"Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану жөнінде концессиялық келісім жасасу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 шілдедегі N 668 Қаулысы

 




      "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 қаңтардағы N 21 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан осы қаулының 1-тармағында көрсетілген Концессиялық келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін және тиісті инфрақұрылым объектілерін салу үшін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігіне жер учаскесін беруді қамтамасыз етсін.
      4. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба    

 "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол
желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық
келісім

Астана қаласы                             2005 жылғы "___"_______

      Бұдан әрі "Құзыретті орган" деп аталатын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану жөніндегі концессиялық келісімді жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы "___"_______ N____ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі Қажымұрат Ыбырайұлы Нағмановтың тұлғасында бірінші жақтан және бұдан әрі "Концессионер" деп аталатын "Досжан темір жолы" акционерлік қоғамы, Жарғы негізінде әрекет ететін Басқарма төрағасы ________________________ тұлғасында екінші жақтан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, осы "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және пайдалану туралы концессиялық келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты.
      Тараптар осы келісім арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салу және пайдалануға мүдделіліктерін білдіреді.
      Тараптар "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісін салуды жеке капиталдың мемлекетпен өзара ынтымақтастығы принциптері негізінде жүзеге асырады.
      Тараптар жаңа темір жол желісін салуды жүргізу және пайдалану кезінде, сондай-ақ "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісіне мемлекеттік меншік құқығын ресімдеу кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін Келісім реттейтіндігіне келіседі.

 1. Ұғымдар және терминдер

      Осы Келісімде пайдаланылатын терминдер:
      Объект - темір жол желісінен, сондай-ақ электр энергиясымен қамтамасыз ету, сигнал беру, байланыс жүйелерінен, құрылғыдан, жабдықтан, ғимараттардан, құрылыстар және өзге де технологиялық қажетті мүліктен тұратын "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісі;
      Келісілген аумақ - осы Келісімнің қолданылу мерзімінде Объектіні салу және пайдалану үшін Концессионерге Құзыретті орган төлемсіз қолдануға ұсынатын, қажетті көлемдер және орындағы жер учаскесі;
      Техникалық маманданым - Келісімге ____ қосымшаға сәйкес темір жол желісінің техникалық сипаттамасы;
      Жоба - осы Келісімнің қолданылу кезеңінде Объектіні салуға, пайдалануға бағытталған іс-шаралар кешені;
      Құрылысқа арналған мердігерлік шарты - жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс жоспарына және Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған Концессионер мен үшінші тұлға (үшінші тұлғалар) арасындағы шарт;
      Жоба бойынша шарттар және келісім-шарттар - Жобаны іске асыруға қажетті барлық шарттар мен келісім-шарттар;
      Жобаны іске асыру кезеңі - осы Келісімге қол қойылған сәттен бастап Объектіні пайдалануды аяқтау және оны мемлекеттік меншікке беруге дейінгі кезең;
      Қаржылық-экономикалық модель - Объектіні пайдаланудан, сондай-ақ инвестициялардан түсетін кірістердің, күтіп ұстау, жөндеу мен басқаруға арналған шығыстардың, салықтарды, алымдардың және басқа да шығыстардың қалыптасуын анықтайтын базалық қаржылық-экономикалық параметрлерге негізделген Концессионердің Объектіні салу мен пайдалануының қаржылық нәтижелерінің кешенді болжамы. Қаржылық-экономикалық модельдерді іске асыру деп Жобаны іске асырудан келген нақты нәтижелерінің макроэкономикалық шарттарға енгізілуі мүмкін өзгерістерді ескере отырып, жобаның берілген экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес келуіне қол жеткізу түсініледі;
      Жобаны қаржыландыру - Жобаны іске асыру үшін ақша тарту жөніндегі Концессионердің қызметі.

 2. Келісімнің мәні

      1. Келісімнің мәні Объектіні салуға, оны пайдалануға және мемлекеттік меншік құқығын ресімдеуге Концессионерге құқық беру кезінде тараптардың қарым-қатынастарын реттеу болып табылады.
      2. Объектіні салуды бірден бір мақсаты Объектіні салу, оны концессиялық келісім негізінде пайдалану және одан кейін мемлекеттік меншікке беру болып табылатын Концессионер жүзеге асырады.
      3. Пайдалану мерзімінің ұзақтығы, Концессионер Объектіні пайдалануды іске асыратын экономикалық және құқықтық орта Концессионердің Жобаны қаржыландыру нәтижесінде болған барлық қарыздық міндеттемелерін орындауға, сонымен қатар Концессионердің акциялар капиталына кірісті қамтамасыз етуіне ықпал етеді.
      4. Осы Келісімді іске асыру кезеңі - 2005 жылдың ____ бастап 2028 жылдың ____ қоса алғандағы кезең, соның ішінде осы Келісімнің жекелеген кезеңдерін жүзеге асыру мерзімдері:
      құрылыс кезеңі - 2005 жылдан ____ бастап 2008 жылдың ____ қоса алғандағы кезең;
      пайдалану кезеңі - 2008 жылдың ____ бастап 2028 жылдың ____ қоса алғандағы кезең.
      5. Объектінің пайдалану мерзімі біткеннен кейін Концессионер Объектіні мемлекет меншігіне, оның уәкілеттендірген органдар тұлғасына, 2028 жылдан кешіктірмей береді.

 3. Келісімнің мақсаты

      Осы Келісімнің мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Объектіні салу, пайдалану және мемлекеттік меншікке беру жөніндегі Құзыретті орган мен Концессионер арасындағы шарттық қарым-қатынастарды анықтау және заңды ресімдеу, сондай-ақ осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Жобаның қаржы-экономикалық моделін іске асыру болып табылады.

 4. Келісілген аумақ

      1. Құзыретті орган Жобаны іске асыру үшін Объектінің құрылысы үшін қажетті көлемдегі жер учаскесін мемлекеттік нақты кепілдік ретінде уақытылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
      2. Концессионер Осы Келісімнің шарттарына сәйкес Шарттық аумақтың шегінде Объектінің құрылысын орындайды.
      3. Концессионер оған Шарт аумағының шегінде берілген жер көлемін Объектіні салу және пайдалану мақсатында ғана қолданады.
      4. Концессионер Шарттық аумақта жобалау-сметалық құжаттамаларда көзделген және Объектіні салу және одан әрі пайдалануды жүзеге асыру үшін қажетті өндірістік және ңлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салады.
      5. Егер құрылысты жүргізу барысында құрылыстың географиялық шекаралары Жер бөлуде және осы Келісуге қосымшада көрсетілген шеңберден шығып кеткендігі анықталса, Шарттық аумақты кеңейту туралы мәселе жер пайдалану актілеріне өзгеріс енгізу және Келісім шарттарына өзгеріс пен толықтыру енгізу жолымен шешіледі.

