Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 маусымдағы N 552 Қаулысы

 




      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсiн:
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк Үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен Үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестіктердің тiзбесiнде:
      "Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 85-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "85 АЛА-002681 "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШC";
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк Үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк Үлестерiнің тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 218-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"218-2          "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС";
      "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 269-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"269            "Заң" медиа-корпорациясы" ЖШС";
      3) "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
      реттік нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулi серiктестiгі".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi