Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Түрiк Республикасының Бас штабы арасындағы
Өтеусiз әскери көмек туралы атқару хаттамасын бекіту
туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 21 маусымдағы N 600 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
Қазақстан
Республикасының
Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен
Түрiк Республикасының Бас штабы,
Осы Атқару хаттамасының мақсаты 2004 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз
әскери көмек туралы келiсiмнiң шеңберiнде Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлiгi үшiн iске асырылатын 2004 жылы материалдық-техникалық
қамтамасыз ету жобасын айқындау болып
табылады.
Осы Атқару хаттамасының күшi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен
Түрiк Республикасының Бас штабына қолданылады.
1. 2004 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Түрiк
Республикасының Yкiметі арасындағы Өтеусiз әскери көмек
туралы келiсiмге сәйкес Түрiк Республикасы Қазақстан Республикасына 1
050 000 000 000 (бiр триллион елу миллиард) Түрiк лирасы сомасына мүлiк
бередi.
1. Тараптар материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi жобаны жүзеге асыру
үшiн мүлiктiң атаулары мен санын бiрлесiп қарайды және
айқындайды.
1. Осы Атқару хаттамасы 2004 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасының
Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметi арасындағы Өтеусiз әскери көмек
туралы келiсiмге негiзделедi. Қазақстан
Республикасы
Түрiк Республикасының
генерал-майор
генерал-лейтенант
Премьер-Министрі
Түрiк Республикасының Бас штабы
арасындағы
Өтеусiз әскери көмек
туралы
атқару
хаттамасы
2004 жылғы 25
тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрiк Республикасының Үкiметі
арасындағы Өтеусiз әскери көмек туралы келiсiмдi негізге ала
отырып,
төмендегілер туралы
келiсті:
Мақсаты
Қолдану аясы
2004 жылғы материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жобасы
2. Осы қаражат пайдаланыла отырып,
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне төменде көрсетiлген жобаны iске
асыру үшiн материалдық көмек көрсетiлетiн
болады:
Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерiнiң арнайы мақсаттағы батальонын
жарақтандыру.
Негiзгi ережелер
2. Бөлiмшенiң жауынгерлiк
әзiрлігіне тiкелей қатысы бар көлiк құралдары, байланыс жабдықтары сияқты
негiзгі мүлiктi Түрiк Республикасынан Түрiк Республикасының Бас штабы жеткiзетiн
болады.
3. Мәжбүрлi жағдайлардан басқа, бұл
сомаға тұтыну тауарлары сатып алынбайды және құрылыс-жөндеу жұмыстары жүзеге
асырылмайды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі осы тармақтың
орындалуына жауапты болып табылады.
4.
Жеткiзiлетiн мүлiктi айқындағаннан кейiн Түрiк Республикасының Бас штабы бұл
туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiн хабардар етедi және
Қазақстан Тарабы өзiнiң жеткiзу жоспарын
жасайды.
5. Көмек ретiнде берiлетiн жабдық тек
көрсетiлген жобалар үшiн мақсатында пайдаланылатын болады және басқа мақсаттар
үшiн пайдаланылмайды. Көмек ретiнде берiлген қару-жарақ пен жабдықты басқа
мемлекетке, заңды тұлғаға немесе ұйымға кез келген түрде беру, сондай-ақ
жабдықты пайдаланудан шығару Түрiк Республикасы Бас штабының мақұлдауына
байланысты болады.
6. Мүлiктi Қазақстан
Республикасына дейiн жеткiзуге түрiк тарабы жауапты болады. Қазақстан
Республикасының аумағында мүлiктi кедендiк ресiмдеу жөнiндегі барлық рәсiмдердi
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi жүзеге асыратын болады. Түрiк тарабы
аталған рәсiмдерге жауапты болмайды.
Мәтiн және қолдар
2. Осы
Атқару хаттамасы әрқайсысы қазақ, Түрiк, орыс және ағылшын тiлдерiнде екi
түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Атқару
хаттамасының ережелерiн түсiндiруде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда,
Тараптар ағылшын тiлiндегі мәтiнге жүгiнетiн
болады.
3. 2004 жылы 22 желтоқсанда Астана
қаласында жасалды және Тараптардың ол күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшілік
рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап
күшiне енедi.
Қорғаныс
министрлiгi үшiн Бас штабы
үшiн
Қажғалей
Мұқатов
Юрдаэр Олджан
ҚР ҚК Тыл
бастығы
ТР БШ Тыл
департаментiнiң
бастығы