 5. Тараптардың жалпы құқықтары мен міндеттері

      1. Құзыретті органның құқықтары мыналар:
      1) Келісімнің шарттары бойынша Концессионермен болған келіссөздерде Қазақстан Республикасы Үкіметін білдіру;
      2) Қазақстан Республикасы Үкіметіне Концессионердің осы Келісім шарттарын орындағаны немесе орындамағаны туралы ақпарат беру;
      3) Концессионерден Келісім шарттарының орындалу барысы туралы ақпарат пен есеп сұрату және алу;
      4) Келісімнің шарттарын орындау бойынша Концессионердің қызметін бақылау;
      5) Концессионердің Келісімді іске асыру барысына мониторинг өткізу.
      2. Құзыретті органның міндеттері мыналар:
      1) Келісімнің орындалу мерзімінде үшінші тұлғаларға осы Келісімнің 2.1 тармағында көрсетілгенге ұқсас құқықтарды бермеу;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте және негіздерде Келісім шарттарының орындалуын қамтамасыз ету;
      3) өз құзыреті шегінде Келісімге сәйкес Келісілген аумақты Концессионерге беруді қамтамасыз ету;
      4) Объекті пайдалану мерзімі аяқтағаннан кейін өз құзыреті шегінде белгіленген тәртіппен Объектіге мемлекеттік меншік құқығын ресімдеуге қатысу;
      5) өз құзыретті шегінде инвестициялық салық преференцияларын осы Келісімнің шеңберінде Концессионерге беруге қатысу.
      3. Концессионердің құқықтары мыналар:
      1) Келісімде көзделген шарттарға сәйкес оған берілген Келісілген аумақ шегінде Объектті салу жөніндегі кез келген заңды іс-әрекетті өзі жасау;
      2) Келісілген аумақта Объектіні пайдалануға қатысты өндірістік және ңлеуметтік сала объектілерін салу;
      3) Объектіні салу және пайдалану жөніндегі мердігерлік жұмыстарды орындау үшін мердігерлерді тарту;
      4) бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамаға сәйкес Жобаны қаржыландыруға институциялық инвесторларды бірінші кезекте жинақтаушы зейнетақы қорларын тарту мақсатында инфрақұрылымдық облигациялар шығару;
      5) Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде, егер бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін болса, Объектінің құрылысын қаржыландыру үшін заемды кез келген валютада еркін-алу;
      6) Келісім бойынша түсулер мен кірістер болып табылатын ақша қаражатын алу үшін осы Келісімнің шарттарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының банктерінде және одан тыс жерлерде ұлттық және шетел валютасында шоттары болу.
      4. Концессионердің міндеттері мыналар:
      1) нормативтік құқықтық актілерге, жобалық-сметалық құжаттамаларға сәйкес Объектіні салу және пайдалану жөніндегі жұмыстарды Келісімде белгіленген мерзімде, өз тәуекелі есебінен және тартылған мердігерлік ұйымдардың күшімен орындау;
      2) Объектіні салуды Келісілген аумақта ғана жүргізу;
      3) Жобаны орындауға осы Келісімнің шарттарына сәйкес оған қол қойылғаннан кейін _______ мерзімнен кешіктірмей кірісу;
      4) Объектіні салуды жүзеге асыру кезінде неғұрлым тиімді, сапалы ңдістерді және технологияны таңдау және пайдалану;
      5) Жобаны қаржыландыру мақсатында, инфрақұрылымдық облигацияларды қосқанда, қаржы құралдарын, шығаруды және орналастыруды іске асыру;
      6) Келісілген аумақты Жобаны іске асыру мақсатында ғана пайдалану;
      7) Объектіні салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына, жоба-сметалық құжаттамаларға және осы Келісімге қатаң сәйкестікте жүргізу;
      8) егер бұл қауіпсіздіктің ерекше талаптарына байланысты болмаса және мұндай қызмет Объектіні салу және пайдалану бойынша жұмыстар жүргізуге кері ңсерін тигізбесе, басқа тұлғалардың Келісілген аумақ шегінде еркін жүруіне, жалпы пайдаланымдағы объектілер мен коммуникацияларды пайдалануға немесе жұмыстың кез келген түрін жүргізуге кедергі жасамау;
      9) Объектіні салу және пайдалану жөніндегі жұмыстар сапасын техникалық қадағалауды және технологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жолымен қамтамасыз ету;
      10) темір жол желісін салуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасында өндірілген жабдықтар мен материалдарды басым тәртіпте пайдалану;
      11) Объектіні салу кезінде отандық мердігерлік ұйымдарды басым тәртіппен тарту;
      12) Қазақстан Республикасында қызметтердің қажетті түрі болмаған жағдайда, шетелдік ұйымдардың қызметтерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте пайдалану;
      13) Объектіні салу жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық кадрларға артықшылық беру;
      14) бюджетке салықтарды және басқада міндетті төлемдерді уақтылы төлеу, Құзыретті органға және бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті орталық органға ңр тоқсан сайын қаржылық есеп берудің типтік түрлерін (бухгалтерлік теңгерім, қаржылық-шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп) және Концессионердің қаржылық жағдайын анықтайтын басқа қажетті құжаттарды беру;
      15) Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарына олардың қызметтік функцияларын орындау кезінде қажетті құжаттарды, ақпаратты және жұмыс орындарына кіру мүмкіндігін беру және олар анықтаған бұзушылықтарды уақтылы жою;
      16) өз қызметінің барысында Келісілген аумақта орналасқан мәдени-тарихи мәні бар объектілерді сақтау, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз ету;
      17) Келісім бойынша Концессионер қызметінен жай-күйі бұзылған жер учаскелерін және басқа да табиғи объектілерді Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкес одан әрі пайдалану үшін жарамды жай-күйге дейін қалпына келтіру;
      18) Объектінің құрылысын аяқтағаннан кейін Объектіні белгіленген тәртіппен пайдалануға енгізу, Объектіге меншіктік құқықты ресімдеу;
      19) Объектіні пайдалануды оның мақсаттық пайдалануына сәйкес іске асыру;
      20) Қазақстан Республикасының темір жолдарын техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес техникалық құралдарды дұрыс күйде ұстауды қамтамасыз ету;
      21) Құзыретті органның өкілдерінің және Қазақстан Республикасының темір жолдарында тасымалдау процесінің қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың темір жол көлігі объектілерін тексеру үшін кедергісіз өтуді қамтамасыз ету және Объектінің күйі бойынша анықталған ескертулерді жою жөнінде шаралар қолдану;
      22) ревизорлық аппараттың санын, оның құрылымын және поезд қозғалысына қатысты жұмыскерлердің штатын Құзіретті органмен келісуді қамтамасыз ету;
      23) тасымалдау процесін темір жол көлігінде қолданылып отырған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асыру;
      24) Жобаны құрылыс бөлімінде қаржыландыруды бекітілген Жоба жөніндегі жобалау-сметалау құжаттамасының шегіндегі қаржымен іске асыру;
      25) облигациялық заемдар бойынша міндеттемелерді уақытылы орындауды қамтамасыз етуге арналған қаржыны арнаулы шоттарда жинақтау;
      26) инфраструктуралық облигацияларды шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды, сонымен қатар инфраструктуралық облигацияларды орналастыру және қарызды жабу нәтижелері мен Қазақстан Республикасындағы және одан сырт банкілерде бар шоттар туралы есепті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға келісуге ұсыну;
      27) пайдалану мерзімінен соң Объектіні мемлекеттік меншікке беру;
      28) мемлекетке Концессионердің несие берушілер алдындағы инфрақұрылымдық облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыру.

