Активтердi
басқарудың тиiмділігiне талдау жүргiзу, жекешелендiру объектілерiнiң құнын және
олардың қаржылық жай-күйiн бағалау жөнiндегі қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүргiзу, инвестициялық мiндеттемелердi орындау ережесiн бекiту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы N 593 Қаулысы
"Егемен Қазақстан" 2005
жылғы 21 маусым N 137
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы
Заңының 24-1-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Қазақстан
Республикасының Қазақстан
Республикасы
Премьер-Министрі
Үкiметiнiң
2005
жылғы 13 маусымдағы
N 593
қаулысымен
бекiтiлген
жүргiзу,
жекешелендiру объектiлерiнiң құнын және
олардың қаржылық жай-күйін бағалау
жөнiндегi
қызметтердi мемлекеттік
сатып алуды жүргiзу,
инвестициялық
мiндеттемелердi орындау ережесі
ашық
конкурс өткiзу тәсiлiмен мемлекеттік сатып алу
1) конкурстық құжаттаманың
негiзiнде ықтимал берушiлерден сатып алынатын қызметтердiң техникалық, сапалық
немесе өзге де сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң шарттық талаптарына (орындау,
көмек көрсету) қатысты ұсыныстарды сұрау; конкурстық құжаттамаға сәйкес
бағаларын көрсетпей ықтимал берушілер ұсынған бастапқы конкурстық өтінiмдердi
қарау; ықтимал берушілердiң бiлiктiлiк деректерiн қарау; қажет болған кезде
білiктiлiк талаптарына сәйкес келетiн ықтимал берушiлермен қызметтердiң
техникалық, сапалық немесе өзге де сипаттамаларына, оларды көрсетудiң шарттық
талаптарына қатысты мәселелердi талқылау, конкурстық құжаттамада белгiленген
өлшемдердiң негiзiнде конкурстық өтінiмдердi салыстыру және
бағалау;
2) конкурстық құжаттамаға Конкурсты
ұйымдастырушының ықтимал берушілер ұсынған қызметтердiң техникалық, сапалық
немесе өзге де сипаттамаларының негiзiнде өзгерiстер енгiзу; конкурстың алғашқы
кезеңiнен өткен ықтимал берушілердiң түпкiлiктi конкурстық өтінімдердi ұсынуы;
бағалық ұсыныстар және бағалау өлшемдерiн ескере отырып оларды бағалау және
салыстыру; конкурс қорытындысын шығару.
1) оның ұсынылатын
білiктілiк талаптарына сәйкестігін растауға ықтимал беруші беруi тиiс құжаттарға
қойылатын талаптар;
2) көрсетiлетiн
қызметтердiң мөлшерi және/немесе көлемi;
3)
қызметтер көрсету орны;
4) қызметтер
көрсетудiң талап етілетiн мерзiмдерi;
5)
мемлекеттiк сатып алу туралы төлем шарты және үлгi
шарты;
6) конкурстық өтінімнiң бағасы
көрсетiлуге тиiстi валютаны немесе валюталарды және оларды салыстыру мен бағалау
мақсатында конкурстық өтiнiмнiң бағаларын бiрыңғай валютаға келтiру үшiн
қолданылатын бағам;
7) Қазақстан
Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурстық өтiнiмдердi
жасау мен табыс етудiң тiлiне қойылатын
талаптар;
8) конкурстық өтiнiмдi енгiзу шарты,
мазмұны мен қамтамасыз ету нысаны;
9) ықтимал
