Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiс пен толықтырулар енгiзу
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 3 маусымдағы N 559 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан Республикасының
1) "Акциялардың мемлекеттiк
пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк
Үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N
405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13,
124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекiтілген
акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен Үлестерi республикалық меншiкке
жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң
тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлімде
реттік нөмiрi 123-69-жол мынадай редакцияда
жазылсын:
"123-69 АЛА-005277 "Қазақстан
ипотекалық компаниясы" АҚ";
2) "Республикалық
меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттері мен мемлекеттiк Үлестерiне
иелік ету және пайдалану жөнiндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N
659 қаулысында:
иелiк ету және пайдалану
құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін
республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерінің және
қатысудың мемлекеттік Үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы
реттiк нөмiрi 217-8-жолмен толықтырылсын:
"217-8 "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ";
3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігiнің кейбiр мәселелері" туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N
1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 531
құжат):
көрсетілген қаулымен бекітiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың
тiзбесi:
мынадай мазмұндағы жолмен
толықтырылсын:
"Қазақстан ипотекалық
компаниясы" акционерлiк қоғамы".
Премьер-Министрi