 6. Жобаны қаржыландыру

      1. Жобаны қаржыландыру шаралары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады.
      2. Жобаны қаржыландыру акцияларды, облигацияларды және басқа да заемдарды шығару есебінен, сондай-ақ пайдалану кезеңіндегі Концессионердің кірістері есебінен жүргізіледі.
      3. Жобалау құжаттамаларын дайындау кезеңінде Жобаны қаржыландыру акцияларды шығару және орналастыру есебінен жүзеге асырылады. Құрылыс кезеңінде Жобаны қаржыландыру акцияларды және облигациялық заемдарды шығару және орналастыру есебінен жүзеге асырылады.
      4. Концессионер пайдалану кезеңінде кассалық ажырату (кірістер мен шығыстар арасындағы қысқа мерзімді сәйкессіздіктер) туындаған жағдайда ақша қаражаттарын толықтыру үшін несиелерді тартуға құқылы. Заемдарды (облигациялық заемдардан басқа) тарту Концессионердің міндеттемелерін Концессионер активтерінің 10 % бағасынан артық сомаға және 1 жылдан артық мерзімге көбейтуге әкелген жағдайда Концессионер мұндай заемның шарттарын бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. Келісу мерзімі - 3 жұмыс күні. Концессионердің хабарламасына 3 жұмыс күні ішінде бюджетті орындау жөніндегі уәкілетті органнан жауап болмаған жағдайда келісім орындалды деп есептеледі.
      5. Облигациялық заем инфрақұрылымдық облигацияларды шығару және орналастыруды көздейді. Облигацияларды орналастыру құрылысты жүзеге асыру үшін қаражатқа қажеттілікке қарай жүргізіледі.
      6. Облигациялық заемның шарттары облигацияларды шығару анықтамалығында көзделеді, Концессионермен белгіленеді. Концессионер бағалы қағаздардың екінші рыногында облигацияларды сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
      7. Үкімет, Құзыретті органның тұлғасында Концессионермен бірге осы Келісімнің шеңберінде шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар жөніндегі кепілдемеге сәйкес міндеттемелерінің орындалуы үшін, мемлекетке берілетін Объектінің қаржылық-экономикалық моделіне сәйкес анықталатын құнына сәйкес сомада, субсидиарлық жауапкершілік алады.
      8. Концессионердің осы Келісімнің шеңберінде шығарылатын инфрақұрылымдық облигациялар жөніндегі міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті органнан кепілдеме беріледі.
      9. Кепілдеме, ішінде:
      1) кепілдеме оған сәйкес беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының деректемелері;
      2) Концессионердің аты мен мекен-жайы;
      3) кепілдеме шартқа тараптары және негізгі міндеттемелердің (облигациялық заемдардың) мазмұны;
      4) кепілдеме келісім-шартына қол қойған жауапты тұлға көрсетілген бюджетті орындау жөніндегі орталық органның және облигацияны ұстаушының өкілі арасында жасалған жазбаша нысандағы шарт арқылы беріледі.

 7. Қаржылық-экономикалық модель

      Осы Келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып табылатын, бастапқы базалық қаржылық-экономикалық параметрлерге негізделген және Тараптармен келісілген Жобаның қаржылық-экономикалық моделі осы Келісімнің қосымшасында берілген.

 8. Құрылыс кезеңі

      1. Келісімге сәйкес Объектінің құрылыс кезеңі қатарынан Үш жылдан тұрады.
      2. Концессионер құрылыстың басталатын нақты күнін Құзыретті органмен келіседі.

 9. Пайдалану кезеңі

      1. Келісімге қол қою арқылы Құзыретті орган және Концессионер, өзгесінен басқа, осы Келісімнің 16.1 және 16.2-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде Объектінің талап етілмейтіндігін куңландырады.
      2. Объекті үшін тариф қаржылық-экономикалық моделді іске асыруды қамтамасыз ететін деңгейде белгіленеді.
      3. Жүк айналымының өсуі және тиісінше кірістердің өсуі жағдайында Тараптар кірістердің бір бөлігін (келісілген жоспар бойынша) инфрақұрылымды, кеңейту және жақсартуға жолдардың электрлендіруге және өзге де көлік жағдайларын өзгеде мүмкін болатын жетілдіруге бағыттау бойынша қосымша келісім жасасуы мүмкін.
      4. Келісімге қосымша Келісім бойынша инвестицияларға бағытталмайтын кірістер облигацияларды сатып алу, Объектіні мемлекетке мерзімінен бұрын қайтарылуының өзге де экономикалық жағдайларын қамтамасыз ету, резервтерді және Концессионердің соңғы кірістерді қалыптастыру үшін пайдаланылуы мүмкін.
      5. Осы Келісімде көзделген мерзімдер басталған кезде, аталған Келісімге сәйкес туындаған Концессионердің барлық қаржылық міндеттемелерді орындаған жағдайда, Концессионер Объектіні мемлекеттік меншікті жайғастыру жөніндегі уәкілетті орган анықтаған мемлекеттік ұйымға береді.