берушiнiң конкурстық өтінiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң
конкурстық өтiнiмiн өзгерту немесе керi қайтарып алу құқығына тиiстi
нұсқау;
10) конкурстық өтінiмдер беру тәсілi,
орны мен соңғы мерзiмi (бiрақ жұмыс күнiнiң жергілiктi уақытының он бес
сағатынан кешiктірмей) және олардың әрекет ету
мерзiмi;
11) конкурстық құжаттаманың мазмұны
бойынша ықтимал берушілердің солардың көмегiмен түсiндiрме сұрата алатын
тәсілдерi және ашық нысанда хаттама жасала отырып Конкурсты ұйымдастырушының сол
кезеңде ықтимал берушiлермен хаттама жасала отырып ашық нысанда өткiзілетiн
кездесу өткiзу ниетi туралы хабарламасы;
12)
конкурстық өтiнiмдер салынған конверттер ашылатын орын, күн және уақыт (бiрақ
конкурстық өтінiмдердi берудiң соңғы мерзiмi өткен сәттен бастап екi сағаттан
кешiктірмей);
13) конкурстық өтінiмдер
салынған конверттерді ашу және конкурстық өтiнiмдердi қарау үшiн пайдаланылатын
рәсімдер;
14) конкурсты өткiзу кезiнде оны
бiлдiруге уәкілеттi Конкурс ұйымдастырушының лауазымды адамдары туралы
мәлiметтер;
15) бағадан басқа олардың
негiзiнде жеңiп шыққан конкурстық өтiнiм анықталатын барлық өлшемдердi, оның
iшiнде осындай әрбiр өлшемдердiң салыстырмалы мәнiн сипаттау, бағалау тәсiлiн
сипаттау және конкурстық өтінiмдердi
салыстыру;
16) тиiсті бағалау тәсiлiн көрсету
және сипаттау, егер қызметтердiң баламалы сипаттамаларына рұқсат етілсе,
баламалы конкурстық өтiнiмдердi салыстыру, шарттың талаптары немесе конкурстық
құжаттамада жазылған басқа да талаптар;
17)
конкурстық өтiнiмнiң шартты бағасын есептеу
әдiстемесi;
18) конкурстық өтiнiмдер салынған
конверттердi ашу сәтiнде тiкелей сатып алынатын тауарлардың, орындалатын
жұмыстардың және көрсетiлетiн қызметтердiң бағасы көрсетiлетiн ықтимал берушiнiң
конкурстық өтiнiмнiң бөлiгiн беру құқығына тиiстi нұсқауы.
1) олар шағын кәсiпкерлiктің
субъектілерi болып табылса және егер тұтастай алғанда конкурс бойынша олар
ұсынған қызметтердiң көлемi құндық түрде тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң алты
мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда
ғана;
2) олар Қазақстан Республикасы
мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiгі құрған қызмет көрсететiн ұйымдар болып
табылса және егер тұтастай алғанда конкурс бойынша олар ұсынған қызметтердiң
көлемi құндық түрде айлық есептік көрсеткiштiң он сегiз мың еселенген мөлшерiнен
аспаған жағдайда ғана ықтимал берушілер конкурстық өтінiмдi қамтамасыз етудi
енгiзбейдi.
Комиссияның отырысында қабылданған
шешiм тиiстi хаттамамен ресiмделедi және оған отырысқа қатысқан Комиссияның
төрағасы мен мүшелерi қол қояды.
Комиссияның
төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары
орындайды.
Қажет болған кезде Конкурсты
ұйымдастырушы техникалық сарапшылардан тұратын сараптама комиссиясын құра
алады.
