Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысына толықтырулар
мен өзгерiстер енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 549 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгi туралы
ережеде:
10-тармақта:
1)
тармақшада:
мынадай мазмұндағы бесiншi
абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан
Республикасының заңнамасын өз қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен
қорытуды және оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал
ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар
енгiзудi;";
сегiзiншi
абзацта:
"жылжитын мүлiк кепiлдiгiн" деген
сөздерден кейiн "есепке алуды және" деген сөздермен
толықтырылсын;
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын құжаттандыруды" деген сөздерден кейін ", олардың жеке куәлiктерi мен
төлқұжаттарын дайындауды және бepудi" деген сөздермен
толықтырылсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы
абзацтармен толықтырылсын:
"азаматтар мен
заңды тұлғалардың әдiлет министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша
өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде
қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
стратегиялар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз
етудi;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк
органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық көмек
көрсетуді.";
2) көрсетiлген қаулымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң Халыққа құқықтық көмек
және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi туралы
ережеде:
10-тармақта:
1)
тармақшада:
алтыншы абзацта "жеке нотариустар
лицензияларының" деген сөздер "нотариустық қызметпен айналысу құқығына берiлетiн
лицензиялардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетiншi абзацта "адвокаттар лицензияларының" деген сөздер "адвокаттық қызметпен
айналысу құқығына берілетін лицензиялардың" деген сөздермен
ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацтармен
толықтырылсын:
"стратегиялар мен
бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық
көмек көрсетудi;
оған басқа мемлекеттiк
органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi,
сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз
етудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың әдiлет
министрлiгiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды,
қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы
хабарлауды;";
2) тармақшаның бiрiншi абзацында
"және қадағалау" деген сөздер алынып
тасталсын;
11-тармақтың 7) тармақшасында "жеке
нотариустардың және адвокаттардың лицензияларын" деген сөздер "нотариустық
(адвокаттық) қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензияларды" деген сөздермен
ауыстырылсын;
3) көрсетiлген қаулымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң әылмыстық-атқару жүйесi
комитетi туралы ережеде:
10-тармақта:
1)
тармақша:
мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен
толықтырылсын:
"сотталғандарға қатысты сот
Үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын
орындауды;";
мынадай мазмұндағы абзацтармен
толықтырылсын:
"сотталғандарға түзету ықпалын,
оның iшiнде психологиялық-педагогикалық әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды
ұйымдастыруды;
қылмыстық жазасын өтеген
адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын ұйымдастыруды және жүзеге
асыруды;
қоғамдық және дiни бiрлестiктердi
қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне тартуды;
басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi органдарына
(мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ
олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз
етудi;
Қазақстан Республикасының заңнамасын
қылмыстық-атқару қызметi саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және
оны жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн
себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар
енгiзудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың
Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды,
қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы
хабарлауды;";
2)
тармақшада:
жетiншi абзацта "түзету
мекемелерiнде" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде" деген
сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi абзацта
"сотталғандардың" деген сөздер "қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын
адамдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
4)
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнiң
Тiркеу қызметi комитетi туралы ережеде:
1-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарында:
"жылжымайтын мүлiк кепiлiн" деген сөздерден кейiн "есепке алу және" деген
сөздермен толықтырылсын;
"азаматтарды
құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды
құжаттамалау, дайындау және беру" деген сөздермен
ауыстырылсын;
10-тармақта:
1)
тармақшада:
екiншi
абзацта:
"жылжымалы мүлiк кепiлiн" деген
сөздерден кейiн "есепке алу және" деген сөздермен
толықтырылсын;
"азаматтарды құжаттандыру"
деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау,
дайындау және беру" деген сөздермен
ауыстырылсын;
үшiншi абзацта "азаматтарды
тiркеу және құжаттандыру" деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен
төлқұжаттарды құжаттамалау, дайындау және беру, азаматтарды есепке алу және
тiркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай
мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"жеке
тұлғаларға меншiк құқығында тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын
олардың салық салу объектiлерiн бағалау жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыруды;
стратегиялар мен
бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз етудi;
өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдарға ғылыми-әдiстемелiк және құқықтық
көмек көрсетудi;
оған басқа мемлекеттiк
органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi,
сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз
етудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың Әділет
министрлігiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды,
қарауды, және өтiнiш берушілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы
хабарлауды;";
2) тармақшаның екiншi
абзацында:
"жылжымайтын мүлiк кепілiн" деген
сөздер кейiн "eceпкe алу және" деген сөздермен
толықтырылсын;
"азаматтарды құжаттандыру"
деген сөздер "азаматтарға жеке куәлiктер мен төлқұжаттарды құжаттамалау,
дайындау және беру" деген сөздермен
толықтырылсын;
5) көрсетiлген қаулымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы әдiлет министрлігiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы
комитеті туралы ережеде:
10-тармақтың 1)
тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен
толықтырылсын:
"басқа мемлекеттiк органдар мен
ұйымдар Комитетке берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ
олар құпияландырған мәлiметтерді қорғауды қамтамасыз
етуді;
Қазақстан Республикасының заңнамасын
зияткерлік меншiк саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны
жетiлдiру, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер
мен жағдайларды жою жөнінде тиістi ұсыныстар
енгізудi;
азаматтар мен заңды тұлғалардың
Комитеттiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды,
қарауды және өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен және мерзiмде қабылданған шешiмдер туралы
хабарлауды;
стратегиялар мен бағдарламаларды
iске асыруды қамтамасыз етуді;";
11-тармақ 10)
тармақшадағы "құқығы бар" деген сөздердiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай
мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11)
жеке және заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының зияткерлік меншiк
саласындағы заңнамасын сақтау мәнiне тексерудi жүзеге
асыруға".
Премьер-Министрі