 10. Жобаны іске асыруды қамтамасыз
ету жөніндегі шаралар

      1. Тараптар Келісім шарттарына сәйкес қаржылық-экономикалық моделді іске асыру мақсатымен Объектіні тиеуді қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
      2. Құзыретті орган Келісімді атқару кезінде туындайтын Концессионердің қарсылық міндеттемелерінің орындалуын және өтелуін қамтамасыз ететін тарифті белгілеу бойынша қосалқы әрекет етеді.
      3. Егер мемлекеттік органдардың қызметі тарифтің негізсіз төмендеуіне әкелсе, жүктердің қозғалысына кедергі жасаса, Келісімде көрсетілген темір жол желісін пайдалануда кірістің төмендеуіне соқтыратын бңсекелес көлік жолдары бойынша кемсітушілік тарифтер орнатса, басқалай түрде Жобаның қаржылық-экономикалық моделінің базалық көрсеткіштерін нашарлатса және Концессионердің Келісім бойынша міндеттемелерін орындауын мүмкін етпеуге әкелсе, Қазақстан Республикасының Үкіметі тиесілі Уәкілетті органның тұлғасында Концессионердің қанағаттандырылмаған міндеттерін өзіне алады.

 11. Сақтандыру

      1. Тараптар Концессионер заңнамамен белгіленген тәртіппен сақтандыруға міндетті сақтандыруға жататын тәуекелдерді анықтайды.
      2. Сақтандыру:
      құрылыс жүргізілетін орынға жеткізілетін жүктерді тасымалдау және қоймаға қоюға;
      жалға алынған және лизинг бойынша қолданылатын мүліктерді қоса алғанда, құрылысты жүргізу процесінде қолданылатын Концессионердің мүлкіне;
      қоршаған табиғи ортаны, соның ішінде жерді ластаумен және қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиян салдарын жоюға арналған шығыстарға;
      үшінші тұлғалардың алдындағы жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікке байланысты мүлік тәуекелділігі және жауапкершілік тәуекелділігі үшін көзделеді.
      3. Концессионер өз қалауы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру компанияларын таңдайды.

 12. Форс-мажор

      1. Осы Келісім бойынша Тараптар қандай да бір міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісті орындамағаны үшін, егер мұндай орындамау немесе тиісті орындамау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дүлей күш жағдайына (форс-мажор) байланысты болмаса, жауапты болмайды.
      2. ДҮлей күш жағдайына берілген шарттардағы тосын және күтпеген жағдайлар, мысалы: осы Келісім бойынша Тараптардың міндеттемелерінің орындалуына тікелей ңсер ететін ңскери қақтығыстар, табиғи апаттар жатады. Келтірілген тізім нақты болып табылмайды. Мұндай жағдайларға жекелеп алғанда жұмыстарды орындау үшін қажетті материалдардың немесе қызметтердің рынокта болмауы немесе тапшылығы жатпайды.
      3. Д
үлей күш жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап бұл туралы кездейсоқтық жағдайдың басталған күнін және сипатын нақтылайтын жазбаша хабарламаны табыс ету не почта бойынша жөнелу жолымен екінші Тарапты дереу хабардар етеді.
      4. Кездейсоқтық жағдайлар туындаған кезде Тараптар дереу қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіру үшін кеңес өткізеді және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
      5. Кездейсоқтық жағдайлардан туындаған Келісім бойынша жұмыстарды толығымен немесе ішінара тоқтатқан кезде бұл жұмыстарды жүргізу кезеңі кездейсоқтықтың әрекет ету мерзіміне созылады және кездейсоқтық тоқтаған сәттен бастап қайта жаңартылады.

 13. Құпиялылық

      1. Келісімді орындау барысында қандай да бір Тарап алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептер жасау үшін пайдалана алады.
      2. Тараптардың мынадай жағдайларды қоспағанда екінші Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаға құпия ақпаратты беруге құқығы жоқ:
      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарына ақпарат берілсе;
      ақпарат Концессионерге қызмет ететін үшінші тұлғаға осы үшінші тұлға мұндай ақпаратты құпия ретінде қарасуға және оны Тараптар белгілеген мақсатта ғана және Тараптар анықтаған мерзімде пайдалануға өзіне міндеттеме алған жағдайда берілсе;
      ақпарат Концессионер Жобаға қаржы қаражатын тарту туралы келіссөздер жүргізетін институциялық инвесторға осы инвестор мұндай ақпаратты құпия ретінде қарасуға және оны тек көрсетілген мақсаттарға пайдалануға өзіне міндеттеме алған жағдайда ғана берілсе;
      осы Келісімге қосымшадағы Жобаның қаржылық-экономикалық моделі туралы ақпарат.
      3. Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Келісілген аумақта құрылыс жүргізуге және Объектіні пайдалану процесіне қатысты барлық құжаттар, ақпараттар және есептер бойынша құпиялылықты сақтау мерзімін белгілейді.

 14. Дауларды шешу тәртібі

      1. Келісім және Келісім негізінде қол қойылған басқа да келісімдер үшін Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
      2. Тараптар осы Келісімнен туындайтын барлық даулар мен түсініспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу үшін барлық шараларды қолданады.
      3. Егер даулы мәселе келіссөздер жолымен шешілуі мүмкін болмаса, онда Тараптар даулы мәселені Қазақстан Республикасының сот органдарына оны шешу үшін тапсырады.

 15. Келісім ережелерінің тұрақтылық кепілдері

      1. Осы Келісімнің шарттары Келісім қолданылуының барлық мерзімі ішінде күшін сақтайды. Шарттардың өзгеруіне Тараптардың өзара келісуімен ғана жол беріледі.
      2. Концессионердің жағдайын нашарлатуға әкеп соқтыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына, салықтықтан басқа, өзгерістер мен толықтырулар мұндай өзгерістер мен толықтыруларға дейін жасасқан келісімге қолданылмайды.

 16. Келісімнің әрекетін тоқтату шарттары

      1. Тараптардың бірі осы Келісімнің шарттарын едңуір бұзған жағдайда Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес Келісімді бір жақты бұзуға құқылы.
      2. Келісім Құзіретті органның талабы бойынша өз іс-әрекетін мынадай:
      егер Концессионер Объектінің құрылысына Келісімде белгіленген мерзімде кіріспеген;
      адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге байланысты құрылысты уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын себептерді жою мүмкін болмаған;
      Концессионерге пайдалануға берілген уағдаласқан аумақты және Объектіні мақсатқа сай емес пайдаланған;
      Келісіммен не жұмыс бағдарламасымен белгіленген міндеттемелерді Концессионердің елеулі бұзған;
      Концессионерді Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес банкрот деп мойындаған жағдайларда ғана мерзімінен бұрын тоқтатады.
      3. 16.2-тармақтың шарттары туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және қызығушы тараптардың ұсыныстарын ескере отырып Объектіні одан әрі салу мен пайдалану және мемлекеттік меншікке беру шарттары туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.