Техникалық сарапшылар ретiнде ақылы
негiзде тартылатын тұлғаларды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып
алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қолданылу мерзiмi
неғұрлым қысқа конкурстық өтiнiм қабылданбайды.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша толтырылған конкурсқа
қатысуға арналған өтiнiм;
2) ықтимал берушiге
қойылатын білiктілiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттардың
тiзбесi:
ықтимал берушiнiң қызметтер ұсынуға
арналған құқығын растайтын лицензияларының және/немесе патенттерiнiң,
куәліктерiнiң, сертификаттарының, дипломдарының, басқа да құжаттарының
нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
егер
сатып алынатын қызметтер лицензияланбайтын болған жағдайда, онда ықтимал берушi
орындайтын қызмет түрлерiнiң тiзбесiмен бiрге заңды тұлға жарғысы үзiндiсiнiң
нотариалды куәландырылған көшiрмесi немесе мемлекеттік және/немесе орыс
тiлдерiне аудармасымен, нотариалды куәландырылған сауда тiзiлiмiнен алынған
заңдастырылған үзiндiнi (Қазақстан Республикасының резидентi еместер үшiн). Егер
заңды тұлға қызметiн заңнамада белгiленген тәртiппен бекiтiлген Үлгі жарғының
негiзiнде жүзеге асырған жағдайда, онда мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiштiң
нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
ықтимал
берушiнiң конкурстық өтінiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш
айдан астам уақыт iшiнде банктiң (банктердiң) алдында мерзiмi өткен берешегiнiң
болмауы туралы бiрiншi басшының немесе оның орнындағы тұлғаның қолы қойылып,
банктің (банктердiң) мөрi басылған банк (банктер) анықтамасының түпнұсқасы (eгep
ықтимал берушi екiншi деңгейдегі бiрнеше банктердiң немесе филиалдардың,
сондай-ақ шетел банкiнiң клиентi болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай
банктердiң әрбiрiнен ұсынылады);
бiрiншi
басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол
қойған соңғы қаржы жылы iшiндегi бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе
нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30
сәуiрге дейiнгі мерзiмде өткiзілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылы алдындағы
қаржы жылы үшiн бухгалтерлiк теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды
куәландырылған көшiрмесi ұсынылады;
бухгалтерлік теңгерiмнiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi,
егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылында
құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы
құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 30 сәуiрге дейiнгi мерзiмде
өткiзiлген жағдайларда ұсынылмауы мүмкiн;
Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiмен мiндетті түрде аудит жүргiзу
белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылы үшін аудиторлық есебiнiң
түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi. Егер конверттердi ашу
ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде өткiзілген жағдайда, онда соңғы қаржы
жылының алдындағы қаржы жылы үшiн аудиторлық есебiнiң түпнұсқасы немесе
нотариалды куәландырылған көшiрмесi ұсынылады;
аудиторлық есептiң түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi,
егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы
құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы
құрылған және конверттердi ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейiнгi мерзiмде
өткiзiлген жағдайларда ұсынылмауы мүмкiн;
уәкілетті орган бекiткен үлгi нысан бойынша қызметтер көрсету үшін біліктiлiгі,
мамандығы бойынша жұмыс стажы көрсетiле отырып, қызметкерлердiң болуы мен саны
туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ
ықтимал берушi қызметкерлерiнiң біліктілігін растайтын құжаттардың
көшiрмесi;
заңды тұлғаның мемлекеттік
тіркелгенi (қайта тіркелгенi) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған
көшiрмесi;
статистикалық карточканың
нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәлiметтi қамтитын жарғыдан
немесе құрылтай құжаттарынан алынған нотариалды куәландырылған үзiндi не
конверттердi ашу күнiнiң алдында 30 күнтiзбелiк күннен кешіктірмей берiлген
акция ұстаушылардың тiзiлiмiнен алынған нотариалды куәландырылған
үзiндi;
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, конкурстық
өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдында үш айдан астам уақыт бұрын
салық берешегiнiң және жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндетті зейнетақы
жарналары бойынша берешектiң жоқтығы немесе болуы туралы бiрiншi басшының немесе
қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған
тиісті салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының
түпнұсқасы.
