Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 4 шiлдедегі N 661 қаулысына толықтырулар мен
өзгерiстер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 11 маусымдағы N 580 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2005
жылғы 15 маусым N 133
"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мүгедектердi әлеуметтiк
қорғау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан
Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының
1) көрсетiлген қаулымен бекiтілген
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан мiндеттi зейнетақы жарналарының, ерiктi кәсiптiк
зейнетақы жарналарының есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан төленетiн
зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру ережесiнде:
2-тармақтағы "9-бабының 1-3-тармақтарында" деген сөздерден кейiн ", 23-бабы
1-тармағының 3) тармақшасында" деген сөздермен
толықтырылсын;
3-тармақтағы "2) - 4)" деген
сандар "2), 4)" деген сандармен ауыстырылсын;
14-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда
жазылсын:
"4) Зейнетақы төлеу жөнiндегі
мемлекеттiк орталықтан (бұдан әрi - Орталық) берiлетiн төлемдердiң тағайындалу
негіздемесiн көрсете отырып, зейнетақы мен жәрдемақы алушы куәлiгінiң көшiрмесiн
ұсынады.
I және II топтағы мүгедектер, егер
мүгедектiгі мерзiмсiз белгiленген болса, жоғарыда санамаланған құжаттардан
басқа, медициналық-әлеуметтік сараптама бөлiмi берген мүгедектiк тобын
белгiлеу туралы анықтаманың көшiрмесiн және көрсету Үшiн оның түпнұсқасын
ұсынады.";
көрсетiлген Ережеге
қосымшада:
"- Қазақстан Республикасынан тыс
жерлерге тұрақты тұруға кетуiне" деген абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы
абзацпен толықтырылсын:
"- егер мүгедектiгi
мерзiмсiз белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектiгi белгiлене
отырып;";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру
әдiстемесiнде:
2-тармақтың бiрiншi абзацы
"адамдарға" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ, егер мүгедектiгi мерзiмсiз
белгiленген болса, I және II топтағы мүгедектерге" деген сөздермен
толықтырылсын.
Премьер-Министрі