 17. Қосымша ережелер

      1. Тараптар тәуелсіз аудитті, сараптаманы, бұқаралық ақпарат құралдарын, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және өзге де шараларды пайдалану жолымен Келісімді орындаудың транспаренттігін қамтамасыз етеді.
      2. Тараптар Келісім қолданылған мерзім ішінде экологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптар мен стандарттарды қамтамасыз ету бойынша күш салады.
      3. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдастыру-құқықтық нысанының өзгеруі осы Келісімнің қолданысын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге тілек білдірген немесе құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттемелер тиісті құқықтық мирасқорға өтеді. Бұл ретте Талаптар қайта тіркеу фактісінен кейін заңды мәртебесінің өзгергені туралы бір-бірін хабардар етуге міндетті.
      4. Келісім олардың ңрқайсысының бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалған, олардың бірі Құзыретті органда қалады, екіншісі Концессионерге беріледі.
      5. Келісімге өзгерістер мен толықтырулардың, егер оларды бұған уәкілеттік берілген тұлғалар жасаған болса, заң күші болады.
      6. Осы Келісім оны тиісті тіркеу органында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді.

 18. Тараптардың заңды мекен-жайы
және банктік деректемелері

      Құзыретті орган:                    Концессионер:
      Астана қаласы,                      Алматы қаласы,
      Қабанбай батыр даңғылы, 47          Зенков көшесі, 80
      Қазақстан Республикасы              "Досжан темір жолы"
      Көлік және коммуникация             акционерлік қоғамы
      министрлігі
      БИК______________________           БИК________________
      ИИК______________________           ИИК________________
      СТН______________________           СТН________________

      Қазақстан Республикасының           Басқарма төрағасы
      Көлік және коммуникациялар
      министрі

"Шар станциясы - Өскемен"   
жаңа темір жол желісін салу  
және пайдалану жөніндегі   
концессиялық келісімге    
қосымша            