Егер ықтимал берушi Қазақстан
Республикасының резидентi болып табылмаған және Қазақстан Республикасының салық
төлеушiсi ретiнде тiркелмеген жағдайда, онда осы резидент еместiң салық есебінде
тұрмайтындығы туралы Қазақстан Республикасы салық органы анықтамасының
түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған
көшiрмесi;
уәкiлеттi орган бекiткен үлгi нысан
бойынша мемлекеттік сатып алу процесiне қатысу үшiн бiлiктiлiгi туралы
мәлiметтер;
3) техникалық ерекшелiктер
(ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе
қазақстандық стандарттарға арналған сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен
ережелердi қоса алғанда, ұсынылатын қызметтерге техникалық
сипаттама);
4) ұсынылатын iлеспе
қызметтер;
5) конкурстық құжаттамаға сәйкес
ұсынылуы үшiн қажеттi басқа да құжаттар.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
сатып алу туралы заңнамасында белгiленген нысан бойынша толтырылған конкурсқа
қатысуға арналған өтiнiм және жеке куәлiктiң немесе паспорттың көшiрмесi немесе
жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға қабылдау туралы iшкi iстер
органдарының анықтамалары;
2) iс-әрекетке
қабiлетті болып табылатын ықтимал берушi - жеке тұлғаға қойылатын бiлiктiлiк
талаптарына сәйкестiгін растайтын құжаттардың
тiзбесi:
нотариалды куәландырылған лицензиялар
және/немесе патенттер, куәлiктер, дипломдар, сертификаттар, ықтимал берушiнiң
қызметтердi ұсынуға арналған құқығын растайтын басқа да құжаттар (кәсiби
бiлiктiлiгiнiң бар екендігін растау үшiн);
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқық беретiн, тиiстi
мемлекеттiк орган берген құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi
(мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшiн азаматтық құқықтық
қабілеттіліктің болуын растау үшiн);
уәкілеттi
орган бекiткен үлгi нысан бойынша қызметтер көрсету үшiн біліктiлiгі, мамандығы
бойынша жұмыс стажы көрсетiле отырып, қызметкерлердiң болуы мен саны туралы
құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған
көшiрмесi;
3) техникалық ерекшелiктер
(ерекшелiктердi, жоспарларды, сызбаларды, нобайларды және халықаралық немесе
қазақстандық стандарттарға сiлтемелердi, бiрыңғай нормалар мен ережелердi қоса
алғанда, ұсынылатын қызметтерге техникалық
сипаттама);
4) ұсынылатын iлеспе
қызметтер.
Комиссия бағалау және салыстыру
кезiнде конкурстық құжаттамада келiсiлген және барлық конкурстық өтiнiмдер
бойынша конкурстық құжаттамада белгiленген баллдық жүйе бойынша бағалау
өлшемдерi жиынтық кестесiнiң негiзiнде қолданылатын мынадай өлшемдердi
ескередi:
1) консалтингілік қызметтерге
сапалық сипаттамалары;
2) ықтимал берушілердiң
осындай қызметтер рыногындағы жұмыс
тәжiрибесi;
3) ықтимал берушiнiң бiлiктiлiк
деректерi, беделi, сенiмділігі, кәсiби құзыреті.
1) ұсынған ықтимал берушi біліктiлiк
талаптарына сәйкес келмесе;
2) егер конкурстық
өтінім конкурстық құжаттамада көрсетiлген талаптар мен өлшемдерге жауап
бермесе;
3) егер конкурстық өтінім Комиссия
белгiлеген жеткiлiктi балл санын жинамаса, конкурстық өтiнiмдi бiрiншi кезеңде
қабылдамайды.
Конкурстың бiрiншi кезеңi аяқталысымен
Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер
енгiзедi.
Конкурстық құжаттамаға өзгерiстерде
Конкурсты ұйымдастырушы қызметтердің техникалық, сапалық немесе өзгe
сипаттамаларының конкурстық құжаттарда кез келген бастапқы белгіленген
аспектiлерiн, сондай-ақ конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және жеңiп
шыққан конкурстық өтінімдi анықтау үшін конкурстық құжаттамада кез келген
бастапқы белгiленген өлшемдерiн алып тастай немесе өзгерте алады, сондай-ақ жаңа
сипаттамалар мен өлшемдер қоса алады.