрлескен
                                     өткiзу пункттерiн салу туралы
                                           келiсiмнiң жобасына
                                                2-қосымша

      Ресей-қазақстан мемлекеттiк шекарасында құрылысын
          салуды қажет ететiн өткiзу пункттерiнiң
                          ТIЗБЕСI

р/
с
N   

Өткiзу пунктiнiң атауы

Шекаралас өткiзу пунктi

Шекаралас
мемлекет

Болжалды жобалық өткiзу мүмкiндігі, авт./тәулiк

Абат-
танды-
руды
аяқтау-
дың
жоспар-
ланған
мерзiмi

Жалпы

Жүк

Жо-
лау-
шы-
лар

Жеңіл

“2007 -2010 жылдарға   арналған   Ресей   Федерациясының    Мемлекеттiк шекарасы"    Федералдық мақсатты бағдарламаның шеңберінде

1.

Маштаково

Погодаево

Қазақстан

 1000 

150

 30

 820 

2008 ж.

2.

Елек

Ақсай

Қазақстан

 500 

100

 20

 380

2007 ж.

3.

Opcк

Әлiмбет

Қазақстан

 1000

150

 50

 800

2007 ж.

4.

Мариинский

Желқуар

Қазақстан

 400

50

 20

 330

2007 ж.

5.

Павловка

Сұлу Ағаш

Қазақстан

 500

100

 20

 380

2007 ж.

6.

Горняк

Жезкент

Қазақстан

 1000

150

 50

 800

2008 ж.

7.

Озинки

Тасқала

Қазақстан

 

 

 

 

 

8.

Одесское

Бидайық

Қазақстан

 

 

 

 

 

9.

Казанское

Қызылжар

Қазақстан