Қаржы-экономикалық модель

      1. Қаржы-экономикалық модельдің сипаттамасы:
      1) қаржы-экономикалық модель - Объектіні пайдаланудан қалыптасатын кірістердің, сондай-ақ инвестициялық шығындардың, ұстауға, жөндеуге және басқаруға шығыстардың, салықтардың, алымдар мен басқа да шығыстардың қалыптасуын анықтайтын базалық қаржы-экономикалық параметрлерге негізделген, Объектіні Концессионердің салу мен пайдаланудың қаржы-экономикалық нәтижелерінің кешенді болжамы;
      2) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценариі - осы Келісімде қабылданған базалық қаржы-экономикалық параметрлерге негізделген қаржы-экономикалық модель;
      3) қаржы-экономикалық модельді іске асыру деп макроэкономикалық және басқа да жағдайлардың ықтимал өзгерістерін есепке ала отырып, Жобаны іске асырудың нақты нәтижелерінің Жобаның берілген экономикалық көрсеткіштеріне сәйкес келуіне қол жеткізуді айтады;
      4) тараптар қаржылық-экономикалық модельді іске асыру үшін барлық күш-жігерін салады;
      5) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрлері мыналар болып табылады:
      бастапқы инвестициялық шығындар;
      инфрақұрылымдық облигацияларды шығару және орналастыру арқылы (бұдан әрі - инфрақұрылымдық облигациялық қарыздар) облигациялық қарыздарды тарту шарттары;
      акционерлік капиталдың мөлшері;
      жолдарды басқаруға және ұстауға арналған шығыстар;
      күрделі шығыстар;
      тариф, тарифті индексациялау;
      жүк ағыны, жүк ағынының өсуі;
      жолаушылар ағыны, жолаушылар ағынының өсуі;
      салық режимі;
      макроэкономикалық және саяси-ңлеуметтік орта.
      Егер бұл қаржы-экономикалық модельді іске асыруға ықпал ететін болса, Тараптар базалық параметрлерді өзгерте алады;
      6) Жобаның экономикалық көрсеткіштері:
      Келісімнің қолданылу кезеңінде Объектіні басқаруға және күтіп ұстауға арналған барлық шығыстарды жабу;
      инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алу немесе өтеу үшін және жоспардағы күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін резервтерді қалыптастыру;
      инфрақұрылымдық облигациялар бойынша және басқа да қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу жөніндегі төлемдерді жабу;
      өтеу немесе сатып алу кестесіне сәйкес Концессионердің инфрақұрылымдық облигацияларды толық өтеуі немесе Келісім мерзімі біткенге дейін сатып алуы, басқа міндеттемелерін өтеуі. Инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу немесе сатып алу кестесі Концессионердің органдарымен бекітіледі, кестенің көшірмесі Құзыретті органға ұсынылады;
      барлық шығыстар, салықтар және алымдар бойынша төлемдерден кейін Концессионерге оң ақша ағынын, сондай-ақ акционерлік капиталға қайтарымдылықтың барынша аз деңгейін қамтамасыз ету.
      2. Бастапқы инвестициялық шығындар:
      1) бастапқы инвестициялық шығындар - 1) қаржылық-экономикалық модельдің базалық параметрі; 2) мынадай шығыстар жиынтығы (инвестициялық шығыстардың баптары):
      жоба алдындағы шығыстар - жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) бойынша шығыстардан басқа, құрылыс басталғанға дейінгі Жобаны іске асырумен байланысты шығыстар, оның ішінде Концессионердің акционерлері Жобаны іске асыруға қажетті құжаттарды дайындауды ұйымдастыру жөніндегі шығындаған, активтер түрінде капиталдандырылған, және Концессионердің меншігіне тиісті тәртіппен берілген шығыстар;
      Концессионердің ЖСҚ-ны дайындауға арналған шығыстары - толық ЖСҚ ңзірлеу бойынша мердігерлік ұйымдардың қызметтеріне арналған шығыстар;
      мемлекеттік органдардың комиссиялары және алымдары - жергілікті және республикалық бюджетке комиссиялар, алымдар және басқа да төлемдер, Жобаны іске асыру мақсатында жобалауды, құрылысты, тіркеуді ұйымдастыру барысында Концессионерлер төлейтін басқа да алымдар мен төлемдер және Жобаны іске асыру мақсатындағы басқа да іс-шаралар;
      құрылыс шығыстары - құрылыс материалдарын, қажетті жабдықты сатып алу, мердігерлік ұйымдардың жасалған жұмыстары үшін қызметтерін төлеу жөніндегі шығыстар және ЖСҚ-да көзделген өзге де шығыстар;
      құрылыс кезіндегі әкімшілік және басқару шығыстары - Концессионердің басқару персоналының еңбекақысына арналған шығыстар, ілеспе салықтар, коммуналдық шығыстар, байланыс шығыстары, әкімшілік мақсатта ғимараттарды жалға алу немесе сатып алумен байланысты шығыстар, көлік және іссапар шығыстары және Концессионер қызметін басқару және әкімшілік етуді жүзеге асырумен байланысты өзге де шығыстар;
      қаржы шығындары - құрылыс кезінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша сыйақылар, сақтандыруға арналған шығыстар, инфрақұрылымдық облигациялар шығару және айналысқа енгізуді ұйымдастыру жөніндегі шығыстар және жобаны қаржыландыруды ұйымдастырумен байланысты өзге де шығыстар;
      2) бастапқы инвестициялық шығыстардың мөлшері мыналарға сәйкес анықталады: ЖСҚ, әкімшілік шығыстардың бюджеті, мемлекеттік органдар өтетіп алатын белгіленген алымдар, мердігерлік және қаржы ұйымдарының қызметтеріне бағалар, облигацияларды орналастыру барысында анықталған инфрақұрылымдық облигациялар (купондық ставкалар) бойынша сыйақылар мөлшері, Концессионердің акциялық капиталына кіргізілген ақшалай емес жарналар мөлшері;
      3) "бастапқы инвестициялық шығыстар" базалық параметрі инвестициялық шығындар баптары бойынша өзгерістерге сәйкес Жобаны жүзеге асыру барысында түзетілуі мүмкін;
      4) Объект құны құрылыс аяқталғаннан соң Объектіге меншік құқығын мемлекеттік тіркеу сәтіне Концессионер іс жүзінде төлеген бастапқы инвестициялық шығындардан құралады;
      5) инфрақұрылымдық облигациялық заем (заемдар) жөніндегі кепілдеменің сомасы 2.4. тармақта көзделген Объектінің құнына сәйкес келеді.
      3. Қаржыландыру (көздері, шарттары, түрлері және т.с.с.):
      1) бастапқы инвестициялық шығындар мыналардың есебінен жабылады:
      1) акционерлік капитал; 2) инфрақұрылымдық облигациялық қарыздар; және, қажет болған жағдайда, 3) басқа қарыздар мен кредиттер;
      2) акционерлік-капиталды Концессионердің құзыретті органдарының құрылтай құжаттарына және шешімдеріне сәйкес акционерлер қалыптастырылады. Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі акционерлік капиталдың мөлшері _________ құрайды;
      3) қарыз алу шарттары: қарыз мөлшері, қарыз мерзімі, сыйақы ставкасы;
      4) инфрақұрылымдық облигацияларды шығару мен орналастыруды облигацияларды шығару анықтамалығына сәйкес Концессионер жүзеге асырады. Инфрақұрылымдық облигациялық қарыздарды тарту шарттары Құзыретті органмен келісіледі. Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі облигациялық қарыздың мөлшері _________ құрайды. Басқа қарыздар мен кредиттер мөлшері - 0 теңге;
      5) инфрақұрылымдық облигациялық қарыздарды тарту шарттары - 1) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрі; 2) мыналар:
      инфрақұрылымдық облигациялық қарыз мөлшері (пайдаланудың бірінші жылының басына негізгі қарыз). Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі инфрақұрылымдық облигациялық қарыздың мөлшері _________ құрайды. Басқа қарыздар мен кредиттердің мөлшері - 0 теңге;
      инфрақұрылымдық облигациялық қарыз бойынша сыйақы ставкасы, Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі облигациялық қарыздар бойынша сыйақы ставкасы тең;
      инфрақұрылымдық облигациялардың айналыс мерзімі, қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі облигациялардың айналыс мерзімі _____ жылға тең;
      инфрақұрылымдық облигацияларды шығару анықтамалығында айтылған өзге де шарттар;
      6) акциялар мен инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру жолымен тартылған қаражаттарды игеру, ЖСҚ мен мердігерлік ұйымдармен шарттар негізінде құрылатын Қаражаттарды игеру жоспарына сәйкес жүргізіледі, Қаражаттарды игеру жоспары Концессионердің ұйымдарымен бекітіледі;
      7) Жобаны іске асыру ретіне қарай Құзыретті орган ескертуінен кейін Концессионер Қаражаттарды игеру жоспарына өзгерістер енгізуі мүмкін;
      8) Концессионер, Келісімде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қаражаттарды игеру жоспарына енгізілген өзгерістерге және қаржылық нарық конъюнктурасының өзгерістеріне сәйкес қаржы қаражаттарын тарту мөлшерін, мерзімін және тәртібін Құзыретті органның келісімімен өзгертуге құқылы.
      4. Бухгалтерлік және салықтық есепке алу:
      1) бухгалтерлік және салық есептері Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Концессионердің есеп саясаты негізінде бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі;
      2) Концессионер Объектіні басқаруға және күтіп ұстауға арналған шығыстарды Концессионердің есеп саясатының шеңберінде салық заңнамасына және бухгалтерлік есепке алу стандарттарына сәйкес ескереді;
      3) пайдалану кезіндегі күрделі шығыстар Концессионердің есеп саясаты шеңберінде бухгалтерлік есепке алу стандарттарына және салық заңнамаларына сәйкес Концессионермен ескеріледі;
      4) Объект Концессионер теңгерімінде болады, бухгалтерлік және салықтық есептер мақсатындағы амортизациялық аударымдар Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сәйкес Концессионердің есептік саясаты шеңберіндегі бухгалтерлік есеп стандарттарына есептеледі;
      5) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийінде пайдалану құқығын іске асырған сәттен бастап 10 жылға дейінгі мерзімде мүлікке, жерге салық және корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктерден тұратын салық режимі қолданылды.
      5. Кірістерді қалыптастыру:
      1) Концессионер кірістері - тасымалдауды жүзеге асыру үшін Объектіні Концессионердің ұсынғаны үшін тасымалдаушылардың төлемдері түріндегі Концессионердің Объектіні пайдалану құқығын іске асыруы нәтижесінде алынған кірістер,
      кірістер = тариф х жүк ағындары + тариф х жолаушылар ағындары;
      2) тариф - 1) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрі;
      2) Концессионерге тасымалдауды жүзеге асыру үшін Объектіні пайдалану төлемі;
      3) тасымалдаушылар тарифті тасымалдауға өтінім бергеннен кейін Концессионермен жасалатын Тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі келісімге сәйкес төлейді. Өтінім беру ережелерін Концессионер белгілейді;
      4) тариф құнын есептеуді Концессионер жүргізеді және қажет болған жағдайда уәкілетті органдармен келісімделеді.
      5) тариф құнын есептеу тариф мынадай шарттарды орындау үшін жеткілікті кірістердің қалыптасуын қамтамасыз ететіндей етіп жүргізіледі:
      тариф қолданылған кезеңде Объектіні басқаруға және күтіп ұстауға арналған барлық шығыстарды жабу;
      жоспарлы күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін резервтер қалыптастыру;
      инфрақұрылымдық облигациялық және басқа да қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақы төлемдерін жабу;
      инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу немесе сатып алу кестесіне сәйкес облигацияларды өтеу (немесе оларды сатып алу) және Концессионердің басқа міндеттемелерін өтеу;
      Концессионерге барлық шығыстар, салықтар және алымдар бойынша төлемдерден кейін оң ақша ағынын, сондай-ақ акционерлік капиталға қайтарымның барынша аз деңгейін қамтамасыз ету;
      6) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі тариф мөлшері мыналарды құрайды:
      жүк тасымалына арналған тариф: _________ (ҚҚС қоспағанда);
      жолаушы тасымалына арналған тариф: _________ (ҚҚС қоспағанда);
      7) тариф деңгейінің қаржы-экономикалық модельдің 5.5.1-5.5.5 тармақтарына сәйкестігін қамтамасыз ететіндей етіп тариф жыл сайынғы негізде индекстеледі. Қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийінде тарифті индекстеу мөлшері _________ құрайды;
      8) жүк ағыны, жолаушылар ағыны - 1) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрі; 2) 1 жылға тең мерзімде Концессионермен жасалған тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі келісімге сәйкес тасымалдаушылар орындаған жүк тасымалының және жолаушы тасымалының көлемі;
      9) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі жүк ағынының мөлшері жылына мың тоннаны құрайды;
      10) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі жолаушы ағынының мөлшері жылына мың вагон-километрді құрайды. Жолаушы ағынының өсуі болжанбайды;
      11) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийіндегі жүк ағынының өсуі Объектіні пайдаланудың алғашқы 10 жылында жылына бұдан әрі жылына 0%.
      6. Концессионер шығыстары:
      1) Концессионер шығыстары - бұл:
      Объектіні басқаруға және күтіп ұстауға арналған шығыстар - 1) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрі; 2) Объектіні тасымалдаушылардың пайдалануына беру, Объектіге қызмет көрсетумен және тасымалдаудың жүзеге асыру үшін Объектіні ұсыну жөніндегі Концессионердің қызметіне байланысты тысқары ұйымдарға төлемдер, әкімшілік және жалпы шығыстар, ағымдағы жөндеуге және Объектіні және қосалқы инфрақұрылымды күтіп ұстауға арналған шығыстар;
      инфрақұрылымдық облигациялық қарыздар және басқа да қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақы шығыстары;
      инфрақұрылымдық облигацияларды өтеу немесе сатып алу кестесіне сәйкес инфрақұрылымдық облигациялық қарыздарды өтеуге қызмет көрсету, сатып алу, басқа да қарыздар мен кредиттерді өтеуге қызмет көрсету;
      жоспарлы күрделі жөндеуге немесе жоспарлы күрделі жөндеуді жүзеге асыру үшін резерв қалыптастыруға арналған шығыстар;
      2) жыл сайынғы шығыстар бюджетін Концессионер болжамдар, жасалған келісімдер, қарыздар мен кредиттер бойынша сыйақыларды төлеу жөніндегі міндеттемелер, күрделі жөндеу үшін резерв қалыптастыру жоспары, сондай-ақ заемдар мен несиелер және инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алу бойынша негізгі қарызды өтеу жоспары негізінде қалыптастырады;
      3) қаржы-экономикалық модельдің базалық сценарийінде күрделі жөндеу үшін резервте Объектіні басқару және күтіп ұстауға арналған шығыстардың мөлшері 2009 жылдың 1 қаңтарына арналған баға бойынша _________ (ҚҚС
қоспағанда) құрайды;
      4) инфрақұрылымдық облигациялық заемдар мен басқа да несиелер бойынша сыйақы мөлшері - бұл ңрбір заемдар мен несиелер бойынша сыйақы төлемінің сомасы. Қаржылық-экономикалық модельдің базалық сценарийінде облигациялық заемдар бойынша сыйақының жиынтық мөлшері былайша есептеледі:
      облигациялық заем бойынша сыйақы мөлшері = облигациялық заем бойынша негізгі қарыз сомасы х облигациялық заем бойынша купон ставкасы.
      7. Облигациялық қарызды және басқа да кредиттік міндеттемелерді өтеуге қызмет көрсету:
      1) негізгі қарызды өтеуге қызмет көрсету - бұл негізгі қарыз бойынша төлемдерге осы төлемдерді ұйымдастыру бойынша шығыстарды қосқанда: қаржылық ұйымдардың қызметтеріне шығыстар, комиссиялар және алымдар мен басқа да шығыстар;
      2) облигациялық қарыздарды және басқа да қарыздар мен кредиттерді өтеуге қызмет көрсету негізгі қарызды өтеу кестесіне сәйкес Концессионердің барлық негізгі қарызы Келісім мерзімі аяқталғанға дейін толығымен өтелетіндей етіп жүргізіледі;
      3) облигациялық қарыздар бойынша негізгі қарызды өтеу облигацияларды шығару анықтамалығының шарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
      8. Акционерлік капитал:
      1) акционерлік капитал - Концессионердің акцияларын орналастыру жолымен қалыптасқан, орналастыру бағасы бойынша Концессионер акцияларының жиынтық құнына тең капитал;
      2) акционерлік капиталға қайтарымдылықтың барынша аз деңгейі - 1) қаржы-экономикалық модельдің негізгі көрсеткіші; 2) акционерлік капиталдың номиналды қайтарымдылық мерзімі кезінде - пайдалана бастаған сәттен 10 жыл - Келісімнің қолданылу мерзімінде 8% кем емес Концессионердің акционерлік капиталына кірістіліктің ішкі ставкасы;
      3) акционерлік капиталға қайтарымдылықтың барынша аз деңгейі Концессионердің еркін ақша ағынымен қамтамасыз етіледі;
      4) дивидендтер акционерлерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес таза пайда алған сәттен бастап төленеді.
      9. Макроэкономикалық орта:
      1) макроэкономикалық орта - 1) қаржы-экономикалық модельдің базалық параметрі; 2) Қазақстан Республикасының аумағында экономиканы дамытудың негізгі индикаторларының жиынтығы, мыналарды қоса алғанда:
      өнеркңсіп өнімінің көлемі;
      жүктерді көліктің барлық түрімен тасымалдау;
      сыртқы сауда айналымы;
      жан басына шаққанда орташа қаржылық кіріс;
      бюджеттің ағымдағы сальдосы;
      салық салу, жинақтаушы зейнетақы қорлары, көлік және табиғи монополияларды реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер;
      бңсекелес орта (Концессионерлерге көрсетілетін қызметтерге ұқсас қызмет көрсету тарифтері);
      2) макроэкономикалық ортаның өзгеруі болып қаржылық-әкімшілік индикаторлардың, макроэкономикалық көрсеткіштердің, нормативтік-құқықтық актілердің, бңсекелес ортаның және ңлеуметтік-саяси жағдайдың елеулі кешенді өзгерістері түсіндіріледі.
      10. Тараптардың міндеттемелері:
      1) осы келісімді құрылыс басталғанға және инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырғанға дейін а) Құзыретті органның бастамасымен бұзған жағдайда, Құзыретті орган Концессионерге Жобаны іске асыру мақсатында жұмсалған барлық шығыстардың өтелуін қамтамасыз етеді, ал Концессионер Жобаны іске асыру барысында жұмсалған шығыстардан құралған барлық активтерді Құзыретті органға тапсырады; б) Концессионердің бастамасымен бұзған жағдайда, Концессионер Жобаны іске асыру барысында жұмсалған шығыстардан құралған барлық активтерді Құзыретті органға тапсырады;
      2) осы Келісімді инфрақұрылымдық облигацияларды орналастырғаннан кейін, бірақ пайдалану басталғанға дейін а) Құзыретті органның бастамасымен бұзған жағдайда, Құзыретті орган Концессионерге Келісім бұзылған сәтте Концессионер жұмсаған бастапқы инвестициялық шығыстардың сомасына тең соманың өтелуін қамтамасыз етеді, ал Концессионер Жобаны іске асыру барысында жұмсалған шығыстардан құралған барлық активтерді Құзыретті органға тапсырады; б) Концессионердің бастамасымен бұзған жағдайда, Концессионер Жобаны іске асыру барысында жұмсалған шығыстардан құралған барлық активтерді Құзыретті органға тапсырады, Құзыретті орган кепілдеме сомасының шеңберінде Жобаны іске асыру мақсатында тартылған инфрақұрылымдық облигациялық қарыздар жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді;
      егер Концессионердің банкротқа ұшырауы оның құрылтайшысының іс-әрекеті салдарынан болса, онда Концессионердің қаржысының жеткіліксіздігі жағдайында, құрылтайшы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредит берушілер алдында субсидиялық жауапкершілікті алады;
      3) мына жағдайларда:
      темір жол желісінің балама учаскелерінде төмендетілген тариф бекіту нәтижесінде тарифтің бңсекеге қабілетсіздігі;
      объектіні басқару мен күтіп-ұстауға және негізгі қарызды өтеу бойынша және сыйақы бойынша шығыстарды ұлғайту нәтижесінде тарифтің бңсекеге қабілетсіздігі;
      Концессионер қызметтерін ұсыну және пайдалану үшін кедергілер туғызу нәтижесінде жүк ағынының және жолаушы ағынының төмен деңгейі;
      экономикалық дағдарысты немесе стагнацияны, ереуілдерді, жаппай ретсіздіктерді, ңскери іс-қимылдарды және басқаларды қосқанда, макроэкономикалық және ңлеуметтік-саяси ортаның өзгеруі, егер бұл мынадай жағдайлардың нәтижесінде қаржы-экономикалық модельді іске асыруға кедергі келтірсе:
      Концессионер Объектіні басқару және ұстау жөніндегі шығыстарды төлеуді жүзеге асыра алатын жай-күйде болмаса;
      Концессионердің міндеттемелер бойынша сыйақының кезекті төлемдерін жүзеге асыруға қаражаты жоқ;
      Концессионердің міндеттемелерді өтеу жоспарына сәйкес негізгі қарыз бойынша кезекті төлемдерді жүзеге асыруға қаражаты жоқ.
      Тараптар осы қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасындағы 5, 6 және 7 абзацтарында оқиғалардың орын алу дерегін мойындағаннан кейін 30 календарлық күн ішінде қаржы-экономикалық модельді іске асыруға кедергілерді жою үшін шаралар қабылдайды. Бұл кедергілерді жою және қалыптасқан берешектерді өтеу бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, Құзыретті орган Концессионердің инфрақұрылымдық облигациялық қарыздар бойынша барлық орындалмаған міндеттемелерін өтеуді қамтамасыз етеді, ал Концессионер Объектіге Келісім шеңберінде алынған барлық құқықтарын Құзыретті органға немесе басқа уәкілетті тұлғаға тапсырады;
      4) осы қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшасындағы 5, 6 және 7-абзацтарында жазылған оқиғаның орын алу дерегі Концессионердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері бойынша қаржы-экономикалық модельді іске асыру туралы тоқсандық есепте (бұдан әрі - Есеп) тіркеледі және Құзыретті органға жіберіледі;
      5) Есеп бухгалтерлік және қаржылық есептіліктен және түзету енгізілген қаржы-экономикалық моделі бар Жобаны іске асыру барысы туралы түсіндірме жазбалардан тұрады;
      6) Құзыретті орган Есепті 30 күнтізбелік күн ішінде қарайды және осы қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшада жазылған оқиғалардың орын алуын мойындау немесе мойындамау туралы шешім қабылдайды, және осы қосымшаның 10-тармағының 3) тармақшада жазылған міндеттемелерді өзіне алады;
      7) Концессионердің барлық шығыстары бойынша төлемдерден және акционерлік капиталға барынша аз қайтарымдылық деңгейін қамтамасыз еткеннен кейін еркін ақша қаражаттарының қалыптасуын туғызатын жоғары деңгейлі жүк ағыны және жолаушы ағыны болған жағдайда, Концессионер берілген қаражаттарды мынадай мақсаттарға бағыттайды:
      инфрақұрылымдық облигацияларды және басқа да міндеттемелерді жеделдетіп өтеу - еркін ақша қаражаттары мөлшерінен 70%-ға дейін;
      міндеттемелер бойынша сыйақы ставкасынан жоғары резервтегі капиталға кіріс алу мүмкіндігі болған жағдайда инфрақұрылымдық облигацияларды сатып алу және өзге де міндеттемелерді өтеу үшін резерв қалыптастыру - еркін ақша қаражаттары мөлшерінен 70%-ға дейін;
      жоспардан тыс күрделі жөндеу, Объектіні жақсарту және жаңғырту - еркін ақша қаражаттары мөлшерінен 20%-ға дейін;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Концессионердің қалауы бойынша өзге де мақсаттар - еркін ақша қаражаттары мөлшерінен 10%-ға дейін.